Accessibility links

ЕАЭО келісімі бекіген күні Азаттық мақалалары ашылмады


ЕАЭО мақұлданған күні Азаттық мақаласы ашылмады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:10 0:00
Жүктеп алу

ЕАЭО мақұлданған күні Азаттықтың мақалалары ашылмады. Алматы, 29 мамыр 2014 жыл.

Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь басшылары экономикалық одақ келісімін бекіткен сәттен бастап Азаттық вебсайтының кей мақалаларын Қазақстан аумағынан оқу мүмкін болмады.

Мамырдың 29-ы күні Азаттықтың Еуразия экономикалық одағына қатысты бірнеше мақаласы Қазақстанның бірқатар аймағында ашылмай тұрды. Оқырман шағымданғасын Азаттықтың Алматы бюросындағы қызметкерлері де мұндай бұғаттауға ұқсас шектеудің бар екеніне куә болды. Бұл мақалалардың бірінде одақ туралы келісімге қол қоятын күні Алматы мен Астанада бұған қарсы ондаған белсендіні полиция ұстағаны, оларды ішкі істер басқармасына апарғаны, кейбіріне айып тағылғаны туралы жазылған еді.

Қазақстанда ЕАЭО келісіміне қол қояр қарсаңда Алматы мен Астанада қауіпсіздік шаралары күшейтілген болатын.

Полиция 27 мамыр күні Астананың шетіндегі Ильинка кентінде Еуразия одағының құрылуына қарсы белсенділер өткізген жиынға қатысқан бірнеше адамды, соның ішінде осы шарадан хабар дайындауға барған Азаттық тілшісі Өркен Жоямергенді ұстаған еді. Олардың ісін түні бойы қараған әкімшілік сот Өркен Жоямергенмен бірге "16/12" интернет порталының тағы екі журналисі мен бірнеше белсенді "ұсақ бұзақылық жасады" деген айыппен үш тәуліктен төрт тәулікке дейінгі мерзімдерге әкімшілік қамауға алуға шешім шығарған.

Азат Еуропа/Азаттық Радиосы компаниясы тілшісінің ұсталғанын Еуразия экономикалық одағы туралы ақпараттың таратылуына кедергі жасау және сөз бостандығын бұзу деп айыптаған.

Мамырдың 29-ы күні Астанада Ресей, Қазақстан мен Беларусь Еуразия Одағын құрып жатқан тұста әлеуметтік желіде наразылық танытқан қазақстандықтар көп болды. Олар Еуразия Одағына кіруді «Қазақстанның тәуелсіздігінен айырылуы» деп сипаттады.

Еуразия Одағы келісіміне қол қойылған күні көптеген қолданушылар Facebook әлеуметтік желісінің дұрыс жүктелмей, ашылмай жатқанын айтып та шағымданды.
XS
SM
MD
LG