Accessibility links

АЗТМ жұмысшылары Нұрсұлтан Назарбаевқа бауырына ықпал етуді сұрап хат жазбақшы


Кәсіподақ төрағасының міндетін атқарушы Инна Руслякова-Куприянова. Алматы, 21 қыркүйек, 2009 жыл.

Кәсіподақ төрағасының міндетін атқарушы Инна Руслякова-Куприянова. Алматы, 21 қыркүйек, 2009 жыл.

Алматы ауыр машина жасау зауытының жұмысшылары мен кәсіподағы және акционерлері президент Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің бауыры Болат Назарбаевты жөнге салуға шақырған өтінішпен қайрылмаққа бел буды.

21 қыркүйек күні АЗТМ жұмысшылары кәсіподақ өкілдерімен бірге Президентке жолдайтын хатты талқылау үшін жиналыс өткізгеннен кейін, алаңдаушылық туғызып отырған мәселе - акционерлердің бірінің зауытты банкроттыққа жеткізетін талап қойып отырғаны жөнінде журналистерге баяндап берді.

Алматы ауыр машина жасау зауытының акционері («АЗТМ» акционерлік қоғамы) «Artis Estates» ЖШС өзінің жекеменшігіне жататын алаңдарды 2007 жылдың 21 желтоқсанынан бері пайдаланғаны үшін зауыттан 150 000 АҚШ доллар көлемінде өтемақы талап етіп отыр. «Artis Estates» ЖШС –нің жекеменшігіне жататын жер көлемі 53 475 шаршы метрге тең. Олар осы өтемақыны негізгі цехтар блогының
АЗТМ жұмысшыларының президент Н.Назарбаевқа жазған хатының көрінісі. Алматы 21 қыркүйек 2009 жыл.
ішінде бар құрал жабдықтармен төлеуді ұсынып, зауыттың бас директоры Жетпісбай Едігеновке хат жазған. Ол хатта 14 қыркүйекке дейін талап орындалмаса, пайдаланылып отырған алаңдарды жабамыз делінген.

Алматы ауыр машина жасау зауыты 1941 жылдың 17 қарашасында құрылған болатын. Компания инжирингпен, өндіріспен, ауыр машина мен оның құралдарын шығарумен айналысады. АЗТМ кәсіподақ төрағасы қызметін атқарушы Инна Руслякова-Куприянованың айтуынша, Алматы ауыр машина жасау зауытының өнімдері әлемге кеңінен танымал, Жапония, АҚШ, Ресей сынды елдерге жеткізіледі.

ЖҰМЫСШЫЛАР ПРЕЗИДЕНТТІҢ КӨМЕГІНЕ ЗӘРУ

Зауыт жұмыскерлері негізгі механикалық өңдеулермен айналысатын цехті жапса, зауыттың жұмысы тоқтайды деп алаңдаулы.
АЗТМ жұмысшылары зауыттың жабылуына объективті себептердің жоқтығын айтып, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан акционерлік қоғамның «жойылуына жол бермеуін сұрап» хат жазуда. Сондай ақ олар Прокуратура мен Премьер министрден де көмек сұрап отыр. Басты талаптары – зауытты жұмыскерлерге қалдыру.

«Мұндай зауыттардың акцияларын мемлекет сатып алуы керек. Оларды мемлекет қолдауы қажет. Бұл Алматы қаласы және Алматы облысындағы жалғыз машина өнімдерін шығаратын зауыт. Барлық құрал-жадықтары бар, жұмыскерлері бар, жұмыс істеуге ынта да бар»,- дейді зауыттың жұмыскері Михаил Кадыров.

Президенттің атына жолданатын хатта дағдарыс жағдайында 800 жұмыс орнын сақтаудың орнына, акционер («Artis Estates» ЖШС) зауытты банкрот етуге тырысып, жоймақшы екендігі атап көрсетілген.

Сондай ақ онда жұмыскерлер зауытты жабуға себеп ретінде акционерлердің өрескел заң бұзушылықтарға қарамастан, 2007 жылдың
Алматы ауыр машина жасау зауыты, басты қақпа. Алматы, 21 қыркүйек 200 9жыл.
мамыр айында жерді сатып жібергенін алға тартады.

«Зауыттың үш иегері бар. Барлық станоктар тұрған негізгі цехтар блогы орналасқан бөліктің қожайыны ол жерді босатып, станоктарды екі жылдық аренда ақысы үшін алып алмақшы»,- дейді И. Руслякова-Куприянова.

21 қыркүйек күні жұмысшылардың кәсіподақ өкілдерімен бірг өткізген жиналысынан соң бас директор бейсенбі немесе жұма күндері зауыт иелеріннің атынан мәлімдеме жасап, жиын өткізетінін хабарлады. Зауыттың бас директоры Жетпісбай Едігеновтен қандай да бір түсініктеме алу мүмкіндігі болмады, журналистерді зауыт территориясының ішіне кіргізбеді.

«ТМД -ДАҒЫ БІРЕГЕЙ ЗАУЫТ ЕДІ»

«Біздің ойымызша, бұл жер сауда орталығын салу немесе қойма ретінде пайдалану үшін қажет болып тұр. Бұл қаланың ортасында тұрған ыңғайлы аймақ. АЗТМ ауыр машина жасау өндірісіндегі жалғыз өнеркәсіп десе болады. Осы саланың бірден-бір өндірісі. Бұл зауыттың өнімдері 36 мемлекетке таралатын. Егер бұл зауыт жабылса, ТМД елдеріндегі соңғы ауыр машина жасау зауыты да жабылады деген сөз. Бұл жағдайға қарап, жердің бағасы өнім мен жұмыскерлер еңбегінің құнынан басым түсіп отырғанын байқайсың» дейді «Қазақстан 2012» қозғалысының төрағасы Айнұр Құрманов

АЗТМ акционерлік қоғамының жұмысшылары мен кәсіподақ комитетінің пікірінше, зауытты Қазақстан Республикасының ауыр машина жасау кешенін дамыту бағдарламасына қосу керек.

Кәсіподақ өкілдерінің айтуынша, 2009 жылдың 19 қаңтарында акционерлер жиналысында зауытты жабу шешімі қабылданған болатын. Алайда бір айдан кейін бұл тұжырым күшін жойды. Бірқатар жұмысшылар мен кәсіподақ өкілдері «АЗТМ-ың» 86 пайыз құнды қағаздары президенттің бауыры Болат Назарбаевтың меншігінде деп айтқан болатын. Енді зауыт белсенділері бұл іске Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің араласқанын қалайды.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG