Accessibility links

Қазақстан Астанада ЕҚЫҰ-ның саммитін өткізу үшін құқықтық жүйе түзіп алғаны жөн


ЕҚЫҰ-на мүше елдердің тулары Венадағы штаб-пәтердің қақпасы алдында. 19 ақпан, 2010 жыл.

ЕҚЫҰ-на мүше елдердің тулары Венадағы штаб-пәтердің қақпасы алдында. 19 ақпан, 2010 жыл.

Қазақстан Астанада ЕҚЫҰ-ның саммитін өткізуге Батыстың батасын егер елдегі адам құқтары мен баспасөз бостандығы мәселесін реттесе ғана алады деп жазады "Вашингтон таймс" газеті.


ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖӘНЕ АУҒАНСТАН

Орталық Азия елінің екі президенті өз мемлекеттеріндегі өзекті мәселелерді талқылағанда, олардың келіссөздері американдық саясаткерлер үшін АҚШ саясатына қатысты еместей болып көрінуі мүмкін деп жазады "Вашингтон таймс"басылымы.

Негізінде, Өзбекстан астанасы Ташкентте болған ол келіссөздердің Вашингтонға қатысы болды ма деген сауал туады. Тараптар алдағы уақытта Орталық Азия елдерінен АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери күш-қимылына қаншалықты қолдау болатынын сөз еткен-ді.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картердің ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі болған Збигнев Бжезинский жақында Вашингтондағы стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында берген сұхбатында, Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етіп отыруына байланысты АҚШ-тың аймақтағы саясатқа ықпал етуінің жаңа мүмкіндігі ашылады деп атап көрсеткен. Одан бөлек, Қазақстанның аймақта Ауғанстан мен Пәкістандағы шиеленіс пен тұрақсыздықтың одан әрі таралуын қаламайтын өзіндік мүддесі бар деген Бжезинский.

Ауғанстандағы соғысты тек әскери күшті қолдану арқылы жеңеміз деу ағаттық болар еді. Құрама Штаттар мен оның НАТО одақтастары талибанды құрту үшін барлық әскери мүмкіндікті жасай алады.

"Сегіз жылдан асқан соғыс талибандардың әлсіреп емес, керісінше күшейіп бара жатқанын айқын көрсетіп отыр" деп жазады талдаушы Клод Салхани сәуірдің 1-і күні "Вашингтон таймс" басылымында жарық көрген мақаласында.

СОҒЫС ШЫҒЫНЫ ШАШ ЕТЕКТЕН

Бұл тұрғыда Батыстың басты проблемасы соғысты ұдайы жүргізе алмайтындығында, өйткені соғыс құны одақтас елдердің экономикасына ауыр салмақ болып түседі. Осы ретте Ауғанстандағы әрбір АҚШ әскерін ұстап тұру үшін қанша қаржы кететінін есепке алатын болсақ, әрбір сарбазға жұмсалатын түрлі шығынды айтпағанның өзінде жаяу әскердің жылдық жалақысы 20 мың долларға жуықтайды екен.

Және әрбір жасақты қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін де бірқатар қолдаулар қажет болады. Мәселен, Ауғанстандағы 70 мың АҚШ әскерін ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі Өзбекстан арқылы шешіліп келеді.

Бұл арада Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушаррафтың журналистерге айтқанындай, “Құрама Штаттар жасағы барынша жабдықталып отырғанда, талибан жауынгерлерін ұстауға пияз бен бір бөлке нан керек екен”.

Ауғанстандағы талибандарды жеңу әскери күшпен ғана емес, халықаралық қауымдастықтың араласуымен шешіле алады делінген талдаушы Клод Салханидің "Вашингтон таймс" басылымындағы мақаласында. Ол бұл тұрғыда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен айда көрші Өзбекстанға жасаған сапары халықаралық маңызы бар мәселе болды деп атап көрсетеді.

Мақалада сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің жоғары дәрежелі ресми өкілінің "Өзбекстан Орталық Азиядағы ең маңызды стратегиялық ел" деп айтқан сөзі де келтірілген.

Сонымен қоса Өзбекстанның АҚШ-тың Ауғанстандағы соғысында маңызды рөл атқарып отырғанына тоқталған Клод Салхани, Ауғанстан жеріндегі соғысқа қажетті барлық жабдықтар мен азық-түлік заттары Өзбекстан арқылы тасымалданып отырғанына назар аудартады.

ТЕГІН СЫЙЛЫҚ БОЛМАЙДЫ

Ауғанстандағы қақтығыс туралы сөз болғанда аса маңызды деңгейде қарастырылмайтын Қазақстан дегенмен де аймақтағы ең ірі әрі экономикасы тұрақты ел ретінде Орталық Азияда жетекші рөл атқарып отыр дейді Бзежинский.

Бұл ретте Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның саммитін өткізуге күш салуы екіжақты мақсатты көздейді. Егер саммит өтетін болса, оған ЕҚЫҰ-ға мүше 56 елдің өкілдері қатысады да күн тәртібіне Ауғанстан мәселесі шығарылады.

Бұл жиын Ауғанстан үшін тиімді болмақ, себебі ол елдердің көбісі Ауғанстанға әскери емес, білім беру, денсаулық сақтау тағы да басқа әлеуметтік бағдарламаларымен қолдау танытуды қалайды.

Және екінші жағынан Астанадағы саммит Қазақстан президентінің беделін көтеруге көмектеседі. "Саясатта тегін сыйлық болмайды" дегенді де ұмытпау маңызды деп түйінделген мақалада Еуропа Одағының көп елдері Қазақстанды осындай шартпен қолдайтыны айтылған.

Ол шарттың мәні Қазақстан үкіметі адам құқтарын құрметтеуді күшейтіп, БАҚ-тарға қысым мен қудалауды азайтуы тиіс дегенге келіп тірелуі мүмкін. Бұндай қадамдар жасалғанның өзі де жаман емес деп атап көрсетеді
«Вашингтон таймс» газеті.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG