Accessibility links

«Араздық қоздырғанға» жазаны күшейтпек


«Әлеуметтік араздықты қоздырды» деген айыппен жеті жарым жылға сотталған оппозиция жетекшісі Владимир Козлов (оң жақта) полиция қызметкерлерімен сөйлесіп тұр. Ақтау, 21 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

«Әлеуметтік араздықты қоздырды» деген айыппен жеті жарым жылға сотталған оппозиция жетекшісі Владимир Козлов (оң жақта) полиция қызметкерлерімен сөйлесіп тұр. Ақтау, 21 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан парламенті мәжілісі әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздырғаны үшін 15 жылға дейін түрме жазасын тағайындайтын жаңа заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Қаңтардың 29-ында парламент мәжілісі алғашқы оқылымда қабылдаған қылмыстық кодекстің жаңа редакциясына сәйкес, әлеуметтік, ұлттық араздықты қоздырғаны үшін 15 жылға дейін түрмеге кесу жазасы қарастырылған. «Терроризм» және «экстремизм» баптары бойынша да жаза мерзімін ұлғайту көзделген.

ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ АЙЫБЫ

Бас прокуратура бұл қылмыстарды Қазақстан қоғамына зор қауіп төндіретін қылмыстар қатарына жатқызады.

– Қазір терроризм мен экстремизм баптары бойынша 27 қылмыстық құрам бар. Оның жетеуі бойынша жаза мерзімі ұлғайтылды. Ең бастысы, «трансұлттық экстремистік топ» деген ұғымды енгіздік. Бұрын мұндай ұғым болмаған, бірақ мұндай ұғымның қажет екенін өмір көрсетті. Әлемде не болып жатқанын өздеріңіз де көріп отырсыздар ғой, - дейді бас прокурордың орынбасары Иоган Меркель.

Кодекс жобасына сәйкес, террористік акт кезінде адам өлімі болмаса және «террорист» өзінің діни радикалды көзқарас-сеніміне өкінсе, бұл қылмыстар бойынша сотталған адам қамау орнынан мерзімінен бұрын шартты жазамен босап шығуы мүмкін.

Ал заң жобасындағы «өкініш» процедурасын қалай өткізілетіні әлі белгісіз. Бірақ Иоган Меркель «бұл іспен айналысатын дін істері агенттігі сияқты тиісті құрылымдар бар, бұл Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Владислав Косарев.

Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Владислав Косарев.

бағытта тиісті бағдарлама бар, оны тиісті мамандар анықтайды» деді.

Парламенттің пленарлық отырысында депутат Владислав Косарев бұл баптарға қатысты наразылығын айтты. Ол "бұл баптар бойынша тым жеңіл жаза қарастырылған" деп, өлім жазасын енгізуді талап етеді.

– Егер адам террорист болса, кісі өлтірген адам өмір сүруге лайықты емес. Ондай адамға айыппұл ғана салмай, ату жазасын беру керек. Мұны бірінші баптан бастап жазу керек. Ал мына кодекстегі ең үлкен баптардың бірінің соңында ғана "өлім жазасы тағайындалуы мүмкін" деп жазылған, - дейді Владислав Косарев.

АРАЗДЫҚ ҚОЗДЫРУ АЙЫБЫ

164-бап бойынша әлеуметтік және ұлттық араздық қоздырғаны үшін жазаны үш жылға дейін ұлғайту ұсынылады. Мәжіліс отырысынан шыққан Иоган Меркельдің Азаттық тілшісіне айтуынша, «Бұл баптың үшінші бөлімінде ең жоғарғы жаза - 15 жылға дейін түрмеге кесу қарастырылған, қалған екі бөлімі бойынша да жаза мерзімі шамамен үш жылға дейін ұлғайтылған».

Мәжілісте бұл бап бойынша жасалған қылмыстар туралы статистика келтірілген жоқ. Бірақ Иоган Меркельдің айтуынша, 164-бап бойынша қазір «біраз адам көбінесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған».

Қазақстан соты «экстремистік басылымдар» деген желеумен жапқан газеттердің журналистері наразылық білдіріп тұр. Алматы, 6 желтоқсан 2012 жыл.

Қазақстан соты «экстремистік басылымдар» деген желеумен жапқан газеттердің журналистері наразылық білдіріп тұр. Алматы, 6 желтоқсан 2012 жыл.

Халықаралық құқық қорғаушылар "әлеуметтік араздық қоздыруға қатысты мәселелер жөніндегі Қазақстан заңдары халықаралық заң нормаларына қайшы, ал жалпылама жазылған заңды әркім өз қалауынша түсініп, қазіргі режимнің қарсыластары мен өзгеше ойлайтын жандарды қылмыстық қудалауға көмектеседі" деп есептейді.

Құқық қорғаушылар 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасынан кейін бұл бапқа ерекше назар аудара бастады. 2012 жылдың қазан айында «әлеуметтік араздықты қоздырған» деген айыппен оппозиция жетекшісі Владимир Козлов жеті жарым жылға сотталды. Оған «елдің конституциялық құрылымын күшпен құлатуға шақырды, қылмыстық топ құрды» деген де айыптар тағылған.

2012 жылдың желтоқсанында Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы: «Ұлттық қауіпсіздікті желеу еткен және «әлеуметтік араздық қоздыру» туралы бұлыңғыр бапты жамылған Қазақстан үкіметінің сөз еркіндігіне қысым көрсеткеніне бір жыл болды. Елдегі адам құқығын қорғауға қатысты алған міндеттемелерін арсыздықпен орындамай отырған билік өзін заңды әрі ашық сынаған жандардың аузын жабу үшін «экстремизм» бабын пайдаланады» деп мәлімдеді.

Жаңаөзен оқиғасынан кейін Қазақстанда «экстермистік басылымдар» деп танылған бірнеше оппозициялық ақпарат құралы сот шешімімен жабылды. Олардың бәрі 2011 жылдың 16-17 желтоқсанында 17 адам опат болған (ресми дерек бойынша) Жаңаөзен және Шетпе қанды оқиғалары туралы хабарларды ашық жариялаған.

Қазақстан заңдары бойынша әленуметтік және ұлттық араздықты қоздыруға «түрлі этникалық топ, ру, нәсіл және дін өкілдері арасында жанжал тудыру, оның соңын агрессивті шабуыл жасауға, ұрып-соғу мен қоқан-лоқы көрсетуге ұластыру, бөгденің мүлкін заңсыз иелену мен жоюға тырысу, құқықтары мен жеңілдіктерін шектеу» жатады.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG