Accessibility links

«Болашақ» жайлы үш дерек


АҚШ-тың Вашингтон қаласында жүрген қазақ студенті. (Суретті жүктеген Ырыс Аманкелді есімді оқырман жүктеген). Көрнекі сурет.

АҚШ-тың Вашингтон қаласында жүрген қазақ студенті. (Суретті жүктеген Ырыс Аманкелді есімді оқырман жүктеген). Көрнекі сурет.

Қазақстанның шетелге оқуға студент жіберетін «Болашақ» халықаралық бағдарламасының басталғанына 20 жыл болды. Бағдарлама аясында шетке кеткен студенттің 50-ден астамы еліне қайтпай қалған.

29 қарашада Астанада «Болашақ» халықаралық бағдарламасының 20 жылдығына арналған форум басталды. Форумға келген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл бағдарламаның 10 мыңыншы стипендиантына куәлік табыстады.

– «Болашақ» білім жүйесінің локомотивіне айналды. Бір жағынан экономикалық-әлеуметтік кеңістікте әлемдік технология трансферті магистралі қалыптасты, екінші жағынан біздің «болашақтықтар» арқылы әлем Қазақстан туралы, оның халқы, салт-дәстүрі, әлеуеті, мүмкіндіктері жайында көбірек біле түсті, – дейді Қазақстан президенті.

Қазақстандықтар «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемдегі ең үздік 200 университеттің бірінде білім алады. 1993 жылдан бері шетелде бакалаврлар оқытқан «Болашақ» бағдарламасы 2011 жылы мұны тоқтатып, магистр мен PhD курсын оқуы тиіс жастарды ғана жібере бастаған.

Жастардың «сәтті мансап пен өзін-өзі кәсіби жетілдіру кепілі» ретінде сипатталған бұл бағдарлама 20 жылдың ішінде біраз дауға да себеп болды.

Инфографика: «Болашақ» жайлы үш дерек
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG