Accessibility links

Шетелдік пен азаматтың арасындағы статус


Қазақстанға көшіп келген оралман Дархан Бадауұлының балалары. (Көрнекі сурет).

Қазақстанға көшіп келген оралман Дархан Бадауұлының балалары. (Көрнекі сурет).

Сенатта қаралып жатқан «еңбек көші-қоны» туралы заң бойынша оралмандар квотасы жойылып, оларға тұрғын үй мен шаруашылық жер учаскелері және оңайлатылған несие берілуі мүмкін.

Нұрлан Қанағат – 2009 жылы Моңғолияның Баян-Өлгий аймағынан Қазақстанға оқуға келген оралман. Оның 2010 жылы Астана қаласына қоныс аударған отбасы қазіргі қолданыстағы заң арқылы оңайлатылған жолмен азаматтық алуға бір жарым жыл жұмсаған.

– Үш айда беріледі деген Қазақстан азаматтығын қыруар қаражат шығарып, бір жарым жылда әрең алдық. Біз ғана емес Қытайдан, Өзбекстаннан келгендер де азаматтыққа зорға жетті. Астана қаласында оралмандарды уақытша 28 күн ғана тіркейді. Қайта тіркелу үшін шекара асып келуің керек. Сөйтіп бірнеше рет Моңғолияға баруға тура келді. Отбасымызда ақыры әйелім азаматтық ала алмай қалды. Қазір қолында ықтияр хат қана бар. Мұнан былай азаматтықты бес жылда беретін болса, оралмандардың жайы қиындай түседі екен, – дейді ол Азаттыққа.

Қазан айының басында парламент сенаты Нұрлан Қанағат меңзеп отырған ресми құжатты - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен Жол бойында жұмыс берушіні күтіп отырған оралман аналар. Алматы облысы Талғар ауданы, Жалғамыс ауылы, 17 қазан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Жол бойында жұмыс берушіні күтіп отырған оралман аналар. Алматы облысы Талғар ауданы, Жалғамыс ауылы, 17 қазан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарады.

Заң жобасында кейбір заңнамалық актілерге, соның ішінде «Көші-қон туралы» заңға да өзгерістер енгізіліп, оралмандарға берілетін квота жойылып, Қазақстан азаматтығы бес жылдан кейін ғана берілетіні туралы тараған ақпараттар қоғамда түрлі пікір туғызды.

Бұл жоба туралы алғашқы ақпарат жарияланысымен Facebook әлеуметтік желісінде наразы пікір білдірушілер көбейді. Қазанның 12-сінде Астана қаласында осы өзгерістерге қарсы бірнеше қоғамдық белсенді үкіметке жолданатын үндеу хатқа қол қоюға шақырды. Ал қазанның 22-сінде Алматы қаласында бір топ ақын-жазушы мен оралмандар құқығын қорғаушы белсенді арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, президент Назарбаевты аталған заң жобасына қол қоймауға үндеді.

«ТҮСІНІКСІЗ ӨЗГЕРІСТЕР»

Қытайдан қоныс аударған Серік Керей келесі жылы Қазақстанға оқуға келгелі отырған інісінің қандай шырғалаңға түсуі мүмкін екенін:

– Оқуға тапсыру үшін тұрақты тіркеу керек, тұрақты тіркеуге тұру үшін Қазақстанға бұған дейін келген оралмандар куәлігінің сыртқы мұқабасы. Алматы, 18 қараша 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстанға бұған дейін келген оралмандар куәлігінің сыртқы мұқабасы. Алматы, 18 қараша 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

азаматтықа тапсыру керек, азаматтыққа тапсыру үшін бес жыл күту керек, – деп суреттеді Азаттыққа.

Оның пікірінше, бес жылдан кейін азаматтық берілетін болса, онда туыс адамдар тағы да шекараның екі жағына бөлініп қалады.

Шетелден келген оралмандардың бірі, қоғамдық белсенді Ауыт Мұқибек «Көші-қон» заңына енетін өзгерістердің түсініксіз тұстары көп деп санайды.

– Азаматтық алу мәселесін осыған дейін де қиындатқан болатын. Енді бес жылға созатын болса, онда оралмандар қалай күн көреді, қалай жұмыс істейді? «Оралман ретінде оңайлатылған кредит береміз» дейді. Ал ол оралман қайтадан шетелге кетіп қалса қайтеді, осындай мәселелерді қалай реттейді? – дейді Ауыт Мұқибек.

«ЗАҢ ЖОБАСЫ ӘЛІ ӨЗГЕРЕДІ»

Азаттық тілшісі осы заң жобасын талқылауға қатысқан бірнеше сенат депутатына телефон шалғанда, олар комментарий беруден бас тартты. Депутаттардың бірінің көмекшісі: «Заң жобасы әлі сенаттан өтпеген, тек бірінші оқылымда қаралған. Есіл ауылындағы мектепке бармаған оралман отбасыларының балалары. Қарағанды облысы, 2 қыркүйек 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Есіл ауылындағы мектепке бармаған оралман отбасыларының балалары. Қарағанды облысы, 2 қыркүйек 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Бірінші оқылымда заңның нормасын емес, тек тұжырымдамасын қарайды. Яғни алғашқы оқылымда заң тұжырымдамасы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сай келетіні тексеріліп, бекітілген» деді.

Парламент сенатының осы заңды қараған конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің бөлім меңгерушісі Рашид Евниевтің Азаттыққа айтуынша, көші-қон туралы заң жобасына әлі көптеген өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Рашид Евниев Азаттық тілшісінің сұрауына орай заң жобасының алғашқы оқылымындағы оралмандарға қатысты жайттарды айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, жаңа заң жобасы бекісе, оралмандарға бұрынғыдай квота берілмейді. Бірақ оның орнына үй салуға, шаруашылықпен шұғылдануға жер учаскесі таратылады. Оралмандардың тұрғын-үй құрылыс банкі арқылы оңайлатылған кредит алуларына болады. Яғни Қазақстанның азаматы болмаса да, әлеуметтік тұрғыда нашар қорғалған топқа тиесілі барша құқықтар мен жеңілдіктерді иеленеді.

– Қазіргі ұсынылып отырған жоба бойынша оралмандарға азаматтық бес жылдан кейін, бірақ оңайлатылған тәртіппен беріледі. Жалпы тәртіп бойынша Қазақстанға тұрақты тұруға келген кез-келген шетелдік азамат бес жылдан кейін азаматтық алуға құқылы. Бірақ оларға азаматтық рәсімделіп болғанша тағы да бір жыл өтеді. Ал оралмандар бес жылдан кейін үш айдың ішінде азаматтық алады, – дейді Рашид Евниев.
Оралман мәртебесі - Қазақстан азаматы мен шетелдік азамат мәртебесінің арасында. Бірақ соның өзінде мемлекет оларға өте үлкен жеңілдік жасап отыр.

Евниевтің айтуынша, тарихи отанына оралған шетелдік қазақтарға оралман мәртебесі беріліп, мамандығына қарай жұмысқа орналастырылады.

– Оралман мәртебесі - Қазақстан азаматы мен шетелдік азамат мәртебесінің арасында. Бірақ соның өзінде мемлекет оларға өте үлкен жеңілдік жасап отыр. Жай шетелдік азаматқа бес жыл ішінде ондай ешбір жеңілдік жасалмайды, – дейді ол.

Рашид Евниевтің сөзіне қарағанда, азаматтық алмаған оралман әлдеқандай себеппен кері қайтқысы келсе, өзіне берілген жер учаскесін жеке мүлкі ретінде сата алмайды. Оны жергілікті атқарушы органдар бақылайды.

Көші-қон заңына енетін өзгерістер бойынша бұдан былай оралмандар Қазақстанда өзі қалаған жерге қоныстана алмауы мүмкін. Заң жобасы бекісе, оралмандарды қай өңірге орналастыру мәселесін үкімет анықтайды.

«ЕЛБАСЫНЫҢ ЖҰМСАҚ ЖҮРЕГІ»

Қазанның 22-сі күні Алматы қаласында бір топ қоғамдық белсенді «Көші-қон туралы» заңға енуі мүмкін өзгерістерге қарсылық білдірді. Баспасөз-мәслихатында сөйлегендер бұл заң жобасы туралы ақпарат құралдарынан біліп Көші-қон туралы заңға байланысты баспасөз мәслихатын өткізушілер (солдан оңға): Зардыхан Қинаятұлы, Мұхтар Шаханов, Қабдеш Жұмаділов, Асылы Османова, Рахым Айыпұлы. Алматы, 22 қазан 2013 жыл.

Көші-қон туралы заңға байланысты баспасөз мәслихатын өткізушілер (солдан оңға): Зардыхан Қинаятұлы, Мұхтар Шаханов, Қабдеш Жұмаділов, Асылы Османова, Рахым Айыпұлы. Алматы, 22 қазан 2013 жыл.

отырғандарын, «ендігі бар мәселе елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тіреліп тұрғанын» айтты.

Баспасөз-мәслихатында сөйлеген белсенді Асылы Османова «депутаттардың қазаққа деген жүрегі тас болғанмен, елбасының (президент Назарбаевтың – ред.) елге деген жүрегі жұмсақ екеніне» сенетінін айтты.

Бұл өзгерістер «шеттен қазақты келтірмеудің астыртын амалы» деп санаған жазушы Қабдеш Жұмаділов:

– Жалпы, президент ақылы бар адам ғой, бұл заңға қол қоя салмас деп ойлаймын. Бүкіл халықтың, демократияның кепілімін деп отырған адамнан халықтың мүддесіне қайшы келетін мұндай ұшқары заңға қол қоймауын талап етеміз, – деді.

«Президентке ашық хат жіберуді» ұсынған ақын, тіл белсендісі Мұхтар Шаханов «президент хатқа пысқырып қарамаса, одан да басқа мәселелерді тізіп, алдағы кезеңде үлкен деңгейде көрсететінін» мәлімдеді.
  • 16x9 Image

    Асылхан МАМАШҰЛЫ

    1973 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда пединститутын бітірген. 1997-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған. "Қазақ энциклопедиясы" баспасында (2001-2007), республикалық "Ана тілі" газетінде (2007-2009) , "ABDI-press" орталығында (2009-2010) жұмыс істеген. 2011 жылдан Азаттық радиосының тілшісі.

    Тарихи, саяси мәселелер тақырыбында жазады, белгілі тұлғалардың саяси портреттерін жасайды. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG