Accessibility links

Қазақстан банктерінде салымдардың көлемі ұлғайып, несиелендіру деңгейі керісінше құлдырай бастады. Бірақ халық ақшасын әлі де негізінен банкте сақтайды.

Азаттық тілшісімен сұхбаттасқан экономика ғылымының кандидаты Ілияс Исаевтың айтуынша, әлемдік дағдарыс зардабынан ес жимаған қаржы саласындағы жағдайды түзету үшін әлі көп жұмыс істеу қажет.

- Қазақстан нарықтық экономикаға көшкен кезде қаржы секторы дұрыс құрылмады. Банктер қазіргі жағдайға 2000 жылдары жіберілген қателіктердің кесірінен тап болды. Ол заманда банктер бетімен кетіп, шетел банктерінен несиені оңды-солды ала берді. Ал әлемдік дағдарыс басталғанда бұл несиелерді қайтару үлкен проблемаға айналды. Сондықтан үкімет кейбір банктердің капиталына үлеске кіруге мәжбүр болды. "БТА банк" пен "Альянс банк" шығынға белшесінен батып, үкімет ақыры қаржы секторының қиындығына мойын бұрды. Бұл жағдайдан шығудың жолдары енді ғана табыла бастады. Егер 2011 жылдың қорытындысы бойынша 14 банк шығынды деп танылса, олардың алтауы 2012 жылы жағдайын біршама оңдады. Аздап болса да ілгерілеу бар, - дейді Ілис Исаев.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ДЕПОЗИТТІ ТАҢДАЙДЫ

Ұлттық банктің деректеріне қарағанда, 2013 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша екінші деңгейлі банктердегі (ЕДБ) салымдардың (депозиттер) көлемі 8532,8 триллион теңге немесе 56,889 триллионнан аса долларға тең болған.

Ақша тапшылығы туған сәтте ЕДБ үшін салымдар үлкен рөл атқарады. Мысалы, 2013 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша, ЕДБ міндеттемелері 11 872 Ұлттық банк ғимаратының маңдайшасы. Алматы, 25 қаңтар 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Ұлттық банк ғимаратының маңдайшасы. Алматы, 25 қаңтар 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

триллион теңге болып, оның 71,9 пайызы заңды және жеке тұлғалардың салымдарының үлесіне тиді. Банктің міндеттемелері деп ЕДБ айналымындағы қаражатты айтады.

Қазақстан салымшыларының банктерге деген сенімі дағдарысқа қарамастан өсіп келеді. Осыдан төрт жыл бұрын банк міндеттемесіндегі салымдардың жалпы сомасы 58,1 пайыз болатын. Алайда банк депозиттеріне балама қаржы құралдары жоқтың қасы. Қазақстанда қор нарығы жеткілікті дамымаған. Қазақстанда ақша сақтау - үлкен проблема, қаржы құралдары - тапшы.

Салымдардың өсуіне ЕДБ беретін несиелердің пайызына қарағанда депозиттің мөлшерлемелік пайызының төмендігі де әсер ете алмады. Шын мәнінде, жұрт қолындағы жиған-тергенін салып, елдің банк жүйесін күйреуден аман сақтап отыр десе де болады.

ЕДБ міндеттемелерінің және салымның алты жылда қалай өзгергенін мына диаграммадан көруге болады (триллион теңге):

ЕРІКСІЗ ӘРІПТЕСТІК

Қазақстандық банктер қазір депозит пен несиенің алуан түрін ұсынады. Мысалы, Казкоммерцбанкте «Үздік», «Еркіндік», «Зейнеткерлік», «Автоматты салым», «Инновация» деген депозиттер ашуға болады. Банктің несиелендіру бағдарламасында экспресс-несие, балама-несие, жылжымайтын мүлік пен мұқтаж заттарыңды сатып алуға берілетін, депозитті кепілге қою арқылы алатын несие түрлері бар.

Салымшыларды пайыздық мөлшерлеме қызықтыратыны түсінікті. Алайда Ұлттық банктің деректерін салыстырып көрсек, ЕДБ-дің пайыздық мөлшерлемесі клиенттер үшін тиімді емес. Еуропалық шамамен салыстырғанда, депозит пен несие арасындағы мұндай үлкен айырманың арқасында банктер көп зиян шекпейтін сыңайлы. Мұны төмендегі кестелерден аңғаруға болады:

ЕДБ-дің салымдар бойынша орташа пайыздық мөлшерлемесі

ЕДБ-дің жедел депозит бойынша орташа пайызы, оның ішінде
Банктік емес заңды тұлғалардың депозиттері (2012 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша) Жеке тұлғалардың депозиттері (2012 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша)
Мерзімі KZT ЕАВ* Мерзімі KZT ЕАВ
1 айға дейін 2,6 0,6 1 айға дейін 5,7 1,3
1 айдан 3 айға дейін 3,1 2,0 1 айдан 3 айға дейін 6,5 3,0
3 айдан 1 жылға дейін 3,9 2,7 3 айдан 1 жылға дейін 8,0 4,5
1 жылдан 5 жылға дейін 6,1 1,4 1 жылдан 5 жылға дейін 8,8 6,1
5 жылдан көп уақытқа 7,0 2,9 5 жылдан көп уақытқа 5,4 6,4

* Еркін айырбасталатын валюта

ЕДБ-дің несие бойынша орташа пайыздық мөлшерлемесі

ЕДБ-дің несие бойынша орташа пайызы, оның ішінде
Банктік емес заңды тұлғаларға берілген несиелер (2012 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша) Жеке тұлғаларға берілген несиелер (2012 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша)
Мерзімі KZT ЕАВ Мерзімі KZT ЕАВ
1 айға дейін 9,4 4,6 1 айға дейін 18,0 15,0
1 айдан 3 айға дейін 9,7 8,3 1 айдан 3 айға дейін 14,2 9,5
3 айдан 1 жылға дейін 11,2 8,2 3 айдан 1 жылға дейін 26,6 15,3
1 жылдан 5 жылға дейін 10,0 10,1 1 жылдан 5 жылға дейін 23,1 13,0
5 жылдан көп уақытқа 9,0 8,1 5 жылдан көп уақытқа 13,1 12,6

Көріп отырғанымыздай, банктің өзіне қарағанда заңды және жеке тұлғалар кейбір позициялар бойынша кірісті бірнеше есе аз алады. Ақша салудың тиімді көздерін таппаған халық бұған қарамастан ақшасын банктерге сеніп тапсырады.

ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛҒАН РЕЙТИНГТЕР

Қазақстандық салымшылардың жартысы банктерде жатқан ақшасын алып қойса, елдің банк жүйесінің күйі қандай болмақ? Бұл жағдайды ЕДБ-дің шетелден алатын несиелер ағыны кілт тоқтаған 2008 және 2009 жылдармен салыстыруға болады. Ал әзірше бағаның қымбаттауынан қорғануды ұйғарған қазақстандықтардың ақшасы инфляция салдарынан біртіндеп құнсызданып барады.

Азаттық тілшісімен сұхбаттасқан білім және ғылым министрлігінің экономика институтының директоры Оразалы Сәбден:

- Қаржы саласын баяғыда реформалау керек еді. Давоста өтетін дүниежүзілік экономикалық форум жыл сайын құрастыратын бәсекеге қабілеттілік жөніндегі АТФ банкі жарнамасы. Алматы, 6 ақпан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

АТФ банкі жарнамасы. Алматы, 6 ақпан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

әлемдік рейтингте Қазақстан 51-орында. Ал «Қаржы нарығын дамыту» бөлімінде Қазақстан 115-орында. Бұл қалай? Үкімет «Біздің қаржы секторымыз ілгері басып келеді, банктер тиімді жұмыс істеп жатыр» деп үнемі мақтанады. Алайда мына дағдарыста банктер өз міндеттемелерін орындай алмады, - дейді.

Қазақстан премьер-министрі Серік Ахметов қаңтар айының аяғында өткен үкімет отырысында Doing Business рейтингіндегі позициялар бойынша жұмыс әлсіз жүргізілетінін ескерткен еді. Серік Ахметов құрылыс жүргізуге рұқсат беру жөніндегі жұмыстың нашарлығын айтты: бұл позиция бойынша Қазақстан 155-орында. Алайда ол «Несиелендіру» (83-орын) мен «Халықаралық сауда» (182-орын) индикаторлары бойынша Қазақстан иеленген төмен рейтингтер туралы үндемеді.

- Ұлттық банк пен ЕДБ туралы жаңа заңдар қабылдау қажет. Қаржы секторы тауар өндірушілерге қарай бет бұруы тиіс. Өкінішке қарай, бұл шаруа қолға алынбай жатыр, - дейді білім және ғылым министрлігінің экономика институтының директоры Оразалы Сәбден.

Оразалы Сәбденнің айтуынша, банк жүйесін парламент қатаң қадағалауы тиіс. Банк қызметін негізгі реттеушінің заң шығарушы органға бағыныштылығы АҚШ, Германия, Швейцария, Голландия және басқа елдердің тәжірибесінде бар. Қазақстанда Ұлттық банк ел президентіне тікелей бағынады.

Мақала материалын әзірлеуге Азаттық тілшісі Руслан Меделбек қатысты.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG