Accessibility links

Азаттық радиосы қазанның 1-інен вебсайтымызда қазақ тіліндегі Википедия ашық энциклопедиясын жетілдіруге және насихаттауға шақыратын жаңа жоба бастады.

Бұдан былай Азаттық вебсайтынан әртүрлі тақырыптар бойынша Википедияда қазақ тілінде жарияланған сапалы, жан-жақты, әрі қызықты мақалаларды оқып тұрмақсыздар.
Уикипедия - кез-келген интернет қолданушысы өзі жетік білетін тақырып бойынша мақала жазып қоса алатын ашық онлайн энциклопедия.
2002 жылдың маусым айында ашылған қазақша Википедия ағылшын, қытай, неміс, орыс және испан тілдеріндегі сияқты ірі онлайн энциклопедияға айналып үлгермесе де, 2011 жылы мақалалар саны бойынша 50 тілдің қатарына кірді.

Википедия - кез-келген интернет қолданушысы өзі жетік білетін тақырып бойынша мақала жазып қоса алатын ашық онлайн энциклопедия. Оқырмандардың білім деңгейі, дүниетанымы мен ішкі мәдениеті де Википедияны сапалы материалдармен толықтыру үшін қажетті ең маңызды факторлардың бірі.

Кез-келген оқиға, тұлға, құбылыс, пән немесе өнім туралы Википедияға анықтама беруші оқырман мақаласын академиялық дәлдік пен бейтараптыққа барынша жақын тұрғыда жазуы тиіс.
Бұл - барша қоғам игілігі үшін ашылған, қарапайым ерікті оқырмандар сәт сайын жаңартып, толықтырып тұратын бейресми дерек көзі.
Бұл онлайн энциклопедия - барша қоғам игілігі үшін ашылған, қарапайым ерікті оқырмандар сәт сайын жаңартып, толықтырып тұратын бейресми дерек көзі.

Википедия мақалалары - шұғыл, бейресми мәлімет қажет болғанда қажетке жаратуға таптырмас дерек көздері. Бірақ академиялық жазбаларда қолданып, сілтеме жасауға жарамсыз екенін, ақпаратын түпкілікті зерттеулер арқылы тексеріп алу қажеттігін ескертеміз.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG