Accessibility links


Аzattyq.org оқырмандарының соңғы аптада сайтта жарияланған мақалаларға жазған комментарийлерінің назар аудартқандары.

БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Ақсы оқиғасы тура бір Жаңаөзен оқиғасының бір түрі. Ақсыда 6 адамға оқ атылса, Жаңаөзенде қанша адам атылды? Оқ атуға бұйрық бергендер әлі отыр, қырғыздар сияқты талап та қоя алмаймыз, осылай ез болып жүре беретін шығармыз.

Аты-жөні көрсетілмеген

Қырғызстандағы Ақсы оқиғасына – 10 жыл» деген мақалаға жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Кез келген өркениетті елде Қызылағаштағыдай жағдайда мемлекетте қаралы күн жарияланады. Тек бізде емес. Бізде жақсы бір-екі биенің құнын төлей салады да, ары қарай нұрланып жүре береді. Оған өзімізде үйреніп қалдық.

Қара қазақ, Таластан

Су қоймасы салынбаса, Қызылағаштың болашағы жоқ» дейді шаруалар» деген мақалаға жазылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Құдайға шүкір, әйтеуір дүкендерде қара нан жеткілікті ғой, аштан қатпаспыз. Ең алдымен Елбасымыз бен оның жақын тумалары әбден байып алсыншы, олардан артылғаны да жетер бізге. Әнау жолы Елбасымыз қатты қайғырып айтып еді: "әйелім екеуміз тек жалақыға қарап отырмыз, алған жалақымды сол бетінде әйелімнің қолына табыс етемін. Ал үйімдегі жалғыз джип машинама келсек, оны да балаларым алып берген. Өз халқыңмен бірге бірдей деңгейде күн көргенге не жетсін" деп. Сонда оны қатты аяғанымнан отырып алып еңкілдеп жылап алып едім. Балалары миллиардер болса ондай қаржы ауыр еңбекпен келеді, әйтеуір мұнай-газ, алтын-салтын, темір-терсек, зауыт, фабрикалар бәрі қолдарында ғой, алла жазса біздей кедей-кепшіктерге де қарасар. Не болыпты соншама, өздері жей бермес, соншама миллиардтарды көрлеріне алып кете ме халықпен бөліспегенде? Біздің қайыршылығымыз ештеңе етпес, ал ертең Елбасымыз кедейленіп қалса бар әлемнің алдында масқара емес пе! Айтпай ма "Ең бай ел Қазақстанның президенті кедей екен, туыс-тумалары жыртық көйлекпен жүр екен" деп. Шүкір дейік, біз шөп жесек те бірдеңе етіп амалдармыз, тек әйтеуір президентіміз жүдемесінші! Әумин.

Шүкіршіл, Қазақтың жерінде

Қазақстандағы кедейлер кімдер?» деген мақалаға жазылған пікір)

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG