Accessibility links

Билікке ҮЕҰ-ны бақылау неге қажет?


«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоры жетекшісі Тамара Калеева (оң жақта) мен журналист Алтай Сандыбаев. Алматы, 9 қараша 2015 жыл.

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоры жетекшісі Тамара Калеева (оң жақта) мен журналист Алтай Сандыбаев. Алматы, 9 қараша 2015 жыл.

Билік неге үкіметтік емес ұйымдарды жақтырмайды? Азаматтық қоғам белсенділігінен ел қауіпсіздігіне зиян бар ма? Билік неден қорқады? AzattyqLIVE хабарында ҮЕҰ туралы заң жобасы талқыланды.

Өткен аптада сенат үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) қатысты заң жобасын мақұлдады. Жобаға енгізілген түзетулер ҮЕҰ-ны қаржыландырудың жаңа тәсілдерін қарастырады. Жобаны әзірлеген Қазақстан азаматтық альянсы ҮЕҰ-лар арасында грант байқауларын өткізу үшін мемлекет қаржысын жинақтайтын жеке мекеме құруды ұсынады.

Кейбір сарапшылар «бұл - ҮЕҰ-ларды билік бақылауына алудың амалы» дейді. Бұған дейін бірнеше ҮЕҰ өкілдері мәдениет және спорт министрлігіне қаржыны тек мемлекеттен алмайтын ҮЕҰ-лар қызметін шектеу мүмкіндігі берілуіне наразылық білдіріп, президентке хат жазған еді. Ондай жағдайда көптеген «саяси емес» ҮЕҰ-лар қаржысыз қалуы және олардың қызметінен «заң бұзушылықтар табылып», жабылуы мүмкін.

AzattyqLIVE-тың орыс тілінде өткен хабарында «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоры жетекшісі Тамара Калеева "Билікке ҮЕҰ-ларды бақылау неге қажет? Азаматтық қоғам белсенділігінен ел қауіпсіздігіне зиян бар ма? Билік неден қауіптенеді?" деген сұрақтарға жауап берді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG