Accessibility links

Белгілі оппозициялық саясаткердің өліміне қатысты сегіз жылға жуық уақыт ішінде қандай болжамдар айтылып, қорытындылар жасалды? Азаттықтың инфографикалық шолуы.

2013 жылы желтоқсанның 20-сы күні Қазақстан бас прокуратурасының өкілі Астанада арнайы брифинг өткізіп, «Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырыс беруші Ержан Өтембаев емес, Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев» деген мәлімдеме жасады.

Бас прокуратураның мәлімдемесіне сәйкес кезінде Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіру жөніндегі тапсырысты орындағаны үшін айыпты деп танылған Рустам Ибрагимбеков 2012 жылғы сәуірде Қазақстанның Жоғарғы сотына қайта арыз жазып, «қастандыққа тапсырыс берушінің шын есімін» жария еткен.

2006 жылы ақпанда кісі қолынан қаза тапқан оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісінің өліміне қатысты өткен алғашқы сот процесіне қоғамдық белсенділер мен қаза тапқан азаматтардың туыстары сенімсіздік танытқан еді.

Төмендегі инфографикалық кестеде Азаттық Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшілері Бауыржан Байбосын және Василий Журавлев 2006 жылы қастандықтан өлгеннен кейінгі оқиғалардың реті мен сол кездегі қоғамдық пікірлерді жинақтап шықты.

  • 16x9 Image

    Асылхан МАМАШҰЛЫ

    1973 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда пединститутын бітірген. 1997-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған. "Қазақ энциклопедиясы" баспасында (2001-2007), республикалық "Ана тілі" газетінде (2007-2009) , "ABDI-press" орталығында (2009-2010) жұмыс істеген. 2011 жылдан Азаттық радиосының тілшісі.

    Тарихи, саяси мәселелер тақырыбында жазады, белгілі тұлғалардың саяси портреттерін жасайды. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG