Accessibility links

Мемлекет көмегі Назарбаев отбасы мүшелерінің бақылауындағы банктерге ғана берілуде

  • Есен СМАҒҰЛОВ

Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың күйеу баласы Т. Құлыбаев

Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың күйеу баласы Т. Құлыбаев

Fitch Ratings агенттігі ірі қазақстандық банктер мен ұлттық компаниялардың рейтингін төмендетті. Әлем экономикасы алаңдатарлық жағдайда. Тимур Кұлыбаевтың бақылауындағы қаржы институттарын сақтап қалу үшін бұзылмайтын Мұнай қорынан миллиардтаған доллар шығарылды .

Халықаралық Fitch Ratings рейтинг агенттігі қазақстандық 10 қаржы институтының рейтінгін төмендетті. Ақпанның басында ғана мемлекет меншігіне алынған БТА және Альянс банктері екі деңгейге құлдилады. "Казкоммерцбанк", Халық банкі, “Центркредит” банкі, "Темірбанк", Kaspi Bank, және "Цеснабанк", сондай-ақ “Астана Финанс” әрі “Астана Финанс-Лизинг” компанияларының рейтингі бір сатыға түсті. Еуразиялық банктің рейтингілік болжамы “тұрақтыдан” “негативке” өзгерді.

Бұрын агенттік бақылау үшін Қазақстан дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін тізімге енгізіп қойған еді. Бұл егеменді рейтингтердің төмендеу ықтималдығын білдіреді. Nasdaq қаржы сайтында жарияланған Fitch Ratings баспасөз баянында үкіметтің қаржы жағдайының анағұрлым осал бағыттары көрсетілген. Сарапшылар валюталық резерв жағдайының болашағына да күмәнді.

Әзірге агенттік мемлекеттік қарыздың қалыпты деңгейін алға тартып, егеменді рейтингтерді төмендетуді қажет деп санамайды. Банктер мен нақты экономикаға арналған бірнеше миллиардтаған мемлекеттік көмек пакеті болса қысқа мерзімдік қана әсер етуі ықтимал. Сарапшылардың нұсқауынша әлі-ақ кезекті қаржылай көмекті мемлекет бақылауына көшкен банктерге ұсынуға тура келеді. Ол көмектің ауқымы жағдайдың әлсіреуіне қатысты күтілгендегі мен БТА банкі және Альянс Банктегі ірі мәселелерден асып түсуі мүмкін.

Баспасөз баянынан осы тұрғыдағы үзіндіні келтірсек: “2003-2007 жылдары өсімнің орта көрсеткіші 10 пайыздан түспеген ІЖӨ (ішкі жалпы өнім) 2008 жылы 3,2 пайызға баяулады. Ресми есептердің біріне сәйкес күмәнді несиелер үлесі 2008 жылы 3,1 пайыздан 8 пайыздан астамға көтерілді, жағдай одан әрі нашарлауы мүмкін, өйткені өсу бағыттары болымсыз күйде. Сонымен қатар осы айдағы ұлттық валюта — теңгенің 25 пайыздық девальвациясы шетелдік валютада номинацияланған несиелер жағдайына кері әсерін тигізеді (2008 жыл соңындағы бүкіл несиелік портфельдің 44 пайызы)”.

2008 жылдың қыркүйегінен бері Қазақстанның тәуелсіз сыртқы активтері 7,2 пайызға құлдилады, себебі мұнай бағасының төмендеуі елдің сырттан келер табысын азайтты, дәл сол уақытта қарыз алушылар 2008 жылдың соңғы тоқсанында сыртқы қарыз бойынша 6,1 млрд. доллар төлем жасауға тиісті еді. Орталық банктің бағалауы бойынша 2009 жылы сыртқы қарыз төлемі 14 млрд. долларды құрамақ.

Fitch сарапшылары жағдайды ары қарай бақылай бермек, оларды, әсіресе девальвациядан кейінгі валюталық резервтің ысырап болатын тұстары мен қаржы жүйесіне деген, сонымен бірге отандық салымшылардың ұлттық валюта мен банктерге деген сенімінің деңгейі қызықтыратын болады.

Nasdaq сайтында жарияланған Fitch Ratings баспасөз баяндарының келесі бірінде бақылау тізіміне тағы қазақстандық жеті компания іліккен, олардың арасында “Қазақстан Темір Жолы”, KEGOC, “ҚазМұнайГаз”, “ҚазТрансОйл” және “Қазатомөнеркәсіп” бар.

Батыс газеттері Шығыс Еуропадағы жағдайға алаңдаулы. Айтпақшы, дәстүр бойынша Қазақстанды да сол аймаққа жатқызады. Сондықтан көптеген тұжырымдар Қазақстанға тікелей қатысты болмаса да, үлгі аларлық сабақ болуға жарайды. die Presse атты австриялық газет аймақтағы жағдайды қарқынды экономикалық өсуден кейінгі “несиелік бас жазу” деп бағалауда.

Статистикаға жүгінсек, әрбір жеке шаруашылықтың қарызы екі жыл сайын еселеніп отырған. Несиелік төлемдері бүкіл кірістерін жұтып алады. Әсіресе Румыния, Болгария, Хорватия және Венгриядағы жағдай барынша қиын.

Несие алған әрбір үшінші шығыс-еуропалық отбасы өткен жылы кірісінің 20 пайыздан астамын төлемге жұмсауға мәжбүр болған. Бәрінен де қарызға қатты батқан румындар мен балғарлар, олардың елдерінде қарызгерлердің жартысынан астамы несиесін қайтара алмай қиналуда.

Украинада жағдай тіпті қиын, ол ел мемлекеттік банкроттың алдында тұр. Жұмыссыздар саны алдағы айда 4 миллионға жетуі мүмкін. Ал, қыркүйекте ғана 3 пайызды құраған несие қайтара алмаушылар саны төрт пайызға жетпек.

Газет банкілік несие беру шарттарының қатайғаны жайында жазады: “UniCredit мәліметтеріне сәйкес, ұзақ мерзімді ипотекалық несиені ұсақ, қысқа мерзімді әрі қамтамасыз етілген несие алмастыруда. Жылжымайтын мүлік нарығындағы шарықтау да тәмам болды. Балтық елдерінде, Қазақстанда және Венгрияда жылжымайтын мүлік нарығы әлдеқашан қираған. Польша мен Румыниядағы жағдай да сол, жылжымайтын мүлік бағасы түсуде, әсіресе үлкен қалаларда.

Солай бола тұра, аймақтағы биліктердің экономика мен қор нарығындағы дағдарыс құбылыстарына деген қимылы толықтай сәйкес болып отырған жоқ. Wirtschaftsblatt атты австриялық іскерлік газет Шығыс Еуропа үкіметтерінің соңғы қимылдарына сенімсіздікпен қарауда.

Мәселен, 10 мың деңгейге төмендеген BUX венгрлік қор индексі елдің премьер-министрін “қысқа қағаздар” бойынша мәмілелерге тыйым салу жөнінде ұсыныс жасауға мәжбүрледі. Басылым “егер олар банктерді өз қарауына өткізетін болса, неге заң бойынша биржалық бағамдарды да белгілемеске?” деген сұрақ қояды.

“Бұл тапқырлық? – деп, кекесінді сұрақ қойған Wirtschaftsblatt Қазақстанға ауыса отырып. – Қазақстанда банктерге көмектесудің сықпыты тіпті қызық. Мемлекет банктерге 18,3 млрд. доллар орналастырды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мүшелерінің бақылауындағы "Нұрбанк" пен "Халық Банкке" бәрінен көбірек бұйырды. Бұл шаруа “Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қорының қадағалауымен жүруде. Оның басшысы мен Халық Банкінің атқарушы директоры Назарбаевтың күйеу баласымен тығыз байланысты. Сол себепті ұтылыстан сақтанған инвесторлар банк акцияларымен қатар “Қазақголд” пен “Қазақмыс” бағалы қағаздарынан да құтылуға тырысады.

Ресей билігі де экономиканы бақылауда ұстауға ұмтылады: “Мәскеуде премьер Владимир Путин соңғы кездері сарапшыға айналған, ол жылдың екінші жартысында бағам өседі деп болжауда”. Бірақ әзірге қор нарығы Кремль пәрменіне құлақ аспай тұр: жыл басынан бері ресейлік индекстер шамамен 20 пайызға құлдилады, бұл үрдіс жұма күні “ Северсталь”, “Сбербанк” және “Норникель” акцияларының төмендеуіне ұласты.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG