Accessibility links

AzattyqLIVE: Қазақстанда қуғын-сүргін бар ма?


Полиция Алматыдағы Респбулика алаңында өтеді деген жер реформасына қарсы митингіге қатысуға келген әйелді әкетіп барады. 21 мамыр 2016 жыл.

Полиция Алматыдағы Респбулика алаңында өтеді деген жер реформасына қарсы митингіге қатысуға келген әйелді әкетіп барады. 21 мамыр 2016 жыл.

Бас прокуратураның "кейбір адамдардың елдегі тұрақтылықты бұзуға тырысып жатқаны туралы мәлімдемесін "қуғын-сүргіннің басы" деуге бола ма? Ұсталған, қамалған белсенділердің ендігі тағдыры не болады? AzattyqLIVE хабары құқық қорғаушы Ерлан Қалиевпен осы мәселелерді талқылап жатыр.

Мамырдың 27-сі күні Қазақстанның бас прокуратурасы "жекелеген адамдар елдегі саяси-қоғамдық тұрақтылықты бұзып, ұлтаралық араздық қоздырып, билікті құлатуды көздейді" деп мәлімдеді.

Бас прокуратура сәуір мен мамыр айларында Қазақстанның түрлі аймақтары мен қалаларында өткен жер мәселесіне қатысты митингілерді біреулер қасақана ұйымдастырды деп бағалап, "құқыққа қайшы мұндай әрекеттерді қаржыландырып отырғандарды табатындарын" хабарлады.

Осы ретте кейінгі бірнеше апта ішінде тұтқындалған белсенділердің тағдыры белгісіз болып тұр. Кейбір қоғамдық белсенділер "Қазақстанға қуғын-сүргін дәуірі оралды" дейді. Бір топ белсенділер репрессияға қарсы "Араша" комитетін құрғандарын хабарлады. Ол комитетке құқық қорғаушылар, саясаткерлер, журналистер кірді.

"Қуғын-сүргін заманы" оралды ма? Қазір репрессия тәсілдері қандай? Қоғамдық белсенділер мен билік арасында бітіспес қақтығыс бар ма? Билік белсенділермен конструктивтік диалог жүргізе ала ма? Осы сияқты сауалдарға орыс тілінде өткен AzattyqLIVE хабарында қазақстандық құқық қорғаушы Ерлан Қалиев жауап берді.

XS
SM
MD
LG