Accessibility links

Болат Назарбаев бұрынғы әйелін Нью-Йорк сотына берді


Болат Назарбаев, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі.

Болат Назарбаев, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі.

Қазақстан президентінің інісі Болат Назарбаев бұрынғы әйелі мен оның ұлын Нью-Йорктегі 20 миллион АҚШ доллары тұратын апартамент-пәтерін заңсыз түрде иеленіп алды деп сотқа берген.

Бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы дауға айналған пәтер Plaza Hotel деп аталатын қымбат кешенде орналасқан.

Өткен сәрсенбі, сәуірдің 25-і күні Манхэттен сотына табыс етілген талап-арызда Болат Назарбаевтың бұл кондоминиумды 2008 жылғы ақпан айында сатып алғаны жазылған. Арыз берушінің сөзі бойынша кейін оның бұрынғы әйелі Майра Назарбаева мен оның ұлы Данияр Кесікбаев одан апартаментті иелену құқығын өздеріне беруді талап еткен.

Өзара жасаған келісім-шарттар бойынша пәтер Болат Назарбаевтың атына сатып алынғанымен, оны АҚШ-қа барып тіркеу және заңдастыру жұмыстарымен Данияр Кесікбаев айналысқан.

Сотқа тапсырылған арыз бойынша Кесікбаев пәтерді Болат Назарбаев пен өз шешесінің атына қатар тіркеп, кейін нөл долларға өзіне сатқан.
Сотқа тапсырылған арыз бойынша Кесікбаев пәтерді Болат Назарбаев пен өз шешесінің атына қатар тіркеп, кейін нөл долларға өзіне сатқан.
Кесікбаевтың сатып алу жұмыстарын Isaacs & Associates деп аталатын нью-йорктік заң фирмасы рәсімдеген.

Бұл фирма да, Plaza Hotel үй кешені де қандай да бір комментарий беруден бас тартты.

Сотта қарастырылатын құжаттарда Данияр Кесікбаевтың Болат Назарбаевтың ақшасына әрқайсысы 2 миллион АҚШ доллары тұратын Уолл стрит көшесінде тағы екі пәтер сатып алғаны жазылған. Жалпыға мәлім тіркеу құжаттары бойынша Кесікбаевтың өзі осы екі пәтердің бірінде тұрып жатыр.

Болат Назарбаев Майра Құрманғалиевамен 2001 жылы үйленіп, 2011 жылы ажырасқан еді. Ол сотқа тапсырған арызында бұрынғы әйелінің аталмыш пәтерге қатысты жасаған іс-әрекетін енді ғана білгенін, Құрманғалиеваның Қазақстанда іздеу жарияланған сезікті екенін хабарлаған.
Кәсіпкерлер наразылық акциясын өткізіп тұр. Алматы, 10 маусым 2010 жыл.

Кәсіпкерлер наразылық акциясын өткізіп тұр. Алматы, 10 маусым 2010 жыл.


Ол Манхэттен сотына бұрынғы әйелін Интерпол мен Қазақстан полициясы бизнес әріптесін ұрлап әкетті және қоқан-лоқы жасады деген айып бойынша іздестіріп жатыр деп хабарлаған.

Майра Құрманғалиева Интерполдың вебсайтындағы іздеу салынғандардың тізімінде жоқ.

Азаттық радиосының Нью-Йорктегі тілшісі соттың алғашқы отырысы нақты қай күні болатынын анықтап жатыр.

Пәтер дауына қатысы жоқ тағы бір айыптау бойынша Болат Назарбаев Данияр Кесікбаевты Колумбия университетіне жалған құжат жасау арқылы түсті деп мәлімдеген. Оның айтуынша, Кесікбаев аттестатын Қазақстанда заңсыз жолмен жасап алған, шындығында мектепті Швейцарияда бітірген.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG