Accessibility links

Мухортованың психиатриялық сараптама нәтижелері жарияланды


Балқаштық адвокат Зинаида Мухортова. Астана, 1 қараша 2013 жыл.

Балқаштық адвокат Зинаида Мухортова. Астана, 1 қараша 2013 жыл.

Зинаида Мухортованың апелляциялық шағымы қаралған Қарағанды қалалық сотында кешенді психиатриялық сараптаманың нәтижелері белгілі болды. Мухортованың өзі «сараптама нәтижелерін естігенде есеңгіреп қалдым» дейді.

Астана қаласында кешенді психиатриялық тексеруден өткен балқаштық адвокат Зинаида Мухортованың сараптамасы нәтижелері екі аптадан кейін ғана, қарашаның 13-інде белгілі болды. Медициналық құжаттың мазмұны адвокат Зинаида Мухортованың психдиспансерге еркінен тыс күштеп жатқызуға қатысты апелляциялық шағымы қаралған Қарағанды облыстық сотында жарияланды. Клиникаға бірнеше мәрте күшпен жатқызылса да, соңғы кезде дәрігерлер Мухортованың қолына медициналық ұйғарым бермеген. Мухортова мен оның жақтастары, құқық қорғаушылар «адвокатты қудалаудың саяси астары бар» деп есептейді.

Клиникаға еркінен тыс жатқызу туралы сот шешіміне қарсы шағымға қатысты отырыс үнемі кейінге қалдырылып келді. Бұл жолы ол бір сағатқа созылды. Балқаш қаласы психиатриялық ауруханасының бас дәрігері Рысбек Ысқақов «Мендегі дерекке сәйкес, Мухортова өзіне қол салмақ болған. Сол себепті оны ауруханаға еркінен тыс жатқыздық» деп мәлімдеді.

АНЫҚТАМАҒА ДӘРІГЕРЛЕР ҚОЛ ҚОЙҒАН

Қарағанды облыстық сотында прокуратура өкілдері Зинаида Мухортова Астанадағы психикалық денсаулық проблемалары медициналық орталығында 30 қыркүйектен бастап өткен «тәуелсіз» психиатриялық сараптама қорытындыларын таныстырды. Оны клиникадан қарашаның 1-і күні босатқан.

Орталықтың төрт сарапшысы адвокат Мухортова «қазіргі сәтте өз әрекеттеріне Зинаида Мухортова өзін психдиспансерде күштеп емдеу мәселесін қараған сот залына кіріп келеді. Балқаш, 16 тамыз 2013 жыл.

Зинаида Мухортова өзін психдиспансерде күштеп емдеу мәселесін қараған сот залына кіріп келеді. Балқаш, 16 тамыз 2013 жыл.

жауап бере алмайды» деген ұйғарым жасаған. Құқық қорғаушы, Зинаида Мухортованың өкілі Амангелді Шорманбаевтың айтуынша, астаналық сарапшылар «адвокат бұрын да, қазір де сандырақ дертінің созылмалы түріне шалдыққан» деген қорытындыға келген.

– «Мухортованы облыстық психиатриялық диспансерге еркінен тыс жатқызу қажет пе?» деген сауалға олар «бұл біздің құзырымызға кірмейді» деген жауап жазған, – дейді Амангелді Шорманбаев.

Зинаида Мухортова сот отырысына қатысқан жоқ. Адвокат сараптама нәтижелерін Балқаштағы үйінде телефон арқылы естіген.

– Есеңгіреп қалдым. Осылай боларын, әрине, болжадым, бірақ әділ шешім шығарар деген үміттеніп едім. Клиникадан шығарарда кешенді сараптама өткізді. Комиссиядағы төрт адамға бәрін түсіндіріп бердім. Олар «бәрін қисынды түсіндіріп отырсыз, ақыл-есіңіз орнында, сізді бақыладық, бәрі жақсы, бәрі тамаша» деген еді, – дейді Зинаида Мухортова Азаттық тілшісіне.

Амангелді Шорманбаевтың айтуынша, сот шешімі күшін жою мүмкін болмаса, Зинаида Мухортованы психдиспансерге қайта қамауы мүмкін.

САЯСИ ТҰТҚЫНДАР ТІЗІМІ

Ал ресейлік сарапшы, медицина ғылымдарының кандидаты Кюри Ыдырысов Зинаида Мухортованың ақыл-есі дұрыс деген ұйғарым жасады. Дәрігер «Қадір-қасиет» қоғамдық бірлестігінің шақыруымен «Қазақстандағы құқық қорғаушылардың қауіпсіздігіне байланысты жағдай мониторингы» жобасының Зинаида Мухортова мен адвокаты Амангелді Шорманбаев сотта отыр. Балқаш, 19 тамыз 2013 жыл.

Зинаида Мухортова мен адвокаты Амангелді Шорманбаев сотта отыр. Балқаш, 19 тамыз 2013 жыл.

аясында 2011 жылы қазанның 25-27-сі күндері адвокатты психиатриялық тексеруден өткізген.

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау департаментінің дәрігерлік-кеңестік комиссиясы да «адвокатты еркінен тыс емдеудің қажеті жоқ» деген ұйғарым шығарды.

Қазанның 1-інде «Тірек» қоғамдық ұйымы өкілдері Мұхтар Жәкішев, Бақытжан Қашқымбаев, Мұхтар Әблязов және Александр Павловпен бірге Зинаида Мухортованы да саяси тұтқындар тізіміне енгізді.

2009 жылдың шілдесінде Балқаш қаласының бес тұрғын әйелі парламент депутаты Ерлан Нығматулиннің үстінен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен «Нұр Отан» партиясына шағым түсіргеннен кейін Зинаида Мухортова Қарағанды облысы билігі тарапынан қудалауға ұшырады. Депутатты «соттардың ісіне араласады» деп айыптаған әйелдердің өздері қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Әлгі ұжымдық шағымнан кейін оған қарсы «Көрнеу жалған өсек тарату» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ПСИХИАТРИЯЛЫҚ АУРУХАНАДА ӨТКЕН АЙЛАР

Парламент депутаты үстінен шағым түсіргенен кейін Зинаида Мухортованың басы бәлеге қалды. Оны түрмеге отырғызуы да мүмкін еді. Бірақ оны «нақты тұлғалар жайында сандырақтайды» диагнозы бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатып, психиатриялық ауруханаға еркінен тыс емделуге жіберді. Мухортова кейінірек соттың бұл шешімі мен өзіне қойылған диагнозға қарсы шағым берді.

Адвокат психдиспансерге бірінші рет 2010 жылы қамалды. Арасына үзіліс салып бірнеше мәрте еркінен тыс психиатриялық тексеруден өтті. Зинаида Балқаштағы психдиспансер. 16 тамыз 2013 жыл.

Балқаштағы психдиспансер. 16 тамыз 2013 жыл.

Мухортованың Азаттық тілшісіне айтуынша, ол бір жылға жуық мерзімді психиатриялық ауруханаларда өткізген.

Өткен жылдың қыркүйек айында Алматы облыстық соты кассациялық алқасы Мухортованы қылмыстық жауапкершіліктен босату мен оған медициналық сипаттағы мәжбүрлі шараларды қолданбау туралы шешім қабылдады. Бірақ Зинаида Мухортова «сандырақтау дертінің созылмалы түрі» деген диагнозбен биыл 9 тамызда Балқаштағы психиатриялық диспансерге күшпен қайта қамалды.

«Тірек» ұйымы сайтындағы ақпаратқа сәйкес, «бас дәрігер Рысбек Ысқақовтың айтуынша, адвокаттың 7-8 жыл бойы түрлі инстанцияға арыз жазуы оны ауруханаға жатқызуға себеп болған».

Халықаралық демократиялық ұйымдар Зинаида Мухортованың ісін назарда ұстап келеді. Олар Қазақстан үкіметін адвокаттан саяси астары бар айыптауларды алып тастауға, өзгеше ойлайтын жандарды психиатриялық клиникаға жатқызып, еркінен тыс емдейтін советтік практикасны тоқтатуға шақырады. Human Rights Watch ұйымы Мухортованың биыл тамыз айында заңсыз тұтқындалғанын мәлімдеп, бұл тұтқындауға қатысты тексеру жүргізуге және адвокаттың Мухортовамен жолығуына мүмкіндік беруге шақырды.

Келесі сот отырысы желтоқсанның 3-інде өтеді.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG