Accessibility links

Метро құрылысшылары аштық жариялады


Аштық жариялаған құрлысшылар. Алматы, 12 тамыз 2010 жыл.
Аштық жариялаған құрлысшылар. Алматы, 12 тамыз 2010 жыл.

Алматыда метро құрылысшылары аштық жариялады. "Юранус Сиэн Ай" компаниясы филиалының жұмысшылары үш айдан бері жалақы алмаған. Енді олар өздеріне тиесілі қаржысын алмайынша аш отырамыз дейді.


Алматы қаласындағы метрополитеннің «Алмалы» стансасының ондаған құрылысшысы тамыздың 12-інен бастап аштық жариялап отыр. Себеп – жұмысшыларға үш айдан бері айлық төленбеген.

– Олар бізге бүгінгі күннің кеші сағат 5-ке дейін уақыт бер, мәселелеріңді шешіп береміз деген. Міне сағат жеті болды, еш жауап жоқ. Сондықтан барлығымыз аштық жариялауға бел будық! - деді Азаттық тілшісіне жұмыскерлердің бірі Бағлан Теміров.

Оның сөзінше, қазір 45 адам аштық жариялап отыр, тағы осынша адам жақын уақытта аштық жариялағандар қатарына қосылады.

– Біз вахталық тәсілмен жұмыс істейміз. Барлығымыз дерлік Алматыдан басқа қалалардан келіп жұмыс істейміз. Біз осы күнге дейін үміттеніп, күттік. Дегенмен шыдамның да шегі бар. Енді біздің қатырымызға екінші вахтаның жігіттері қосамыз деп отыр, - деді Бағлан Теміров.

Жұмысшылардың бірі Бақытжан Ырысымбетов өздерінің айлыққа қол жеткізбейінше алған беттерінен қайтпайтындығын айтады. Дегенмен үш күнге дейін бұл мәселе шешімін таппаса, онда олар Алматының алаңына шықпақ.

Естеріңізде болса, «Алмалы» стансасының бір топ құрлысшысы осы аптаның басынан бері жұмыстарын тоқтатқан еді. Ол тіпті сейсенбі күні жұмыс беруші - оңтүстік кореялық «Юранус Сиэн Ай» акционерлік қоғамы филиалының басшылығы отырған мекемеге баса-көктеп кірген еді.

Өз кезегінде оңтүстік кореялық «Юранус Сиэн Ай» кәсіпорны филиалының директоры директоры Квон Кен Гын мырза, жалақының берілмей отырғандығын қаржының жоқтығымен түсіндіреді. Оның сөзінше жұмысшыларға айлық қыркүйек айында берілуі мүмкін.
"Алмалы" стансасы құрлысшыларының «Юранус Сиэн
Ай» компаниясының ғимаратына баса-көктеп кірген кезі.
10 тамыз 2010 жыл.
Алматыдағы метро құрылысының бас мердігері болып табылатын «Алматыметроқұрылыс» акционерлік қоғамы басшыларының айтуынша, оңтүстік кореялық мердігер компанияға келісім-шарт бойынша екі жарым шақырымдық темір жолды төсеп шығу үшін 600 миллион теңге бөлу ұйғарылған. Осыған байланысты мердігерге 120 миллион теңге аванс беріліп, наурыз айынан бері небәрі 23 миллион теңгенің жұмысы атқарылған екен.

Бүгінгі күнге дейін оңтүстік кореялық компания екі жарым шақырымдық жолдың бір жарым шақырымын ғана аяқтаған. Ал жұмысшылар болса қарызға батқан оңтүстік кореялық компанияның филиалы жалғыз күнде ізім-ғайым жоғалып кетіп, еңбекақыдан мүлде көз жазып қаламыз ба деп қауіптенеді.

Алматыда метро құрылысы осыдан 22 жыл бұрын басталған еді. Ресми ақпаратқа қарағанда оның құрылысна осы күнге дейін сегіз миллиард доллар кеткен. Дегенмен метро құрылысын толығымен аяқтау үшін тағы 200 миллион доллардан аса қаржы керек.

Биыл сәуір айында Алматыға сапарлап келген президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның тәуелісіздігінің 20 жылдығында, яғни 2011 жылдың аяғында метро құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деген болатын.

Метро құрылысшылары аштық жариялады
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:58 0:00
XS
SM
MD
LG