Accessibility links

Үздік үш комментарий


Интернет клубта Азаттық веб сайтына қарап отырған оқырман. Алматы, 2 мамыр 2012 жыл.

Интернет клубта Азаттық веб сайтына қарап отырған оқырман. Алматы, 2 мамыр 2012 жыл.

Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (9-15 шілде) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.

АЛДАНЫШ, АҚТАУ

Ойбой, ол мүмкіншілік бұдан жеті ай бұрын өтіп кетті ғой, келесі мүмкіншілікті аттай жиырма бес жыл күту керек!...

Жеті ай бұрын деп Жаңаөзенді айтып отырсаң, сол жеті ай бұрын Жаңаөзендегі қырғын, шырт ұйқыда жатырған халықты шапалақпен соғып оятып жіберді. Жаңаөзен - басы, қазір қазақ халқы оянып жатырған вулканды елестетеді. Булығып жатырған вулканның атылатын күні де алыс емес.

(«БҰҰ өкілімен кездесуде Жаңаөзен айтылды» атты мақалаға жазылған пікір)

ЗАМАН

Әйтеуір біреудің іші өтсе де діннен көретін боп барады мына атеист биліктегілер. Сәл намаз туралы ұшы шықса екен деп отыр ғой бұлар. Әкем марқұм айтатын дін дұшпаны болмаңдар деп. Аядай ғана ауылдың өзінен бірнеше мысал келтіретін "мынау мешіт бұзған, мынау пәленшені қаматқан, пәленшені қудалаған, дәуірі жүріп тұрғанда" деп.

Солардан ешбірі оңбады түбінде, қор боп өлді соңында, ұрпақтары оңбай келе жатыр міне бүгінге дейін, ұрпақ қалмады көбісінен.

Несіне намаз бен дінге соқтығады бұлар. Бәріміздің бауырларымыз, балаларымыз бар дін ұстаған. Өз басым олардан еш жамандығын көрмедім. Керісінше ондай иманды жастарға қарап қызығамын. Мінездері жібектей, дүние үшін жарбаңдамайды өтірік күліп. Дінді жек көретін азаматтар көп ұзамай бәлеге жолығады, мен осыған толық көзім жетті осы қысқа ғана өмірімде!

(«Шекарашының отбасы ұлдарының өлі-тірісін білмейді» атты мақалаға жазылған пікір)

ИІЛМЕГЕН ҚАЗАҚ, АҚТАУ

Жақияновты мен өз қара басым ешқандай айыптай алмаймын, ол жігіт ұзақ отырды, денсаулығын бұзып алды, сынбаймын деп. Ғалымжан бауырыма тек денсаулығы қалпына келуіне тілектеспін. Біле білсең Жақияновтың орны ерекше. Ол ірі тұлға болып қала береді. Жақияновтың кемшілігі, оның тым ерте оянғанында, халық қалың ұйқыда жатырғанда оянды. Жалғыздың үні шықпас деген. Сосын, ол уақытта ұялы телефон, интернет жоқ еді. Даусын халыққа жеткізіп үлгере алмады, оған қазіргідей мүмкіншілік болмады. Ал, енді қазір, тіпті басқаша. Билік мұны біліп отырған жоқ, сол Жақиянов құсатып, тұншықтырып тастаймыз деп ойласа қателеседі, бұл интернет заманы, Аравиядағы көтерілістер сол интернеттің жемісі. Жанболат пен Болат аға үндемей қалады деп мен айта алмаймын.

(«Жанболат Мамай босатылды» атты мақалаға жазылған пікір)


P.S. Құрметті оқырмандар,

Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG