Accessibility links

Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (22 – 27 қазан) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.


АРЫС, ШЫМКЕНТ

Жаңаөзен-қазақтың жанды жеріне тиген өте ауқымды мәселе. Бұл бір отырыспен, бір шешіммен біте қоятын іс емес. Егер 1986 жылғы Алматыдағы көтерілістің мұражайында талай құжаттар құртылып кетер болса да, мына қанды оқиғалы Жаңаөзенді есін білетін сәбиден бастап есейгендер де ұмыта қоймасы анық. Міне сол балиғаттағы баланың көз алдынан бет алды қашып бара жатқан қарусыз халық, оларды қуалап жүріп атып жатқан құқық қорғау орындарындағы полицайлардың еш кетпесі айқын. Тарих дөңгелегі қанша алға айналса да көп ұзамай бұл қанды оқиғаның беті ашылары анық. Ашылып та келеді.

Тәуелсіз комиссия Жаңаөзен оқиғасына баға берді» атты мақалаға жазылған пікір)


СЕРІК АБДІЖАМИ

"Биі көп елді - дау аралайды, дау көп елді - жау аралайды" (халық нақылы). Қазақ елінің болашағын ойлаған азаматтар бір-біріне кезек бере отырып, елді салқынқандылықпен басқаруы тиіс деп ойлаймын. Тұрып қалған су сасиды, бір адам ұзақ басқарса елді жемқорлық жайлайды. Оны ешкім де жоққа шығара алмас. Себебі, бұл сұмдықты бүгінде Қазақ халқының тәуелсіз ұрпағы өз көзімен көріп отыр...

Назарбаев Австрияда Жаңаөзен туралы cұраққа жауап берді» атты мақалаға жазылған пікір)


МАРАЗЫМ КРЕПШАЙЫТОВ, ыЗаКО

"Діни алаң тазарды"
Терістері жаза алды.
Бірақ енді қайтеміз
Адамы жоқ мазарды?

Лама Шариф «Қазақстанның діни алаңы тазарғанын» айтты» атты мақалаға жазылған пікір)


P.S. Құрметті оқырмандар, Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG