Accessibility links

Биыл наурыз айында Азаттық радиосының құрылғанына 60 жыл толады. Осы оқиғаға орай «Азаматтық журналистика» айдарымен әуесқой видео сюжеттерге байқау жариялаймыз.

Байқаудың шарты: Байқауға жіберетін видео азаматтық белсенділікті арттыруға себі тиетін, Қазақстанның қазіргі өмірінде қоғамдық мәні бар, өзіңіз байқаған және сізді алаңдататын мәселе немесе оқиға жайлы болуы керек.

Ойыңызда жүрген қоғамдық мәселе туралы жаңа видео түсіруіңізге де болады.

Видеофайлдың көлемі 50 мегабайттан аспауға тиіс. Бір адам 5 файлдан артық материал жолдай алмайды.

Видеожазбаның сипаттамасына мына деректер жазылуы керек: материалдың қашан және қай жерде түсірілгені, оны жолдаған адамның дерегі (толық аты-жөні, e-mail-і, байланыс телефоны).

Өзге біреу түсірген және бұрын осы тақілеттес байқаулар мен жобаларға қатысқан видеоларды байқауға жібере алмайсыз.

Байқауға Азат Еуропа/Азаттық радиосы қызметкерлері мен олардың туыстары қатыса алмайды.

Видеоны жүктеу тәсілі: Материалдарды Азаттық вебсайтындағы «Хабар – сізден» айдарындағы «Файлды жүктеңіз» түймесі арқылы жібересіз.

Видеоны смартфонға түсірген болсаңыз, Азаттық вебсайтының iPhone немесе Android нұсқалы қосымшасын ұялы телефоныңызға жүктеп алып, сол арқылы да жолдауға болады.

Жеңімпазды анықтау амалы: Барлық жүктелген материалдар бірден Азаттық сайтының «Хабар – сізден» айдары мен YouTube-парақшасына жарияланып отырады. Қазылар солардың арасынан ең үздік 5 видеоны анықтап, Азаттық сайты оқырмандарының талқысына ұсынады. Жеңімпазды оқырмандар сайтта дауыс беру арқылы анықтайды.

Байқаудың жүлдесі: Бірінші орын алған оқырманның жүлдесі – iPhone смартфоны, екінші орынның бәйгесі – Nikon фотоаппараты, үшінші орынның сыйлығы – eBookReader кітап оқығыш құралы.

Видеосы Азаттықтың YouTube парағында көп көрілген оқырманға Canon фотоаппараты беріледі.

Байқауға қатысатын материалдарды 2013 жылғы сәуірдің 21-іне дейін жолдай аласыздар.

Сауалдарыңыз болса, azattyq@rferl.org адресіне хабарласыңыздар.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG