Accessibility links

Қазақстанның инвесторлары пара берушілер рейтингіне енді


Ресей-қазақ шекарасындағы газ құбырының құрылысы. (Көрнекі сурет)

Ресей-қазақ шекарасындағы газ құбырының құрылысы. (Көрнекі сурет)

«Трансперенси Интернэшнл» халықаралық ұйымының сарапшылары шенеуніктерге ірі компаниялар тарапынан пара беру жайындағы есебін жариялады. Кәсіпкерлері шетелдіктерді сатып алатын елдердің тізімінде Қазақстан жоқ. Бірақ Азаттық радиосының оқырмандары Қазақстанда парасыз бизнес жүргізу мүмкін еместігін айтады.


ПАРА БЕРУШІ ЕЛДЕР РЕЙТИНГІ

Халықаралық ұйым түзген өз мемлекетінің компаниялары шет елдік инвесторларды сатып алатын елдердің тізіміне 28 ел кірген.
Олардың арасында Қазақстанның ірі инвесторлары немесе бизнестегі әріптестері – АҚШ, Қытай, Ресей, Италия, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері бар. Бұл елдердің көптеген компаниялары Қазақстанның мұнай-газ саласында жұмыс істейді. Халықаралық сарапшылар бұл саланы парақорлыққа бір табан жақын деп есептейді. «Өнеркәсіп өндірісі әлдеқашан жемқорлыққа ұшыраған. Мысалы, мұнайға бай Нигерияда жұмыс істеп жатқан компанияға 2010-2011 жылдары лауазымды тұлғаларды сатып алғаны үшін 3,2 миллиард доллардан астам айыппұл салынды» деп жазады ұйым есебінде.

Бұл рейтингте компаниялардың тізімі айтылмайды. Тек қай мемлекетке
2010 жылы шет елдерге 120 миллиард АҚШ көлемінде инвестиция салған Ресей мен Қытай компанияларының өзгелерге қарағанда жиі пара беретіні айтылған.

тиесілі екені аталған. Әр мемлекет 10 балдық шкаламен өлшенеді. Парақорлыққа қарсы күрес тұрғысынан қарағанда, ең жақсы көрсеткіш - 10 ұпай.

Тізімде келтірілген елдердің ешқайсысын да жемқорлықтан ада деп айтуға келмейді. Тізімнің басына Голландия мен Швейцария тұр. Оларда 8,8 балдан бар. АҚШ-та - 8,1, Италияда - 7,6, Түркияда - 7,5. Араб әмірліктерінде 7,3 балдан бар.

Тізімде Ресей мен Қытай ең соңы болып тұр. «Трансперенси Интернэшнл» ұйымының айтуынша, бұл елдердің кәсіпкерлері көбінесе шетелдік шенеуніктерді сатып алады екен. 2010 жылы шет елдерге 120 миллиард АҚШ көлемінде инвестиция салған Ресей мен Қытай компанияларының өзгелерге қарағанда жиі пара беретіні айтылған.

«ПАРА БЕРМЕСЕҢ, ӨЛЕ ДЕ АЛМАЙСЫҢ»

Парақорлық Қазақстанда әдеттегі жағдай болып қалды деп жазады Азаттық радиосының оқырмандары. Олардың пікірлері Азаттық радиосының «Пара беріп көрдіңіз бе?» деп аталатын форумында жарияланған. Тек "Елбасы" атымен жауап берген адам ғана «Қазақстанда парақорлық жоқ» деп жазған.

«Бізде заң парасыз өлуің де мүмкін еместей етіп жасалған» дейді Азаттық радиосының форумына қатысушылардың бірі. Оқырмандарымыздың мәліметтері бойынша, параны барлық шенеуніктер, полицейлер, соттар, өрт сөндірушілер, кеденшілер және т.б. алады. Параны алатындардың қатарында көбіне жол полицейлері аталған.

Пікірлерге қарағанда, көбінесе кәсіпкерлер шенеуніктерді сатып алады екен. «Кімнің бизнесі болса, ол санитарлық-эпидемиологиялық станцияға, өрт сөндіру мен кеден қызметкерлеріне пара беруіне тура келеді. Олар осы
Бізде кез-келген, тіпті қарапайым жолмен жасалатын тауарды өзімізде жасағаннан гөрі шетелден алып келген жеңілірек тиеді. Егер шетелден алып келсең бар-жоғы екі рет - кеденнен өтерде және оны айналымға жіберерде пара бересің. Ал өзімізде өндірсең 20 шақты рет пара беруге тура келеді.

параға өмір сүреді» деп жазады бір оқырман.

«Жүйе солай. Бәрібір де ерекшелік болып тұрады. Парасыз бизнесті жүргізуге болатын шығар, бірақ біраз уақыт шығынға батар» деп жазады "Мұрат" есімді Алматы қаласының тұрғыны.

Алматы қаласынан пікір жазған тағы бір оқырман шенеуніктер өзін екі жыл бойына пара беруге итермелеп келе жатқанын айтады. «Ең қорқыныштысы, олар ешнәрседен де қорықпайды және ашық түрде «Біздің өз міндетіміз бар» деп жоғарыны көрсетеді» дейді ол. Ол өзінің бұл ұсыныстан сытылып шығып кеткенін, бірақ көптеген мемлекеттік тапсырыстардан айрылғанын жазады. «Сыпайыгершілігімнен және үндемегенімнен болар, кейде олар шағын тапсырыстарды бөліп қояды. Алуға тура келеді. Себебі менің өз пара берушілерінен әлдеқайда тез және сапалы істейтінімді біледі. Тіпті таяудағы тендерлердің бірінде шенеунік ымыраға келмек болып: «Сізді ысыра тұрсақ қалай болады? Себебі барлығын басқаларға береміз деп уәде берген едік. Келесі жолы сізбен алдын-ала келісіп алайық» деді» деп жазады "Қазақ" есімді оқырман.

Келесі оқырман: «Бізде кез-келген, тіпті қарапайым жолмен жасалатын тауарды өзімізде жасағаннан гөрі шетелден алып келген жеңілірек тиеді. Егер шетелден алып келсең бар-жоғы екі рет - кеденнен өтерде және оны айналымға жіберерде пара бересің. Ал өзімізде өндірсең 20 шақты рет пара беруге тура келеді» деген қорытынды жасайды.

«БИЛІККЕ БАҚЫЛАУ ҚАЖЕТ»

Кейбір оқырмандардың пікірінше, жемқорлықтың түп-төркіні пара алатындардан шығып отыр, олар кез-келген мәселені заңды жолмен шешуге әдейі кедергі туғызады. Сонымен қатар, адамдар да пара беріп өмір сүруді ыңғайлы көреді деген пікірлер де бар. «Уақытыңды кетіріп, жүйкеңді жұқартпайсың. Әйтпесе, бүкіл қаланы шарлап, ұзын-сонар кезекте тұрып, өліп-талып жеткенде іздеген адамың орнында болмай қалады немесе кейбір шенеуніктер сенімен шекесінен қарап сөйлескенін көргенде, бүйтіп жүйке тоздырғанша, пара бере салған жөн-ау деген ойға қаласың» деп жазады өзін Алматы тұрғынымын деп таныстырған оқырман.

Бірақ бұның да өзіндік қауіпі бар. «Ашуыңды туғызатыны басқа нәрсе: жемқорлардың параны алып алғанымен, сөзінде тұрмай тайқып шыға келетіндігі» деп жазады әлгі оқырман.

Азаттық радиосының форумына қатысушы көптеген оқырманның ойы
Ашуыңды туғызатыны басқа нәрсе: жемқорлардың параны алып алғанымен, сөзінде тұрмай тайқып шыға келетіндігі.

«жемқорлық билік сайланбалы елдерде емес, тағайындалатын елдерде «гүлденеді» дегенге тоғысады.

«Немістер, жапондар мен америкалықтар да ұрлауды және пара алуды жақсы көреді, бірақ онда биліктің барлық бұтағына бақылау орнату дамыған. Онда соттар атқарушы биліктен тәуелсіз, көппартиялы парламент қалыптасқан, атқарушы биліктің қызметі ашық, айқын ақпарат құралдары тәуелсіз. Бізде бәрі керісінше, кез-келген деңгейдегі шенеунік мемлекетті тонау үшін өзіне бағынышты «команда» құрып алады» деп жазады оқырмандардың бірі.

Оның пікірінше, жемқорлықты жою үшін парламентке сайлау әділ өткізіліп, билікке бақылау орнатылып, соттар тәуелсіз және қоғамда сөз бостандығы болуы керек.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG