Accessibility links

AzattyqLIVE: Ресей-Түркия жанжалы Қазақстанға әсер ете ме?


AzattyqLIVE хабарының жүргізушісі Қасым Аманжол (сол жақта) мен шығыстанушы Бауыржан Рахымбай. Алматы, 27 қараша 2015 жыл.

AzattyqLIVE хабарының жүргізушісі Қасым Аманжол (сол жақта) мен шығыстанушы Бауыржан Рахымбай. Алматы, 27 қараша 2015 жыл.

AzattyqLIVE хабарында шығыстанушы Бауыржан Рахымбай Ресей мен Түркия арасындағы жанжалдың Қазақстанға әсерін де сөз етті.

Қарашаның 24-і күні Түркия-Сирия шекарасы аймағында түркиялық F-16 әскери ұшағы Ресейдің Су-24 әскери ұшағын атып құлатты.

Ресей президенті Владимир Путин Сириядағы Ресей ұшақтарын «Ислам мемлекеті» (ИМ) террористік ұйымына қарсы әскери операциялар жүргізіп жатыр» деп сипаттап, Түркияның ұшақты атуын «ту сырттан жасалған соққы» деп атаған. Ресей Түркиямен арадағы кейбір келісімдерін қайта қарайтынын мәлімдеп үлгерді.

Ал Түркия әскери күштері "мемлекеттік шекараны қорғау мақсатында әрекет еткенін, болашақта да солай болатынын" хабарлады.

Оқи отырыңыз: Ресей ұшағын атудың соңы не болмақ?

Ресеймен де, Түркиямен де серіктестік қарым-қатынас орнатқан Қазақстан бұл жағдайда не істегені жөн? Мәскеу мен Анкара арасындағы жанжал Астананың сыртқы саясатына әсер ете ме? Жанжалдасқан қос тарапқа Қазақстан ара ағайын бола ала ма?

Шығыстанушы, Түркия бойынша сарапшы Бауыржан Рахымбай осы және өзге де сұрақтарға жауап берді.

XS
SM
MD
LG