Accessibility links

Үздік үш комментарий


Интернет клубта Азаттық веб сайтына қарап отырған жігіт. Алматы, 2 мамыр 2012 жыл.

Интернет клубта Азаттық веб сайтына қарап отырған жігіт. Алматы, 2 мамыр 2012 жыл.


Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (18 - 24 маусым) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.

АТЫ-ЖӨНІ КӨРСЕТІЛМЕГЕН

Таусылмаңыз! Халықты халық етуге биліктің өзі күш салып жатыр. Осылайша қыса берсе, бір күні өзі-ақ серпіледі. Биліктің ықпалымен алған доктор, академиктердің өресі осы болса, не шара?

Болат ағамыздың денсаулығына құдай өзі жар болсын! Жанболат жастайынан әділетсіздік көрсе, шыңдалады. Болашақта жақсы саясаткер болуына сабақ болсын, мұқалмасын деп тілейік!

Атабаев пен Мамайды Ақтауға алып кеткені туралы ақпарат тарады» атты мақалаға жазылған пікір)

АРА, ҰЯДАН

бәрі бос сөз!!
біз жылдан жылға орыстың қорасына қайта кіріп бара жатырмыз.

(«Ресейшіл Қазақстанда» Мәскеудің ықпалы кеміп барады» атты мақалаға жазылған пікір)

АУЫЛДЫҢ ҚАЗАҒЫ

Астахпіраллах-ай, "нұрғасыр" деген де мешіт бар екен-ау, сонда мынау тоналып, зорланып, қаналып, атылып жатқан заманның қай жері нұрланып кеткен екен?

Америкалық ғалымды кітапхана директоры қуып шықты» атты мақалаға жазылған пікір)

P.S. Құрметті оқырмандар,

Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.
XS
SM
MD
LG