Accessibility links

Зейнеткер Қайролла Адамұлы Қазақстан ауыл шаруашылығы саласының қазіргі жағдайы туралы


- Кеңес Одағы жылдары Қазақстанда мал шаруашылығына көп көңіл бөлінгендіктен қойдың саны 53 миллион, ірі қара саны 10 миллиондай, ал құстың саны 1 миллондай , жылқы саны жүздеген мың болды. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң-ақ осы мал саны күрт құлдырап кетті, асыл тұқымды мал саны жоқтың қасы деуге келеді.

Мысалы, «Қастек», «Сарыбұлақ» совхоздарында қазақтың биязы жүнді асыл тұқымды қойы өсірілетін, қәзір оның тұқымы құрып кетті. Мал тұқымын асылдандыру жұмысы жүргізілмейтін болды. Сол жылдары 19 облыста мал асылдандыру жұмысымен айналысатын 19 мал станциясы бар еді, ал қазір соның бірі де жоқ.

Бұл ауыл шаруашылығы саласын, соның ішінде мал шаруашылығы саласын жетік білетін басшылардың болмағандығынан деп білемін. Қазіргі басшылар ауыл шаруашылығындағы осы қиын жағдайдан қалай шығуды ойлаудың орнына, осы салаға бөлінген қыруар қаржыны оңды-солды жұмсап, соны шашумен айналысып отыр. Қазақстанның ауыл шаруашылығын өркендету үшін бір кезде осы саладағы еңбегімен ел ішінде аты шыққан Моторика, Балташ Тұрсынбаев секілді басшылар керек-ақ болып тұр.

Қой шаруашылығын өркендету үшін үкімет адамдарға ұзақ жылға арзан процентпен кредит беруі керек және қойы көп әрі Қазақстандағы бағамен салыстырғанда бағасы арзан Қытай, Моңғолиядан қой сатып алған дұрыс болар еді. Соғыс жылдары және соғыстан кейінгі уақытта да Қазақстан осы елдерден мал алып тұрған, сол малдар Семейдің ет комбинатында консервіге айналатын. Қазір Қазақстанда шұрайлы жердің бәрі сатылып кетті, ал мал жаятын жайлым жерлердің көбі жекеменшікте, сондықтан да осы мәселені де қайта қарап, бір шешім қабылдау керек. Сонда ғана Қазақстанда мал шаруашылығы, соның ішінде қой шаруашылығын өсіруге қолайлы жағдай тумақ.
XS
SM
MD
LG