Accessibility links

Несие алушылар «жасырын пайыздар» ісін сотқа жеткізді


Теңге. (Көрнекі сурет)

Теңге. (Көрнекі сурет)

«Каспий банктің» 39 клиенті несие беру шарттарын жарамсыз деп тануды талап еткен топтық шағымын сотқа жеткізді. Бұл бұрын-соңды болмаған оқиғаға баланады.

Қаңтардың 8-і күні Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында «Каспий банктің» 40-қа жуық клиентінің шағымы негізінде қозғалған іс бойынша алғашқы сот отырысы өтті. Судья Ералы Бетпаевтың төрағалығымен өткен отырысқа банктің екі өкілі, 39 талапкердің кейбірі және олардың адвокаттары мен өкілдері қатысты.

Талапкерлер «Каспий банкпен» бекітілген тұтыну несиелері жөніндегі келісім-шарттарды жарамсыз деп тануды талап етеді. Олардың пікірінше, несиелендірудің жасырын шарттары кесірінен банк алатын нақты сыйақы мөлшерлемесі жарнамада көрсетілген шамадан асып кеткендіктен, несие алушылардың қаржылық ахуалы нашарлаған.

Талап-арызда «Каспий банкпен» келісім-шартқа отырған несие алушыны құжаттарға қол қою кезінде несиелендіру шарттарымен мүлде таныстырмайды, сөйтіп қарыз алушыны шатастырып, оның келешекте дефолтқа ұшырауына себеп болады» деп жазылған.

«Клиент несие келісім-шартына қолын қою арқылы оның шарттарымен "Халыққа баспана қалдырайық" қозғалысының белсенділері "Каспий банк" ғимараты алдында наразылық шарасын өткізіп тұр. Алматы, 7 маусым 2013 жыл.

"Халыққа баспана қалдырайық" қозғалысының белсенділері "Каспий банк" ғимараты алдында наразылық шарасын өткізіп тұр. Алматы, 7 маусым 2013 жыл.

​ келіскенін мәлімдейді» деген уәж айтқан «Каспий банк» бұл айыптарды негізсіз деп есептейді.

Топтық талап-арыз беру бастамасын көтергендердің бірі Ермек Нарымбаев сотта талапкерлердің өкілі ретінде тыңдалды. Ақылы кеңес көрсететін ол несие алушылардың банкке қатысты шағымдарын жинақтап, қорытқан.

– Істі сотқа дейін жеткіздік. Енді біз келісім-шарттың әр тармағын мұқият оқып, клиент банкке шынымен қарыз ба – соны анықтаймыз. Егер келісім-шарттар жарамсыз деп танылса, банк ешбір пайызсыз, өсімпұлсыз, тек берген сомасын ғана алады, – дейді Ермек Нарымбаев Азаттық тілшісіне.
Банк барлық келісім-шарттардың түпнұсқасын, оның ішінде клиенттеріне көрсетпегендерін де әкелсін.

Ол сотқа «банк барлық келісім-шарттардың түпнұсқасын, оның ішінде клиенттеріне көрсетпегендерін де әкелсін» деген өтініш жасады. Оның пікірінше, банк клиенттерінің ешбірі несие туралы келісім-шартты қолына толық алмаған.

«Каспий банк» қарыз алушылардың шағым-талабын негізсіз деп есептейді. «Каспий банктің» атқарушы директоры Сабыржан Беркінбаев Азаттықтың сауалына жолдаған жазбаша жауабында: «Бұл айыптаулардың бәрі банк келісім-шарттың формасы мен несие есеп-шотын жүргізгені үшін алатын комиссия туралы заңды бұзды-мыс деген болжам-жорамалдарға ғана негізделген. Талап-арызда нақты фактілерге негізделмеген, декларативтік сипаттағы мәлімдемелер өте көп» деп көрсетеді.

Банк мамандары бір топ талапкердің айыптауларына «Клиенттерге қажет ақпаратты еш қиындықсыз табуға болады, барлық келісім-шарттар банктің мерзімді басылымдары мен сайтында жарияланады» деген уәж айтады.
Клиенттерімізбен сөйлесуге, олардың проблемаларын жеке-жеке шешуге әзірміз.

«Клиенттерімізбен сөйлесуге, олардың проблемаларын жеке-жеке шешуге әзірміз. Егер бұл клиенттеріміз процесі кезінде банкке келсе, ондай клиенттермен қуана-қуана диалог орнатамыз» дейді Сабыржан Беркінбаев.

Судья Ералы Бетпаев бірінші отырыста талапкерлердің өтінішін қанағаттандырғаннан кейін банк өкілдері несие туралы келісім-шарт түпнұсқаларын қаңтардың 21-іне дейін көрсету туралы міндеттеме алды. Келесі сот отырысы осы күнге белгіленді.

Ермек Нарымбаев банктен несие алған, бірақ қаржылық қиындықтарға байланысты банктердің қарызын қайтара алмай жүрген азаматтардың құқығын қорғау жөнінде ақылы қызмет көрсетеді. Ол «клиенттерімнің қаржылық жағдайы банктер несие берген кезде жасырын пайыздарды қосатындықтан нашарлап кеткен» деп санайды.

2013 жылы желтоқсан айының соңында ұлттық банк үндеу жариялап, несие проблемасы бар клиенттер мен банк арасында мәміле жүргізетін делдалдарды «клиенттерді шатастырады» деп айыптаған. Ұлттық банк қиындыққа тап болған клиенттерге делдалдарға жүгінудің орнына қызмет көрсетуші банктің өзіне немесе банктер жөніндегі омбудсменге тікелей жолығуды ұсынған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG