Accessibility links

Қазақстанда Азаттық радиосының вебсайтына кіру қиындай бастады


Көрнекі сурет

Көрнекі сурет

Қазақстандағы «Еркін интернет үшін» қозғалысы соңғы бірнеше күн бойы Азаттық радиосының интернет парақшасына кіру қиынға соғып, кей жерлерде тіпті ашылмай жатқандығын айтады.


«Еркін интернет үшін» қозғалыс белсендісі Алмас Көшербаевтың сөзінше, соңғы бірнеше күнде «Азаттыққа кіру мүмкін емес»

- Азаттық радиосы «Нұрсат» интернет провайдерінің қызметін пайдаланады. Ал «Нұрсат» «Қазақтелекомға» қарасты мекеме. Меніңше, мәселе сонда жатуы мүмкін, - дейді Алмас Көшербаев.

Ол сайттың ашылмай қалуына Азаттықтағы мақалалар себеп болуы мүмкін деп ойлайды.
«Нұрсат» «Қазақтелекомға» қарасты мекеме. Меніңше, мәселе сонда жатуы мүмкін.

- Біздіңше, Азаттықтың бұл проблемасы онда көтеріліп, жазылып жатқан саяси-экономикалық мәселелерге қатысты. Өйткені мемлекет тарапынан бұған дейін де бірнеше сайттар тосқауылға ұшырап жабылып қалғандығын білеміз, - дейді ол.

Азаттық радиосының интернет парақшасына кірудің қиындағаны туралы алғаш рет осыдан төрт күн бұрын байқалды. Оны тек Азаттықтың ұжымы емес, оқырмандар да айтып жатты. Шағымданып хабарласқан оқырмандардың басым көпшілігі «Нұрсат» интернет провайдерінің қызметін пайдаланатындар болып шықты.

Азаттықтың Алматыдағы бюросында да вебсайт ашылмай, бірқатар қиындық туды. Бұл мәселеге қатысты «Нұрсатқа» хабарласып, жазбаша түрде сұрау салдық.
Шағымданып хабарласқан оқырмандардың басым көпшілігі «Нұрсат» интернет провайдерінің қызметін пайдаланатындар болып шықты.

- Сіздерден түскен арыз бойынша, біз өз техникалық қызметкерлерімізге сұрау салдық. Олар арнайы тексеріс жүргізіп, ешқандай кедергінің жоқ екендігін айтып отыр. Біз сіздерге осыған сәйкес жазбаша түрде жауап жібердік. Бізде проблема жоқ, ол бізден жоғары тұрған провайдерде болуы мүмкін, - деді Маша есімді «Нұрсаттың» операторының бірі.

«Жоғары тұрған провайдер дегеніміз кім – Қазақтелеком ба?» деген сұрағымызға «Нұрсаттың» өкілі:

- Иә. Біз сайттың ашылуына еш кедергі жасай алмаймыз, бізде ондай мүмкіндік те жоқ, - деп жауап қайырды.

Ал «Қазақтелекомға» хабарласқанымызбен жауапты қызметкер телефонын көтермей қойды.

Бұған дейін «Азат Еуропа/Азаттық радиосының» Қазақ қызметіне қосы барлық өзге қызметтерінің интернет сайттары 2008 жылғы наурыз және сәуір айларында Қазақстанда 7 апта бойы ашылмай қалған еді.


  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG