Accessibility links

Алматы да, ауыл да «Президент жүлдесін» тігуге әуес


Волейболдан Қазақстан президенті кубогына арналған жарыстың эмблемасы.

Волейболдан Қазақстан президенті кубогына арналған жарыстың эмблемасы.

Алматыда волейболдан Қазақстан президенті кубогы жолындағы халықаралық турнир аяқталды. Ал спорт сарапшылары мен жанкүйерлер «соңғы кезде Қазақстанда кез-келген жарысты президент жүлдесі ретінде өткізу әдет болып барады» дейді.

Алматыда аяқталған ерлер арасындағы волейболдан президент кубогына Тунис, Бахрейн, Қытай, Таиланд және Қазақстан елдерінің құрамалары қатысты. Жалпы, бұл турнир осымен он тоғызыншы рет өткізіліп отыр.

"ПРЕЗИДЕНТТІҢ" ЖҮЛДЕЛЕРІ

Қазақстанда биыл ғана бұдан басқа, «президент жүлдесі үшін» деген бірнеше жарыс өтті. 2012 жылы маусымда ережесіз жекпе-жектен Польша, Түркия, Ресей, Жапония, Литва мен АҚШ арасында өткен турнир де президент жүлдесіне арналды.

2012 жылы тамызда Астанада хоккейден ірі халықаралық жарыс өтіп, оған Ресей, Беларусь командалары келді. Қазақстан хоккей федерациясы бұл жарысты президент кубогына арнап өткізді.

Алматы облысы Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылында бокстан оқушылар арасында турнир өткізілді. Бұл жарыс Назарбаев жүлдесі үшін болғанымен, қатысушылар жүзге де жетпеді.

Қызылорда облысында тоғызқұмалақтан өткен кішігірім турнирде де «президент жүлдесі» тігілді.

Енді Алматыда 10 қыркүйек күні волейболдан әйелдер арасындағы президент кубогы басталады.

«АУЫЛ-АЙМАҚТАҒЫ ЖАРЫСТАР ДА ПРЕЗИДЕНТКЕ АРНАЛАДЫ»

Спорт журналисі Несіп Жүнісбаевтың айтуынша, «Қазақстанда соңғы уақытта кез-келген жарысты «Президент кубогы» немесе «Президент жүлдесі» деп өткізу Спорт журналисі Несіп Жүнісбаев. (Сурет жеке мұрағаттан алынды).

Спорт журналисі Несіп Жүнісбаев. (Сурет жеке мұрағаттан алынды).

белең алып барады. Тіпті ауылдағы әкімдер ұйымдастырған спорттық шаралар да президенттің құрметіне арналады».

– Әлем елдерінде өз президенттеріне немесе корольдеріне арналған жарыстар бар. Бірақ Қазақстандағыдай көп емес. Санаулы ғана. Мысалы, Таиландта жыл сайын бокстан король кубогы өткізіледі. Ұлыбританияда ат спортынан патшайым атындағы жарыс бар. Ал Қазақстанда волейбол, күрес, теннис, бокс, ат спорты сияқты спорт түрлерінен президент кубогы деген жарыстар көп, – дейді спорт журналисі.

Алматыдағы «Шаңырақ» спорт мектебінің директоры, күрес бапкері Асқарбек Иманқұлов ауылдағы жарыстардың президент кубогы ретінде өткізілуіне қарсы.

– Ірі халықаралық жарыстарды президент кубогы үшін өткізуде тұрған ештеңе жоқ. Бірақ ауыл-аймақтағы шағын жарыстарды елбасының атымен атау – әбестік. Волейболдан ерлер арасында өткен Нұрсұлтан Назарбаев кубогы. Алматы, 2 қыркүйек 2012 жыл. (Сурет Қазақстан волейбол федерациясының ресми сайтынан алынды).

Волейболдан ерлер арасында өткен Нұрсұлтан Назарбаев кубогы. Алматы, 2 қыркүйек 2012 жыл. (Сурет Қазақстан волейбол федерациясының ресми сайтынан алынды).

Ауылдағы қазыналы қарттар мен өз аймақтарынан шыққан басқа да тұлғаларға арнаса да болады ғой, – дейді спорт мектебінің басшысы.

Спорт жанкүйері Нұржан Қоңырбайдың пікірінше, «ауыл әкімдері президент кубогын өткізу арқылы бедел жинауға әуес».

– Соңғы кезде Қазақстанда ірі халықаралық жарыстарды былай қойып, кішігірім жарыстардың президенттің атымен өткізіліп жүргенін көп байқадым. Негізі ауылдағы әкімдер аудан, облыс, тіпті республика алдында бедел жинау үшін «Президент жүлдесі» деп жарыс өткізетін сияқты. Бұл – әкімдер үшін жыл соңында есеп беруге де жақсы бастама, – дейді ол.

«АТЫ МЕН ЗАТЫ» ЖӘНЕ «ТЫҢ СЕРПІН»

Спорт журналисі Амангелді Сейітхановтың ойынша, «президент кубогының ауылда немесе қалада өткізілуі маңызды емес – тек оның деңгейіне мән беру керек».
Үш ауылдың баласы бірігіп, президент кубогын сарапқа салып жатса – ұят.

– Жарыстың аты зор болса, деңгейі де жоғары болу керек. Үш ауылдың баласы бірігіп, президент кубогын сарапқа салып жатса – ұят. Қазақстанда теннистен, волейболдан президент кубогы дұрыс өтіп жатқан жоқ. Қатысушыларының деңгейі төмен, – деді журналист Амангелді Сейітханов.

Журналист Тәжімұрат Әлжанов та «Президент кубогы» деп аталған жарыстарға «орташа командалар емес, әлемдік жұлдыздарды шақырған жөн» деп ойлайды.

- Президент кубогы болған соң оған мықты командалар келу керек. Бірақ Журналист Тәжімұрат Әлжанов. (Сурет жеке мұрағаттан алынды).

Журналист Тәжімұрат Әлжанов. (Сурет жеке мұрағаттан алынды).

Қазақстанда ұйымдастырылып жатқан президент жүлдесі үшін өткен жарыстарға көбіне орташа командалар ғана келеді. Президент кубогын өткізсек, онда әлемдік жұлдыздарды шақырған жөн. Сонда ғана бұл жарыстардан ұтарымыз көп. Жанкүйер мол жиналады. Спорттың дамуына серпіліс береді, - деді журналист

Ал Қызылорда облыстық спорт басқармасының бастығы Садық Мұстафаевтың айтуынша, «жарыстарды президент кубогы деп өткізу спорттың дамуына тың серпіліс береді».

– Президенттің жүлдесі үшін өткізілетін жарыстардың маңызы зор. Жеңіске жеткен жас спортшылар «елбасы турнирін ұтып алдым» деп айтып жүреді. Жарыстарды елбасының жүлдесі үшін өткізудің еш әбестігі жоқ, – деді спорт басқармасы бастығы.

(Мақаланы әзірлеуге Нұрмахан Ахметов қатысты)
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG