Accessibility links

AzattyqLIVE: Көші-қон заңында не өзгерді?


AzattyqLIVE хабарының студиясында отырған «Жебеу» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбекұлы (оң жақта) мен Азаттық журналисі Қасым Аманжол. Алматы, 21 желтоқсан 2015 жыл.
AzattyqLIVE хабарының студиясында отырған «Жебеу» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбекұлы (оң жақта) мен Азаттық журналисі Қасым Аманжол. Алматы, 21 желтоқсан 2015 жыл.

AzattyqLIVE хабарында көші-қон туралы заңға енген өзгерістер жайы талқыланды. Студия қонағы оралмандардың «Жебеу» қоғамдық бірлестігі төрағасы Омарәлі Әділбекұлы болды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға президент қарашаның 24-і күні қол қойды. Бұл құжаттың төңірегінде біршама қоғамдық талқылаулар болған. Әлі де жүріп жатыр.

Оның ішінде, Моңғолиядан келген оралмандардың еңбек өтілінің ескерілмей қалуы, Қытайдан оралған қазақтардың сотталғаны не сотталмағаны жөнінде анықтама талап етілуі сияқты кедергілерді бұл қабылданған құжат шеше алмай отырғаны айтылып келеді.

Оқи отырыңыз: Көші-қон туралы заң жобасына түзету енгізуді ұсынды

AzattyqLIVE хабарының тікелей эфирінің қонағы «Жебеу» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбекұлы болды.

Көші-қон заңы қалай өзгерді?
please wait

No media source currently available

0:00 0:30:03 0:00

  • 16x9 Image

    Қасым АМАНЖОЛ

    Қасым Аманжол – Азаттық радиосының тв-продюсері. 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Жүргенов атындағы Өнер академиясының кино және телевидение факультетін аяқтаған. 20 жылдан астам Қазақстанның телевизия саласында істеп келеді. Авторлық бағдарламалардың, деректі фильмдердің авторы. «Шынның жүзі» сұхбаттар циклын, «Анық Абай» деректі сериалын, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы жайлы фильмдерді, 2014 жылы Шығыс Украинадағы соғыс пен Қырым туралы фильмдер түсірген. 2015 жылдан бері Азаттықта тікелей эфирлер жүргізіп, тележобалар жасайды. Телетоптың жұмысына продюсерлік істейді.

XS
SM
MD
LG