Accessibility links

Ақшаны картамен төлеуге кәсіпкерлер разы емес


Банк картасы. (Көрнекі сурет)
Банк картасы. (Көрнекі сурет)

Кей кәсіпкерлер ақшаны банк карталары арқылы төлеу шешімін «асығыстық болды» дейді. Басқалары халықтың карта қолданбау себебін менталитеттен іздейді.

Шығыс Қазақстандық кәсіпкерлер төлемге банк карточкаларын қабылдайтын құрылғылардың жетіспейтініне, банк алатын комиссиялық ақының жоғары екеніне шағымданады. Ал үкімет POS-терминал орнатуға үлгермеген бизнесмендерге салық органдары әзірше айыппұл салып, жазаламайтынын мәлімдеді.

«МЕНТАЛИТЕТІМІЗ БАСҚА»

Өскемен қаласындағы сән салонының иесі Елена (толық аты-жөнін атамауды өтінді) салонда орнатылған POS-терминал арқылы бір айда түскен ақшаны көріп, «салонға келушілер электронды төлемдерге сенбейді» деген қорытындыға келіпті.

– Клиенттеріміздің көбі қалтасы қалың адамдар екеніне қарамастан, ай соңында түскен ақша небәрі 40 мың теңге болды. Демек, халық төлем карточкаларын әлі көп пайдаланбайды. Біздің менталитетіміз басқа ғой. Халық әмиянында жатқан
Теңге. (Көрнекі сурет)
Теңге. (Көрнекі сурет)
ақшаны көзбен көріп, қолмен ұстауға үйренген ғой. Жұрт виртуалды кеңістіктегі алаяқтық фактілері туралы да жақсы хабардар. Қазір интернет барлық үйде бар, – дейді Елена.

Шығыс Қазақстан облысының шағын және орта бизнес қызметкерлерінің кәсіподақ төрайымы Галина Казанцева:

– Жұрт қолма қол ақшасыз сауда жасауға әлі әзір емес екенін практика көрсетті. Сондықтан терминалдарды жаппай орнату – тым асығыс, ерте басталған шара, – дейді Азаттық тілшісіне.

Галина Казанцеваның қолында бар деректерге сәйкес, 2012 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстанда ірі супермаркеттер мен кейбір демалыс орындары терминалдарды алғашқылардың бірі болып орната бастаған. Талап қойылғанымен, төлем карточкалаларымен есеп айырысу ішінара болмаса, іс жүзінде үлкен сұранысқа ие емес.

ТИІМСІЗ ШАРТТАР

Галина Казанцеваның айтуынша, келісім-шартқа отырған банктердің көпшілігі кәсіпкерлерге тиімсіз, орындалуы тіпті мүмкін емес (мысалы, терминалға күнделікті түсетін ең аз ақша көлемін белгілеп қою) шарттар қояды.

– Кәсіпкерлеріміздің қайсысының кассасында күн сайын 200 мың теңге жиналады? – дейді кәсіподақ төрайымы.

Галина Казанцева «Келісім-шарт тармақтарының ішінде төлемнің заңды екеніне күмән туса, банк тарапынан кәсіпкердің шотын 90 күнге дейін тоқтатып қою құқығы бар» деген шарт кездесетінін айта келе:

– Бұл кәсіпкерлердің құқығын ашық бұзу емес пе? – дейді.

КОМИССИЯЛЫҚ АҚЫ БАҒАҒА ӘСЕР ЕТЕДІ

POS-терминал орнатқан кәсіпкер өз табысының бір бөлігін, яғни әр төлемнің 3,5 пайызына дейінгі мөлшерін қызмет көрсететін банкке беруі тиіс. Галина Казанцеваның айтуынша, банктің комиссиясы тауар бағасы мен қызмет көрсету құнына әсер етеді.

– Кәсіпкер банкке төлейтін ақшасы қанша пайыз болса, тауарының бағасын
Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
сонша пайызға көтереді де, ақыры бұл сатып алушының қалтасына түседі, – дейді кәсіподақ төрайымы.

Шығыс Қазақстан облысының шағын және орта бизнес қызметкерлері кәсіподағының деректеріне қарағанда, банктер POS-терминалмен аймақ кәсіпкерлерін әзірше толық қамти алмай отыр.

– Бұл бастаманы банктердің өздері көтергендіктен, құрал-жабдықты да өздері орнатуы тиіс еді. Алматыда қазірдің өзінде терминалдар жетіспей жатқанда, аймақтарда оны орнату кезегі үш айға созылады. Бизнесмендерге терминал орнату мен оның бағдарламасын лицензиялау шығынын өздеріңе алыңдар деп ұсына бастады. Бұл не масқара! – дейді Галина Казанцева.

ТЕКСЕРУ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ

Ал қаржы министрлігі кассалық аппараттар мен POS-терминалдарды орнату жөніндегі тексерудің бірінші жарты жылдықтағы жоспарына 11 мың кәсіпорынның кірмейтінін хабарлады.

Қаржы министрі Болат Жәмішев ведомство қызметкерлерінің екінші деңгейлі банк өкілдерімен кездесу өткізетінін айтты. Кездесу барысында кәсіпкерлер техникалық жабдықтарды таңдауы үшін POS-терминал ретінде пайдалануға рұқсат етілген құрылғылардың тізімі кеңейтілуі тиіс.

Ақпараттық агенттіктер министрдің «17 қызмет түрі бойынша POS-терминалдарды орнату жөніндегі талаптың шыққанына жеті жылға айналды. Алайда кәсіпкерлер бұл талапты орындамағаны үшін жауапкершілік енгізілген соң ғана қимылдай бастады» деген сөздерін келтіреді.

«Арнайы салықтық тәртіп бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындарға (Қазақстанда мұндай кәсіпорын – 38 мың) бұл талап келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қойылады» деп түсіндірді Болат Жәмішев.

2012 жылы саяси шешімдер институты осы мәселе бойынша сауалнама жүргізді. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, қолында төлем картасы бар жеті адамның бірі ғана аптасына бірнеше рет карточкамен есеп айырысады. Әрбір оныншы адам ғана дүкенде, салон, мейрамханада ақшасын карта арқылы төлейді. Ал пластик картасы бар адамдардың 71 пайызы үш айда бір рет қолма қол ақшасыз есеп айырысады.
XS
SM
MD
LG