Accessibility links

Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (20 – 26 тамыз) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.

АТЫ-ЖӨНІ КӨРСЕТІЛМЕГЕН

Кланаралық қақтығыс астыртын жүріп жатыр. Биыл күзде олардың шайқасы екі жақтың да әлсіреп титықтауымен аяқталады. Олар бір-біріне өліспей беріспейміз деп жанталасып соттату, қамауға алумен жатқанда үшінші күш тың қарқынмен келіп билікті қолға алады…

(«Рысқалиев жайлы қауесет ақпараттық майданға ұласты» атты мақалаға жазылған пікір)

КУХНЯ ҚОБЫЛАНДЫСЫ

Бір жылдары "50 конкурентті елдің қатарына кіреміз, әне кіреміз, міне кіреміз" деп күні-түні қақсаған сөзден құлағым сарсып еді, қазір ол бағытта көрсеткішіміз шамасы мәз емес, үн жоқ қой.

(«Қазақстанның жетістігі – 83-орын» атты мақалаға жазылған пікір)

ҚАСҚЫР, ЖЕТІСУ

Баяғыда көрші тұратын бір байдың баласы мен кедейдің баласы күнде бірге ойнайды екен, сосын бір күні кедейдің баласы келмей қалыпты, ертесіне байдың баласы кедейдің баласына сен неге кеше ойнауға келмедің деп сұраса, анау біздің үйде ішерге шәй да жоқ, қарным аш келмедім десе, анау айтады дейді: үйлеріңде шәй жоқ болса, біз сияқты неге палау жемейсіңдер депті - дейді.

(«Астанада демалудың әр қыры» атты мақалаға жазылған пікір)

P.S. Құрметті оқырмандар,

Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.
XS
SM
MD
LG