Accessibility links

Хоккейшінің әйелі Қазақстан туралы жазбайтынын айтты


Стейси Даллмэннің Қазақстан туралы блогы.

Стейси Даллмэннің Қазақстан туралы блогы.

«Астаналық «Барыс» хоккей клубының капитаны Кевин Даллмэннің отбасы Қазақстаннан кетті» деп хабарлайды ақпарат құралдары. Хоккейшінің әйелі Стейси Даллмэн мұны өзінің Қазақстанды сынап жазған блогының әсері деп біледі.


Yahoo компаниясының спорт жаңалықтары парақшасы Стейси Даллмэннің Қазақстандағы жемқорлық туралы блогы интернетте танымал болған тұста оның күйеуі Кевин Даллмэннің «Барыс» клубымен арадағы келісім-шарты тоқтатылды, Бұл канадалық азаматтың отбасы Қазақстаннан қуылды деп хабарлады.

ЕҢ МЫҚТЫ ШАБУЫЛШЫ

Ресейлік «Спорт-Экспресс» порталының мәліметінше, канадалық легионер, астаналық «Барыс» клубының капитаны Кевин Даллмэн келесі маусымда басқа клубқа өтуі мүмкін.

«Барыстың» негізгі қорғаушысы Кевин Даллмэн маусым аралық кезеңде қазақстандық клубтан кетеді. Канадалық ойыншының Астанадан бөлініп кетуінің ресми себебі айтылмайды. Алайда хоккейші отбасындағы себептерге байланысты команданы тастап кететін шығар» деп жазады басылым.

«Спорт-Экспресс» басылымының ақпаратына қарағанда, өткен маусымда Астаналық «Барыс» хоккей клубының капитаны Кевин Даллмэн. (Сурет Қазақстан хоккей федерациясының icehockey.kz сайтынан алынған). 11 сәуір 2012 жыл.

Астаналық «Барыс» хоккей клубының капитаны Кевин Даллмэн. (Сурет Қазақстан хоккей федерациясының icehockey.kz сайтынан алынған). 11 сәуір 2012 жыл.

құрлықтық хоккей лигасы қорғаушыларының арасында ең мықты шабуылшы деп танылған Кевин Даллмэнге ресейлік үздік командалардың бәрі қызығып отыр.

Сәрсенбі, сәуірдің 11-і күні қазақстандық «Тенгриньюс» ақпарат агенттігі Facebook парақшасында «бұқаралық ақпарат құралдары Кевин Даллмэннің «Барыстан» кетіп жатқанын хабарлады, ал қазақстандық хоккей клубының баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды» деп жазды. Бірақ кейінірек бұл хабар «Тенгриньюс» парақшасынан жойылды.

Азаттық радиосы «Барыс» хоккей клубының баспасөз қызметімен сөйлесті. Телефон трубкасын көтерген әйел адам «30-40 минуттан кейін қайта хабарласуымызды» сұрады. Осыдан кейін клубпен телефон арқылы байланыса алмадық.

«ДО СВИДАНИЯ!»

Кевин Даллмэннің әйелі Стейси Даллмэн сәуірдің 8-і күні «До свидания!» («Сау болыңыздар!») деп аталатын блог жариялап, енді Қазақстан туралы ештеңе жазбайтынын айтты.

Стейси Даллмэннің Қазақстанға қатысты жазбалары бұған дейін интернетте қызу пікірталас туғызған еді. Отанына оралысымен Астанадағы өмірін баяндап, Стейси Даллмэннің блогынан алынған скриншот. 4 сәуір 2012 жыл.

Стейси Даллмэннің блогынан алынған скриншот. 4 сәуір 2012 жыл.

ондағы жемқорлық пен өзге де мәселелерді айтқан шетел азаматы «Қазақстанда әділетсіздік орнаған» деп жазған.

Стейси Даллмэн Қазақстанда басынан кешкен оқиғаларын баяндай келе, ол елдегі жағдайдың үмітсіз екенін айтқан.

«Менің бір осал тұсым – әділетсіздікке шыдай алмаймын. Өздеріне заң бойынша тиесілі емес дүниені иеленгендерге бейжай қарай алмаймын. Қазақстанға байланысты нәрсенің бәрін жек көре бастаған сияқтымын. Себебі бұл жерде өмір сүру салты әділетсіздікке негізделген» деп жазған еді Стейси Даллмэн.

«Менің елден қуылуым – Астанадағы өткізген төрт жылда өзім куә болған әр істің дәлелі» деп жазады Стейси Даллмэн тақырыбы «До свидания!» деп орысша қойылған жазбасында

Канадалық хоккейші Кевин Даллмэннің әйелі Қазақстанмен қоштасқан соңғы жазбасында «қысым көрген мемлекеттің ендігі басшысы болуға әзір ақылды, алғыр жастар қалып бара жатқанын», бірақ «іс тындыруға ниет те, құлшыныс та бар екенін» айтады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG