Accessibility links

Назарбаевтың қызы мен күйеу баласы миллиардерлер тізіміне енбеді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеуі баласы Тимур Құлыбаев. Астана, 7 қыркүйек 2011 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеуі баласы Тимур Құлыбаев. Астана, 7 қыркүйек 2011 жыл.

Әлемдегі 2012 жылғы ең бай адамдардың «Форбс» журналы жариялаған тізіміне Қазақстаннан үш миллиардер енді. Бірақ ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара мен күйеуі баласы Тимур Құлыбаев биыл бұл тізімнен шығып қалды.


«Форбс» жариялаған биылғы тізімге 1 мың 226 миллиардер енді. Олардың бәрінің байлығын қосқанда 4,6 триллион доллар болады.

Байлар тізіміне жаңадан 460 адам қосылып, 441 миллиардер ол есептен шығып қалған.

«КЕДЕЙЛЕНГЕН» МИТТАЛ

Миллиардері бар 58 елдің арасында Перу, Морокко мен Грузия сияқты жаңа байлары қосылған мемлекеттер де тұр.

Бай адамдардың көбі бұрынғыдай АҚШ-та тұрады, ол елде 425 милииардер бар – былтырғыдан 12 адам артық.

Миллардерлердің саны жөнінен АҚШ-қа жетеғабыл елдер – Ресей (96 адам) мен Қытай (95 адам). 2011 жылы байлықтың көбіне ие болған BRIC елдері (Бразилия, Ресей, Үндістан мен Қытай) биылғы «Форбс» тізіміне өткен жылғыдан 26 адам кем қосты.

Журналдың есебінше, әлемдегі ең бай адам – Telmex компаниясының төрағасы, мексикалық Карлос Слим Хелу әулетінің 69 миллиард доллар дәулеті бар (2011 жылы 74 миллард доллары болған). Екінші бай адам – Microsoft компаниясын "АрселорМиттал" компаниясының иесі Лакшми Миттал. 14 қаңтар 2008 жыл.

"АрселорМиттал" компаниясының иесі Лакшми Миттал. 14 қаңтар 2008 жыл.

құрған Билл Гейтстің 61 миллиард доллар қаржысы бар (өткен жылы оның байлығы 56 миллиард доллар еді). Үшінші орында тұрған инвестиция шебері Уоррен Баффеттің байлығы – 44 миллиард доллар (2011 жылы 50 миллиард доллары болған).

Журналдың есебінше, өткен жылғы байлар тізімі жарияланғаннан бері көп қаржысынан айырылған адам – дүниежүзіндегі ең ірі болат өндіру компаниясы "АрселорМиттал" компаниясының иесі – Лакшми Миттал (Үндістан). 2004 жылдан бері әлемдегі ең бай 10 адамның бірі болған Миттал биыл 20,7 миллиард доллар қаржысымен 21-орынға түсіп қалды.

Митталдың орнына әлемдегі ең бай азиялық тұрғын, Гонгонгтан шыққан Ли Ка-шин ие болды.

МИЛЛИАРДЕР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР

«Форбс» журналының есебінше, әлемдегі аса бай адамдар тізіміне Қазақстаннан үш адам енген. Олар – Владимир Ким, Алижан Ибрагимов және Болат Өтемұратов.

Дүниежүзіндегі ең ірі мыс өндіретін компанияның бірі «Қазақмыстың» басшысы, «Қазақмыстың» президенті Владимир Ким. Алматы, 12 қыркүйек 2010 жыл.

«Қазақмыстың» президенті Владимир Ким. Алматы, 12 қыркүйек 2010 жыл.

бұрын Алматыда компартияның аудандық бөлімінде нұсқаушы болған, 2002 жылдан бері «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесіне енген Владимир Ким 3,5 миллард доллар байлықпен 314-орында тұр.

ENRC компаниясы акционерлерінің бірі Алижан Ибрагимов 418-орынға ие болған. Оның байлығы – 2,8 миллиард доллар. ENRC жуықта Конгодағы First Quantum Minerals кен орнын 1,25 миллиард долларға сатып алған еді.

Журналдың жазуынша, әлемдік деңгейдегі байлар тізіміне енген үшінші қазақстандық Болат Өтемұратов (байлығы 1,5 миллиард доллар) «кен өндірісіне, банке ісіне, қонақ үй бизнесіне инвестиция салған». Ол таяуда Мәскеу мен Венада қонақ үйлер сатып алған.

Бұрын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке іс басқарушысы болған Болат Өтемұратов Қазақстан президентінің бұрынғы жеке іс басқарушысы Болат Өтемұратов. Алматы, 12 қыркүйек 2010 жыл.

Қазақстан президентінің бұрынғы жеке іс басқарушысы Болат Өтемұратов. Алматы, 12 қыркүйек 2010 жыл.

2007 жылы АТФ-банкін италиялық UniCredit тобына сатқан еді.

«Форбс» журналының 2011 жылғы тізімінде 2,6 миллиард доллар байлығымен 938-орында тұрған ерлі-зайыпты Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева миллиардерлердің 2012 жылғы тізіміне енбеді.

Швейцариялық Трибун де Женев сайтының жазуынша, Қазақстан президентінің қызы мен күйеу баласы сол елден өткен жылы 75 миллион франкке сарай сатып алған

Журналдың былтырғы тізімінде 1 миллиард доллар байлығымен 1140-орынды иеленген Нұржан Субханбердин де («Казкоммерцбанктың» негізгі акционері) биылғы есепте жоқ.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG