Accessibility links

«Боралдайда өлген бес адамның бірі – әйел» дейді тұрғындар


Боралдай кентіне жиналған арнайы жасақ сарбаздары. 4 желтоқсан 2011 жыл.

Боралдай кентіне жиналған арнайы жасақ сарбаздары. 4 желтоқсан 2011 жыл.

Алматы облысы Боралдай кентіндегі атысқа байланысты дүйсенбі күні брифинг өткізген Алматы полициясы оққа ұшқан бес азаматтың ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы барын айтты. Ал прокуратура бес адамның біреуінің ғана аты-жөнін жариялады.


Алматы қалалық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, желтоқсанның 4-і күні күні арнайы жасақ сарбаздарымен атысқан азаматтардың пәтерінен екі РГД-5 гранатасы, екі Калашников автоматы, екі Макаров пистолеті табылған.

«ТАЛҒАРДАҒЫ ҚЫЛМЫСҚА ДА ҚАТЫСЫ БАР» БЕСЕУ

Полицияның баспасөз қызметі хатшысы Салтанат Әзірбекованың айтуынша, «дүйсенбі күні нәтижесі белгілі болған сот-баллистикалық сараптама қараша айында Алматыда көз жұмған екі полиция қызметкерін дәл осы пистолетпен атқанын көрсеткен».

– Бұл қылмыскерлерді анықтап, олардың сол Боралдай елді мекенінде Алматы қалалық ішкі істер департаментінің өкілі Салтанат Әзірбек. Алматы, 31 наурыз 2009 жыл.

Алматы қалалық ішкі істер департаментінің өкілі Салтанат Әзірбек. Алматы, 31 наурыз 2009 жыл.

тығылып жатқанын білген болатынбыз, – деді Салтанат Әзірбекова Азаттық тілшісіне.

Салтанат Әзірбекованың айтуынша, арнайы жасақ сарбаздарына қарсылық көрсеткен бұл бес азаматтың Алматы облысы Талғар ауданы маңында болған қылмысқа да қатысы болған.

– Алайда оған қатысты менде нақты мәлімет жоқ. Өйткені ол Алматы облысының төңірегі ғой. Ал біз Алматы қалалық ішкі істер басқармасымыз. Бірақ олардың дәл сол қылмысқа қатысы бары дәлелденді, – деді баспасөз хатшысы дүйсенбі күні.

«ҚАРУЛЫ ҚАРСЫЛЫҚ»

Дәл осы оқиғаға байланысты жексенбі күні түсініктеме берген Қазақстанның бас прокуратурасы қаза тапқан бес азаматты «террористік топ» деп атап, «ұстамақ болған кезде қылмыскерлердің қарулы қарсылық көрсеткенін» мәлімдеді. Прокуратураның хабарлауынша, «өз еркімен берілмей, тегеурінді қарсылық көрсеткеннен кейін оларды атып өлтірген».

«Топ мүшелері 2011 жылы 8 қарашада полицияның екі қызметкерін өлтіріп, Алматы қаласында тағы да зорлық шараларын жасамақ болған» дейді бас прокуратура.

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, бұл топтың басшысы 1977 жылы туған Ағжан Хасенді құқық қорғау органдары 2011 жылдың қазан айынан бері іздеген. Оның үстінен Қазақстан республикасы қылмыстық кодексінің 233-2 бабы («террористік топ құру мен оған жетекшілік ету, топтың жұмысына қатысу») бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ресми орындардың айтуынша, қазіргі кезде тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Атыста қаза тапқан бес адамның Ағжан Хасеннен басқасының аты-жөні әлі айтылған жоқ.

БОРАЛДАЙ ТҰРҒЫНЫНЫҢ АЙТҚАНЫ

Боралдай тұрғындарының айтуынша, атыс Шпак көшесіндегі № 43 үйде шамамен кешкі сағат 7-ден өте басталып, түнгі 2-ге дейін жалғасқан. Операция кезінде «Ассорти» дүкені мен «Арай» дүкендері арасындағы екі көшенің бойы жабылып, 10-15 үйдің тұрғындарын басқа жаққа шығарған.

– Сенбі күні кешкі жеті жарымдарда үйге келдік. Үйге келсек, кәдімгі жаңа жылдағыдай салют атып жатқан сияқты атыс болып жатыр. Жанымызда әскери қалашық бар. Алғашында сол жерде әскери жаттығулар жүріп Боралдайдағы арнайы жасақ сарбаздары. 4 желтоқсан 2011 жыл.

Боралдайдағы арнайы жасақ сарбаздары. 4 желтоқсан 2011 жыл.

жатыр ма екен деп ойладық. Бір кезде дүкен жаққа қарай шықсақ, «мына жақта атыс болып жатыр вахабистермен» дегенді естідік. Сол үйде пәтерде тұрған бала ертесі күні «түнгі екілерде соңғысын алғанын» айтты. Үй қожайынын департаментке алып кетіпті, – дейді есімін айтпаған Боралдай тұрғыны.

Оның айтуынша, атыс кезінде граната да жарылған. «Біреулер 72 граната жарылды десе, біреулер 12 граната жарды деп айтады. Кәдімгідей атыс болған, әйтсе де гранаталар далада жарылғандықтан үйдің іші онша бүлінбеген».

Боралдай кенті тұрғынының сөзінше, қаза тапқан бес азамат сол үйде «екі бөлмелі времянканы жалдап тұрған». Ауыл тұрғындарынан естігені, олар – «жіңішке-жіңішке сақал қойып алған, дәу-дәу, төртеуі де еңгезердей жігіт, қаза тапқан бес адамның біреуі – әйел.

– Сол үйде Коля деген Жамбылдың жігіті солармен бірге пәтерде тұрған. Сол жігіттің айтқаны ғой. Бұрындары 12-декабрьде тұрған екен. Сол жақтан көшіріп әкелген екен оларды, – дейді ол.

«Тұрғындар қатты үрейленді. Тағы жарылыс болып қала ма, атыс болып қала ма деп тыста жүрді. Жексенбі күні түстен кейін ғана үйлеріне кірді» дейді кент тұрғын.

ЕКІ ПОЛИЦЕЙДІҢ ӨЛІМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЕКІ ОПЕРАЦИЯ

Боралдайдағы атыс – қарашаның 12-сінде Таразда болған терактіден кейін белгісіз топқа қарсы бағытталған, екі полицейдің өліміне байланысты Алматыға жақын маңда жүргізілген екінші ірі операция.

Бұған дейін Алматыда қарашаның 16-сында кешке арнайы операция өтіп, «екі полицейді атып кеткен оқиғаға қатысты күдікті топ ұсталды» деп хабарлаған. Полиция өкілі күдіктілердің экстемистік топқа қатысы бар-жоғын ашып айтпаған.

– Бірнеше сағат бұрын Алматы қалалық ішкі істер департаменті қызметкерлері «полиция қызметкерлерінің өліміне қатысты» деген күдікпен бір топты ұстаған болатын. Топтың құрамы және қай жердің адамдары екендігі әлі жарияланбайды. Бұл – Алматы қаласының төңірегінде болған арнайы операция. Қазір барлық тергеу амалдары тағайындалды. Соның нәтижесінде аталмыш адамдардың қылмысқа қатыстылығы дәлелдене ме, дәлелденбей ме – анықталады, – деген еді Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек қарашаның 16-сы күні Азаттық радиосы тілшісіне.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG