Accessibility links

Жария болып кеткен соң Мухортоваға екпе салу тоқтатылды


Балқаштық адвокат Зинаида Мухортова. Астана, 1 қараша 2013 жыл.

Балқаштық адвокат Зинаида Мухортова. Астана, 1 қараша 2013 жыл.

Психиатриялық диспансерге күшпен жатқызылған балқаштық адвокат Зинаида Мухортоваға күмәнді укол салу тоқтатылғанын оның сіңлісі Наталья Абент Азаттық тілшісіне хабарлады. Бұл іске прокуратура араласқан.

Жуырда Балқаштағы психоневрологиялық диспансерде жатқан әпкесіне барып қайтқан Наталья Абент оның жағдайы жақсарып қалғанын байқаған. Оның айтуынша, Зинаида Мухортованы басқа палатаға ауыстырған.

«ЕКПЕНІ ТОҚТАТТЫ»

Наталья Абент өткен аптаның соңында «ауруханаға бір барғанымда әпкемнің беті ісіп кеткенін, теңселіп әрең жүретінін, қысқасы халі нашарлап кеткенін байқадым» деп хабарлаған еді. Зинаида Мухортова сіңілісіне «белгісіз бір уколдарды күштеп сала бастаған соң жағдайым нашарлап кетті» деп шағымданған.
Шілденің 25-і күні Наталья Абент қалалық прокуратураға шағымданған соң олар істің мәж-жайын анықтауға уәде берген.
Прокуратура қызметкерлері денсаулық сақтау министрлігі мен аурухананың бас дәрігері Ысқақовқа телефон соғып, жағдайды білетіндерін айтты. Келесі күні Зинаидаға укол салуды тоқтатқандарын естідім.

– Прокуратура қызметкерлері денсаулық сақтау министрлігі мен аурухананың бас дәрігері Ысқақовқа телефон соғып, жағдайды білетіндерін айтты. Келесі күні Зинаидаға укол салуды тоқтатқандарын естідім. Прокуратура араласқан соң тоқтатқан ғой, – дейді Наталья Абент.

Азаттық тілшісіне Зинаида Мухортованың денсаулығы туралы ақпарат алудың сәті түспеді. Балқаштағы психоневрологиялық диспансер қызметкерлері комментарий беруден бас тартты. Аты-жөнін атамаған ер адам: «Бұл – жабық мекеме санатындағы аурухана, баспасөзге мұндай ақпаратты телефон арқылы хабарлай алмаймыз» деп мәлімдеді.

Зинаида Мухортованың сіңлісі Наталья Абент. Астана, 17 сәуір 2014 жыл.

Зинаида Мухортованың сіңлісі Наталья Абент. Астана, 17 сәуір 2014 жыл.

Бұл ауруханаға Зинаида Мухортова шілденің 2-сі күні кезекті мәрте жатқызылған. Оны Балқашта тұратын туысының пәтерінен ұстап әкетіп, психоневрологиялық диспансерге апарған. Жарты жылдай бұрын елден кетіп қалған адвокатты қалаға келген бетте бірден ұстаған.

Ол кезде осы аурухананың бас дәрігері Рысбек Ысқақов Азаттық тілшісіне берген комментарийінде «емделуге өз еркімен келмеген Зинаида Мухортова соттың мәжбүрлі түрде емдеу туралы шешімі күшіне енуіне байланысты мәжбүрлі емдеу курсынан өтуі тиіс» деп мәлімдеген еді.

Мухортованы мұндай тәсілмен бұрын да бірнеше мәрте ауруханаға күштеп жатқызып, «емдеген».

Парламент депутатының үстінен президент Нұрсұлтан Назарбаевқа шағым жазған адвокатқа қатысты қылмыстық іс бірнеше жыл бұрын қозғалған. Кейін Мухортованы «сандырақтау» диагнозы негізінде босатып, психиатриялық ауруханаға мәжбүрлі түрде бірнеше мәрте емдеуге жіберді.

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАР ДА ЖАУАП ІЗДЕЙДІ

Азаматтық белсенді әрі «Демократия және адам құқықтары институты» ұйымы директоры Болатбек Біләловтың айтуынша, психиатриялық ауруханаларда «науқастарды ұстаудың өзіндік ерекшеліктері бар» және олар мұндай ақпаратты «беруге міндетті емес».

Азаматтық белсенді Болатбек Біләлов.

Азаматтық белсенді Болатбек Біләлов.

– Мухортова емес, басқа жағдайды алайық. Науқас адамға қатысты «құпия дерек, жеке басқа қатысты ақпарат» деген ұғым бар. Мұндай ақпаратты туыстарына берсе де, бөтен адамға бермейді. Ал туыстарына беруге міндетті, – дейді Болатбек Біләлов.

Оның пікірінше, Қазақстанның бұл мәселеге қатысты заңдарының олқы тұстары бар, онда журналистерге кім және қалай ақпарат беруге міндетті екені анықтап жазылмаған.

Қазақстан билігінен тиісті ақпарат алудың қиындығы туралы Польшадағы «Ашық диалог» құқық қорғау ұйымы мамандары да айтады. Лауазымды тұлғалар көбінесе жазбаша сауал жолдауды талап етеді, ал кешіктіріп жолдайтын жауаптары көбінесе сырғытпа сипатта болып келеді. Ұйым қызметкері Игорь Савченконың пікірінше, мұндай жағдайлар Қазақстан билігінің қаншалықты деңгейде ашық әрі жария екенінен хабар береді.

Ол «Мухортоваға тағылған айыптардың қисынсыздығы айқын, бұл билікті ыңғайсыз жағдайда қалдырып, олар бұл істің жария болып кетуінен қорқады» дейді.

Зинаида Мухортованың ісі халықаралық міндеттемелерін орындамай отырғанының кезекті мысалы ретінде Қазақстан билігіне өте «ыңғайсыз» тиіп отыр.

– Зинаида Мухортованың ісі халықаралық міндеттемелерін орындамай отырғанының кезекті мысалы ретінде Қазақстан билігіне өте «ыңғайсыз» тиіп отыр. Қазақстан БҰҰ-ға мүше елдер алдында «адвокаттардың жұмысына заңсыз араласудан қорғаймыз, құқық қорғаушылар мен журналистерге қарсы іс-әрекеттер үшін жауапкершілікке тартамыз, заң үстемдігін нығайтамыз, азаптауға қарсы күресеміз» деген міндеттеме алды емес пе?! Зинаида Мухортованың ісінде бұл міндеттемелердің бәрі бұзылған. Оның үстіне елдегі өзгеше ойлайтын жандармен күрес тәсілі ретінде мәжбүрлі прсихиатрияны қолдану практикасының жиілеп кетуі де Қазақстан билігінің демократилық жолмен даму туралы мәлімдемелерінің құр декларация екенін көрсетеді, – дейді Игорь Савченко.

Зинаида Мухортованың ісін «Ашық диалог» ұйымынан басқа да халықаралық құқық қорғау ұйымдары жіті қадағалап отыр. Олар Қазақстан үкіметін Зинаида Мухортоваға тағылған «саяси астары бар» айыптарды алып тастауға, өзгеше ойлайтын адамдарды психиатриялық клиникаларға күштеп жатқызатын советтік практиканы тоқтатуға шақырады.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG