Accessibility links

Болат Атабаев Гете медалін алды


Режиссер Болат Атабаевқа (сол жақтан үшінші) Гете медалі табыс етілді. Германия, 28 тамыз 2012 жыл. (Сурет Лұқпан Ахмедьяровтың Facebook парақшасынан алынды).

Режиссер Болат Атабаевқа (сол жақтан үшінші) Гете медалі табыс етілді. Германия, 28 тамыз 2012 жыл. (Сурет Лұқпан Ахмедьяровтың Facebook парақшасынан алынды).

Тамыздың 28-і күні театр режиссері Болат Атабаевқа Гете институтының сыйлығы табыс етілді. Режиссердің өзі Бундестаг депутаттарының Ақтауға келуге уәде еткенін жеңіске балайды.

Иоганн Вольфганг фон Гетенің туған күні (28 тамызда) ресми түрде табыс етілген бұл медаль – «Халықаралық мәдени қатынастар саласындағы ерекше еңбегі үшін» Германия мемлекеті атынан тапсырылатын марапат белгісі.

Марапаттау рәсімі Германияның Веймар қаласында өтті.

«АВТОРИТАРЛЫҚ РЕЖИМГЕ ҚАТЫСТЫ ПРИНЦИПШІЛ ПОЗИЦИЯ»

Гете институтының президенті Клаус-Дитер Леманнің айтуынша, «биылғы номинанттарды тек неміс мәдениеті ғана емес олардың азаматтық позициясы да біріктіріп отыр».

– Гете медалі қазақстандық режиссер Болат Атабаевқа, Босния жазушысы Джевад Карахасанға, Литва мәдениеттанушысы Ирена Вайсайтеге беріліп отыр. Олардың әрқайсысы саяси, діни және мәдени тосқауылдарға қарсы тұру арқылы марапатқа ие болды, – деді Клаус-Дитер Леманн.

Профессор Леманн Болат Атабаевтың «авторитарлық режимге қатысты принципшіл Режиссер Болат Атабаевқа берілген Гете медалі. Германия, 28 тамыз 2012 жыл. (Сурет Лұқпан Ахмедьяровтың Facebook парақшасынан алынған).

Режиссер Болат Атабаевқа берілген Гете медалі. Германия, 28 тамыз 2012 жыл. (Сурет Лұқпан Ахмедьяровтың Facebook парақшасынан алынған).

позициясын» айтып, «режиссер Атабаевтың шығармашылығы – оның ең үздік саяси манифесі» деді.

Клаус-Дитер Леманн Болат Атабаевтың азаматтық белсенділігіне қоса Жаңаөзен оқиғасын, Ақтау сотын да сөз етті.

Ал сыйлық иегері Болат Атабаев Гете шығармашылығын қазақтарға таныстырған Абайдың еңбегінің зор екенін айтты.

Жаңаөзен оқиғасына байланысты істе Қылмыстық кодекстің 65-бабы («шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату») бойынша қамаудан босап шыққан Болат Атабаев – 1954 жылдан бері танымал тұлғаларға берілетін Гете медалін алған тұңғыш қазақстандық.

«ӨНЕР АДАМЫН ТҮРМЕГЕ ҚАМАУ»

Режиссер Болат Атабаев Германияға үш апта бұрын барған. Ол тәуелсіз журналист Лұқпан Ахмедияровпен бірге жүр.

Кездесулер арасында неміс журналистеріне сұқбат беріп отырған қазақстандық режиссер өзін Германияда жақсы білетінін айтып таңырқады.

– Сұқбат барысында журналистер менің режиссер ретіндегі жұмыстарымнан бастап Солдан оңға: журналист Лұқпан Ахмедьяров, неміс үкіметі өкілі Маркус Ленинг, құқық қорғаушы Людмила Козловска, режиссер Болат Атабаев. Германия, 23 тамыз 2012 жыл. (Сурет Лұқпан Ахмедьяровтың Facebook парақшасынан алынған).

Солдан оңға: журналист Лұқпан Ахмедьяров, неміс үкіметі өкілі Маркус Ленинг, құқық қорғаушы Людмила Козловска, режиссер Болат Атабаев. Германия, 23 тамыз 2012 жыл. (Сурет Лұқпан Ахмедьяровтың Facebook парақшасынан алынған).

түрмеге отырғаным туралы да сұрап жатыр. «Жалпы, өнер адамын түрмеге қамауға бола ма?» деген сұрақтар қойды, – деді режиссер.

Болат Атабаев Германияға сапары тек мәдени ғана емес, саяси мақсатты да көздегенін айтты.

– Ең негізгі мақсат – Бундестаг депутаттарымен кездесу. Олар қазір демалыста ғой. Бірақ, демалыстарына қарамай, Лұқпан (Ахмедияров) екеуімізбен бес-алты депутат кездесу өткізді. Солардың үшеуі Ақтауға барады. Біздің үлкен жеңісіміз – осы, – деді Болат Атабаев Азаттық тілшісіне.

Оның сөзінше, Ақтаудағы сотқа қыркүйек айында Германия үкіметінің адам құқықтары жөніндегі өкілі Маркус Ленинг, Human Rights Watch («Хьюман Райтс Вотч») халықаралық құқық қорғау ұйымының сарапшылары барады.

– Қазақстандық құқық қорғаушылар көбіне Еуропарламентпен жұмыс істейді. Бірақ Германия сол Еуропарламенттің ішіндегі ғана емес бүкіл Еуропада үлкен ықпалы бар мемлекет қой. Сондықтан Бундестагпен жұмыс істеуге бел будық. Кездесу барысында мен Жаңаөзен туралы, оған қатысты сот туралы айттым. Лұқпан Ахмедияров сөз бостандығы мен журналистер жұмыстарына қатысты айтып берді, – деді режиссер.

Болат Атабаевтың айтуынша, оларды Бундестаг депутаттары қыркүйекте жұмыстары басталған соң тыңдауларына шақыруға келіскен.

«АҚОРДАҒА ЕСТІЛУ ҮШІН ЕУРОПАҒА БАРЫП АЙТАМЫЗ»

19 сәуір күні белгісіз біреулер сегіз жерден пышақтап, травматикалық қарумен атып кеткен журналист Лұқпан Ахмедияров Германияға емделу үшін барғанын, бірақ ол жақта «емделудің машақаты көп екенін», «сондықтан пайдалы кездесулер өткізіп жүргенін» айтты.

– Бундестаг депутаттары бізден Қазақстанның ішкі саяси жағдайына қатысты көп сұрады. Себебі олар шынайы жағдайды білмейді. Олар үшін «Қазақстанда Журналист Лұқпан Ахмедьяров. Германия, 27 тамыз 2012 жыл.

Журналист Лұқпан Ахмедьяров. Германия, 27 тамыз 2012 жыл.

прокуратура келіп, газеттің барлық тиражын тартып алуы мүмкін» немесе «биліктің нұсқауымен баспаханалар газетті баспай отыр» деген сөз – нонсенс. Себебі олар мұндайды ешқашан көрмеген, сондықтан мүлдем түсінбейді, – деді журналист Лұқпан Ахмедияров.

Оның сөзінше, Бундестаг депутаттары Жаңаөзен ісі жайында жалпылама ғана біледі, бірақ «біздің соттарымыздың өту барысын айтқанымызда таңғалып қарап отырды – себебі олар соттың мұншалықты әділетсіз өтуі мүмкін екенін тіптен білмейді».

Лұқпан Ахмедияров бұл кездесулерінен әйтеуір бір нәтиже шығарына сенеді.

– Игорь Винявский мен Болат Атабаевтардың қалай босатылғандығы есімізде. Бұл Еуропа тарапынан болған елеулі ықпалдың арқасы еді. Қазақстанның өз ішіндегі біздің айқайымызға Ақорда пысқырып та қарамайды. Сондықтан біз дауысымызды Ақорда бағалайтын Еуропа арқылы жеткізгіміз келеді. Мәселен, Еуропаның бір еліне барған президентімізге «Козловқа қатысты сот не болып жатыр? Жаңаөзендіктердің мәселесі қалай?» деген сұрақтар қойылса, ол ескерусіз қалмайды, – деді Азаттық тілшісіне сұхбат берген журналист Лұқпан Ахмедияров.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG