Accessibility links

Бас хатшы Пан Ги Мун Семей аймағындағы бұрынғы ядролық полигонға барады


БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун баспасөз-мәслихатында. Мәскеу, 19 наурыз, 2010 жыл.

БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун баспасөз-мәслихатында. Мәскеу, 19 наурыз, 2010 жыл.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун Орталық Азия елдеріне басталған алғашқы сапары аймақтағы ынтымақтастықты жақсартуға бағытталған. Күн тәртібіне аймақтағы сумен қамтамасыз ету және даулы кейбір мәселелерді шешу де шығарылған.


ОРТАҚ МҮДДЕ ЖӘНЕ ДАУ-ДАМАЙЛАР

Сәуірдің басында Пан Ги Мун БҰҰ басшысы ретінде Орталық Азияға алғашқы сапарымен аттанады.

Аймақтағы бес елдің бәріне баруды жоспарлап отырған Пан Ги Мун аймақтық ынтымақтастық, ядролық қарусыздану, ядролық қаруды таратпау, экология, сумен қамтамасыз ету, энергетика мен ғаламдық ауа-райының өзгеруіне қатысты мәселелерді талқыламақ.

Бейсенбі мен жұма күндері Пан Ги Мун алдымен Түркіменстан астанасы Ашхабадқа барып, президент Гурбангұлы Бердімұхаммедовпен кездеседі және БҰҰ-ның аймақтық профилактикалық дипломатия орталығында болады деп жоспарланған.

БҰҰ басшысының баспасөз хатшысы Мартин Несирскидің хабарлауынша, Пан Ги Мун Орталық Азия елдерінің басшыларымен ортақ мүддеге жататын бірақ кейде дауға айналатын мәселелерді талқылауды көздеп отыр.

«Бұл дегеніміз кей жағдайда текетіреске алып келуі мүмкін мәселелер бойынша аймақтағы елдердің өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуіне көмектесуді білдіреді», - дейді Несирски.

Орталық Азиядағы даулы мәселелер қатарында шекара, сондай-ақ сумен қамтамасыз ету, экология және энергетика саласандағы мәселелер бар.

Тәжікстан мен Өзбекстан арасында «Рогун» су электр станциясының құрылысына байланысты дау өрши түсуде. Ташкент бұл жобаға қарсы болып отыр.

Өткен айда Өзбекстан билігі қырғыз азаматтарының Өзбекстанға кірулеріне байланысты бірқатар шектеулер енгізді.

БҰҰ басшысының баспасөз хатшысы Несирски Пан Ги Мун Орталық Азия елдері арасындағы даулы мәселелерді шешуде арағайындық ролін атқара ма деген сауалға жауап беруден бас тартты. Бірақ ол бұл аймақтағы елдер, мәселен су мен энергетика мәселелері бойынша, ынтымақтастығын нығайтса болады деп атап көрсетті.

«Олардың нақты қандай мәселелерді талқылайтынын мен алдын ала айта алмаймын, бірақ бұдан бұрын атап өткенімдей, аймақтық ынтымақтасты жәнеқ су ресурстарына қатысты бұл елдер қалай бір-бірімен қалай жұмыс істей алатындығы туралы мәселелерді қамтиды», - деді Несирски.

СОВЕТТІК ПОЛИГОН ЖҰРТЫН КӨЗБЕН КӨРУ

Ашхабадтан кейін Пан Ги Мун Қырғызстан астанасы Бішкекке барып, президент Құрманбек Бәкиевпен кездеседі және сенбі күні қырғыз парламентінде сөз сөйлейді.

Жексенбі күні ол Өзбекстанда президенті Ислам Каримовпен кездесіп, сәуірдің 5-де Ташкенттегі Халықаралық экономика мен дипломатия университетінде мәлімдеме жасайды.

Пан Ги Мун сондай-ақ Арал теңізіне барып, экологиялық проблемалармен танысады.

Өзбекстаннан кейін ол Тәжікстанда президент Эмомали Рахмонмен кездеседі.

Ал Қазақстанда БҰҰ басшысы сәуірдің 6-7-де болады.Қазақстандағы екікүндік сапары барысында Пан Ги-мун президент Нұрсұлтан Назарбаевпен және парламент депутаттарымен жүздеседі.

Ол сондай-ақ қырғиқабақ соғыс кезінде Совет үкіметінің ядролық полигоны болған Семейге де баруды жоспарлап отыр. Баспасөз хатшысы Мартин Несирскидің айтуынша, Пан Ги Мун ядролық қарудың сынақ алаңына айналған жерге барып, ядролық қаруды таратпаудың маңыздылығы жайлы айту үшін, оның салдарларының зияны мен зардабының қаншалықты ауқымды екеніне көз жеткігісі келеді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG