Accessibility links

AzattyqLIVE: Тараған депутаттың қайта сайлануға моральдық құқығы бар ма?


AzattyqLIVE хабарына келген саясаттанушы Дос Көшім (оң жақта) және Азаттық журналисі Қасым Аманжол. Алматы, 25 қаңтар 2016 жыл.

AzattyqLIVE хабарына келген саясаттанушы Дос Көшім (оң жақта) және Азаттық журналисі Қасым Аманжол. Алматы, 25 қаңтар 2016 жыл.

AzattyqLIVE "өзі сұранып тараған мәжіліс депутаттарының қайта сайлануға моральдық құқығы бар ма" деген мәселені талқылады. Хабар қонағы саясаттанушы Дос Көшім болды.

Қазақстан парламенті мәжілісі қаңтардың 13-і күні президент Нұрсұлтан Назарбаевтан өзін таратып, елде кезектен тыс парламент сайлауын жергілікті мәслихаттар сайлауымен бірге өткізуді сұрады. Қаңтардың 20-сы күні президент Нұрсұлтан Назарбаев бесінші шақырылымдағы депутаттардың өкілетін тоқтату туралы жарлыққа қол қойған еді. Сайлау наурыздың 20-сына белгіленді.

Бесінші шақырылымдағы мәжіліс депутаттарының қызметі туралы сарапшылардың пікірі әрқилы. Қоғам ішінде, әлеуметтік желілерде "өздерін таратуды өтінетін депутаттар қайта оралуы керек пе, өз еркімен тараған депутаттар өтемақы алуы дұрыс па, мәжілістің жаңа құрамы қандай болуы керек?" деген сауалдар жиі қойылып жүр. Депутаттардың кәсіби біліктілігіне, атқарушы биліктен тәуелсіздігіне сын айтатындар да бар.

AzattyqLIVE хабарының қонағы, саясаттанушы Дос Көшім осы мәселеге қатысты сұрақтарға жауап берді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG