Accessibility links

AzattyqLIVE: Сот жүйесіне сенім қандай?


AzattyqLIVE хабарының қонағы Өтеген Ықсанов (оң жақта) пен Азаттық тілшісі Қасым Аманжол. Алматы, 20 қаңтар 2016 жыл.

AzattyqLIVE хабарының қонағы Өтеген Ықсанов (оң жақта) пен Азаттық тілшісі Қасым Аманжол. Алматы, 20 қаңтар 2016 жыл.

AzattyqLIVE хабарында Қазақстандағы сот жүйесінің бүгінгі ахуалы талқыланды.Эфир қонағы жоғарғы соттың бұрынғы судьясы Өтеген Ықсанов болды.

Қоғамдық белсенділер мен журналистер үстінен өтіп жатқан сот процестерінде сотталушылар мен оларды жақтаушылар тарапынан судьяларға қарсылық, оларды ауыстыруды сұрау фактілері жиіледі.

Астанада «араздық қоздыру» бабымен сотталып жатқан Болатбек Біләлов ісіндегі судьяға қарсылық еленбей қалды.

Алматыда «араздық қоздыру» бабымен сотталып жатқан белсенділер Ермек Нарымбаев пен Серікжан Мәмбетәлин де судьяға сенімсіздік білдірді. Бірақ сотталушының бірінің денсаулығы нашарлағанына әрі судьяға қарсылыққа қарамастан сот жалғасты.

AzattyqLIVE «Сот жүйесіне халық сенімі қандай?» деген тақырыпты жоғарғы соттың бұрынғы судьясы Өтеген Ықсановпен талқылады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG