Accessibility links

Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (16-22 шілде) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.

АТЫ-ЖӨНІ КӨРСЕТІЛМЕГЕН

Қазақ ауылдарының 80% пайызы осындай үйде тұрады, мемлекет қаражатының бәрі мақтан үшін Астанаға салып жатыр оны қарапайым халық ала алмайды

(«Қызылкесік тұрғындары бір айдан бері тесік шатыр астында отыр» атты мақалаға жазылған пікір)

АТЫ-ЖӨНІ КӨРСЕТІЛМЕГЕН

Жабық қоғамның ішіндегі іріңі, құрты, биті бізді айналып өтеді десеңдер өте қатты қателесесіңдер, бір тақ үшін бәр империалистердің көңілін табу мүмкін емес, әрқайсысы қараңғы қоғам ішіне бір-бір бомбасын алдын ала тығып қояды, қалғаны сауатсыз ситема өзі сақтап, тығып отырады, қай күні кімнің көңілін қалдырды соның бомбасы іске қосылады, қоғам ашық болуы керек, ашық пікірталас, талқылау арқылы елдің көзі ашылады, мұндай нәрселер мүмкін дұрыс адамдар шығар немесе жалдамалы біреулер шығар? Қысқасы осылай жалғаса берсе ешқандай жақсылық болмайды, құйрықтан қасқыр жеп жатса да басын оттыққа тыққан қойлар құсаған қазақтың бүгінгі тірлігі, ертеңі!!?.

(«Хизб ут-Тахрир Қазақстанда бой көрсете бастады» атты мақалаға жазылған пікір)

ЫЗАЛЫ МАҢҒЫСТАУЛЫҚ

Система түгел өзгермей, мұндай жұмыстардан еш нәтиже шықпайды. Бос жұмыс. КПД - 10%.

(«Органдардың аттестациясы жол ортасына жетті» атты мақалаға жазылған пікір)

P.S. Құрметті оқырмандар,

Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.
XS
SM
MD
LG