Accessibility links

Телерадиохабар тарату туралы заң жобасы жайлы кереғар пікір көп


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

2006 жылғы Женева шешімі бойынша Қазақстан 2015 жылға дейін сандық жүйеге көшіп бітуі тиіс. Осыған орай өткен жылы «Телерадио хабар тарату туралы» заң жобасы таныстырылып, жыл басынан бері қоғамдық деңгейде талқыланды.


Бұл құжат қазанның 31-і күні Алматыда өткен медиақұрылтайда да билік өкілдері мен азаматтық қоғам өкілдері арасындағы қызу пікірталасқа түрткі болды.

«АЛАҢДАУҒА НЕГІЗ ЖОҚ»

Байланыс және ақпарат министрлігі ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Берсебаев заң жобасының елдегі отандық телеарналарды қолдауға бағытталғанын, құжатты сынаған мамандардың алаңдауына еш негіз жоқ екенін айтты.

– Мемлекет аймақтық және республикалық телерадиокомпанияларға Байланыс және ақпарат министрлігі ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Берсебаев. Алматы, 31 қазан 2011 жыл.

Байланыс және ақпарат министрлігі ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Берсебаев. Алматы, 31 қазан 2011 жыл.

сигналдарын таратып, қамтамасыз ету үшін ақша бөліп жатқаны көмек емес пе? – дейді Болат Берсебаев.

Мамандардың айтуынша, бұл заң жобасында елдегі телерадио тарату ісін дамыту бойынша комиссияның жұмысына тұтастай бір бөлім арналған.

Қоғам өкілдері бұл комиссияға бірде-бір азаматтық қоғам өкілі кірмегендігін сынап, оның тәуелсіз жұмыс істейтігіндігіне күмән келтірген еді.

Болат Берсебаев бұл комиссияның міндеті қоғамдық мүддені ескеру мен қорғау екенін, оның құрамы заң бойынша анықталғанын айтты.

«МОНОПОЛИСТЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙДЫ»

Ал азаматтық қоғам өкілдері, құқық қорғаушылар бұл заң жобасын қазіргідей күйде қабылдау қауіпті екенін айтады. Өйткені, заң жобасы мемлекеттік органдарға барлық амалдар арқылы (лицензиялаудан бастап цензураға дейін) телерадио нарығын бақылайтын өкілет береді.

Ұлттық телехабарлар тарату қауымдастығының атқарушы директоры Шолпан Жақсыбаеваның айтуынша, «бұл заң жобасы мемлекеттің, монополистердің құқықтарын қорғауға бағытталған». Қоғамдық ұйым өкілінің «монополист» деп отырғаны – бұл заң жобасы арқылы болашақта Ұлттық телехабарлар тарату қауымдастығының атқарушы директоры Шолпан Жақсыбаева. Алматы, 31 қазан 2011 жыл.

Ұлттық телехабарлар тарату қауымдастығының атқарушы директоры Шолпан Жақсыбаева. Алматы, 31 қазан 2011 жыл.

жүзеге асатын елдегі телерадио тарату ісін бақылайтын, жүз пайыз мемлекетке қарайдтын «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы.

– Заң жобасы жасырын түрде мемлекеттік монополизмді заңдастырады. Сөйтіп, оны заңды қып шығарады. Бұл заң жобасында нарық заңдары жоққа шығарылған. Заң жобасында телерадио тарату ісі сияқты өте әлеуметтік маңызды салада қоғамның қатысуы сияқты тұс мүлде қарастырылмаған, –дейді Шолпан Жақсыбаева.

Мамандар заңның «телерадио нарығындағы процедураларды жабық түрде өткізбек» бабынан да секем алып отыр. Олардың айтуынша, бұл құжат мемлекеттік органдарды ісін ашық жүргізуге міндеттемейді.

Қоғамдық ұйымдар заң жобасын талқылау кезінде айтылған сын-пікірлерінің ешқайсысының ескерілмегеніне наразы болды.

«ХАБАР» КӨРСЕТЕТІН ЕЛ, «К-ПЛЮС» КӨРСЕТЕТІН ЕЛ»

«Әділ сөз» баспасөз қорғау ұйымының өкілі Елена Малыгинаның ойынша, бұл заң жобасы осыған дейін «шикі» күйінде қабылданған заңдар қатарын толықтырады.

– «Әділ сөздің» тәжірибесінде мұндай жайттар болған. Осыған дейін «Әділ сөз» баспасөз қорғау ұйымының өкілі Елена Малыгина. Алматы, 31 қазан 2011 жыл.

«Әділ сөз» баспасөз қорғау ұйымының өкілі Елена Малыгина. Алматы, 31 қазан 2011 жыл.

қабылданған заңдарда азаматтық қоғам өкілдерінің айтқан бірде-бір пікірі, бірде-бір ұсынысы ескерілмеді. Сондықтан бұл заң жобасы тек мемлекеттік мүддені қорғауға бағытталған. Көрерменге қарсы. Ешкім де «көрермен ашық та толық, жан-жақты ақпарат алсын» деп нұқып көрсете алмайды. Мысалы, «Хабар» жұмыс істеп жатыр. Тамаша! Біз де «Хабар» көрсететін елде тұрғымыз келеді. Бірақ, бәлкім, біз «К-Плюс» арнасы көрсетіп жатқан елде тұрып жатқан шығармыз. Біз мұны неге айтпаймыз? – дейді Елена Малыгина.

Оның пікірінше, бұл заң жобасы қабылданса, елде тәуелсіз арналар жабылып, тек интернет арқылы ғана күн ғана көреді.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG