Accessibility links

Үздік үш комментарий


Интернет клубта Азаттық веб сайтына қарап отырған жігіт. Алматы, 2 мамыр 2012 жыл.

Интернет клубта Азаттық веб сайтына қарап отырған жігіт. Алматы, 2 мамыр 2012 жыл.


Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (25-30 маусым) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.

АТЫ-ЖӨНІ КӨРСЕТІЛМЕГЕН

Қазақтың санасын көтермей, мұндай надандық жалғаса береді. Мына қу билікке қазақтың санасының төмен, надан болғаны тиімді болып тұр ғой. Сана біліммен көтеріледі. Ал, Қазақстанда білім беру жүйесі әлдеқашан күйреп, құрыған. Кезіндегі 10 жылдық біліммен тең білім алу үшін бүгінде кемінде магистр болуың керек.

(«Полициямен атысқандардың» ісін кім тексеріп жатқаны белгісіз» атты мақалаға жазылған пікір)

ХАҚНАЗАР ХАН

Дария сіз қызық жан екенсіз! Сіздіңше сонда сізден пара сұраған тергеуші ма апталдай азаматыңыз (еще қазақтың!) айтып жатқан??? Ол оңбаған сол бала шағасына армнан ас жегізгенше неге сол түрмеде шірімейді! Сонда ол пара алса қалыпты жағдайда ал сіз ұстап берсеңіз ол ел алдында ұят болғаны ғой я. Сіз қазір айтып жатсыз басыңызға түскен соң, ертең-ақ бәрін ұмытып, бәз баяғыдай биліктің журналисті болып қала бересіз-ау осы!

Жұрттың бәрін өзіңіздей көріңіз, СОЛ ҮШІНДЕ БІЗДЕ ӘДІЛДІК ЖОҚ! Бәрі болмасада 50% азаматтар күресетін болса бізде мүлде басқаша болар еді бәріде!

(«Журналист: Нақақтан күюді өз басыңнан өткізу бір басқа екен» атты мақалаға жазылған пікір)

ЖЫЛҚЫ, ТОҒАЙДАН

Біз осы өзбеке коп күліп жүрміз. Олардың саясаты өтте мықты. Біз мұнайдың арқасында 5 күн тойғанымызға өзбекке күлеміз. Ал оларда біздегі күрделі проблемалардың бірі де жоқ!
1. Оларда тіл проблемасы жоқ мүлде. Бәрі өзбекше, бар жиыны.
2. Демографиялық проблемасы жоқ. 28 млнға жетті бүгінгі күні олар.
3. Олар өте еңбекшіл халық. Жұмыртқадан жүн қырқады оларың.
4. Олар өздері осы күннің өзінде өздерін ешкімнен кем санамайтын мінезі бар халық. Өзгенің тілінде сөйлеуге әрекетте жасамайды олар, жалтаңдамайды жұмыс берген қазағыңада. Үйіңде 1 ай істесе керісінше сені өзбекшеге үйретіп кетеді олар.
Міне өзбек қандай халық!

(«Өзбекстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан шықты» атты мақалаға жазылған пікір)

P.S. Құрметті оқырмандар,

Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG