Accessibility links

«Өзбекстан ислам қозғалысы» солтүстіктегі елдерді нысана етпекші


Талибан бүлікшілері Ауғанстанның Нангархар аймағында. 13 желтоқсан 2010 жыл.

Талибан бүлікшілері Ауғанстанның Нангархар аймағында. 13 желтоқсан 2010 жыл.

Ауғанстанның солтүстігінен Орталық Азия елдеріне көз тіккен «Өзбекстан ислам қозғалысы» енді осы аймақта ылаң салғысы келетінін аңғартты. Әзірге бұл жерде олар кімдердің қолдауына сүйенері белгісіз қалып отыр.


Желтоқсан айында ауған сарбаздары мен халықаралық күштер Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз өлкесінде «Өзбекстан ислам қозғалысы» жетекшілерінің бірін іздеп таба алмады. Әйтсе де олар құр қол қайтпады.

Бірлескен операция барысында бірнеше бүлікші өлтіріліп, «Өзбекстан ислам қозғалысы» ұйымына мүше деген күдікпен 2 адам ұсталды. Сөйтіп бір кездері Ауғанстанның айтарлықтай тұрақты болған аймағында Орталық Азиядан шыққан бұл жихадшыл қозғалыс өз позициясын күшейтіп жатқандығы байқалды.


ҰСТАТПАЙТЫН ЖАУ

Талдаушылар соңғы екі жыл ішінде Ауғанстанның солтүстігінде зорлық-зомбылық
Ауғанстан президентінің ұлттық қауіпсіздік кеңесшісінің орынбасары Шаид Мохаммад Абдали. Кабул, 13 қазан 2010 жыл.
әрекеттерінің көбеюін НАТО-ның жүк тасымалдау жолдарына кедергі жасау мақсатында белсенді іс-қимылды үдеткен «Өзбекстан ислам қозғалысымен» байланыстырады.

НАТО жетекшілік ететін халықаралық қауіпсіздік күштері желтоқсанның 1-і күні таратқан мәлімдемеде «нысанаға алынған адам Құндыз өлкесінде шабуылдар жасау үшін Пәкістаннан жанкештілерді алып келуге жәрдем береді және аймақтағы Талибан өкілдерімен байланыста болған» делінген.

Бұл - соңғы жылы Ауғанстанның солтүстігінде «Өзбекстан ислам қозғалысының» күшеюін атап өткен кезекті мәлімдеме. Сарапшылардың пікірінше, аталмыш ұйымның жетекшілері кейде Талибанның «жасырын» ресми өкілдері болып жүреді.

Президент Хамид Карзайдың ұлттық қауіпсіздік кеңесшісінің орынбасары Шаид Мохаммад Абдали сияқты ресми өкілдер «Өзбекстан ислам қозғалысының» көршілес елдерге шабуылдау үшін Ауғанстанды пайдалану мүмкіндігіне байланысты алаңдаушылық танытты.

«Өзбекстан ислам қозғалысына қатысты проблемалардың барлығы ақиқат. Олар солтүстіктің тұрақсыз аймаққа айналуына қатты әсер етеді. Бұған «Өзбекстан ислам қозғалысының» өзі ғана ма, әлде «Әл-Қаида» сияқты басқа элементтердің қатысы бар ма – мұны анықтау үшін біз қазір олар туралы көбірек мәлімет жинап жатырмыз», – деді Абдали.


АУҒАН ӨЗБЕКТЕРІНЕ АРҚА СҮЙЕУ

«Өзбекстан ислам қозғалысының» «Талибанмен» байланысы 1990 жылдардың аяғында белгілі болды. Сол кездері ресми Ташкент өзбек генералы Абдул Рашид Достумды қолдаған соң Талибан жетекшілігіндегі ауған билігі оған жауап ретінде Орталық Азиялық «Өзбекстан ислам қозғалысының» бүлікшілерін қабылдаған болатын.

Бүгінгі күні «Өзбекстан ислам қозғалысы» Ауғанстанның Құндыз, Тахар және Бағлан өлкелерінде белсенділік танытып жүр делінеді.

Қыркүйек айында парламенттік сайлауларға түскен бұрынғы әскери қызметкер әрі этникалық өзбек саясаткері Асадулла Уалуалжидің айтуынша, «Өзбекстан ислам қозғалысының» бүлікшілері Құндыз өлкесінің үш ауданында белсенді іс-әрекет жасайды.

«Өзбекстан ислам қозғалысының» бұрынғы жетекшісі Тахир Юлдашты қолдаушылар Кал-е Зал мен Чахар Дара аудандарында орналасқан. Олар Тәжікстан және Өзбекстанмен шекаралас аймақтарға қол жеткізгісі келеді. Ал Дахт-е Арчи ауданында «Әл-Қаидамен»
«Талибан» мен «Әл-Қаида» солтүстік аймаққа ықпал еткісі келеді, себебі сол жерден Тәжікстан мен Өзбекстан сияқты Орталық Азия елдеріне бару оңай.
байланысы бар шешендер мен өзбектер және тәжіктер орналасқан», – деді Уалуали.

Уалуалидің айтуынша, «Әл-Қаидамен» тығыз байланыс орнатқан «Өзбекстан ислам қозғалысының» адамдары Ауғанстанның солтүстігіндегі басқа аймақтарында да болуы мүмкін. Бұған дәлел бар сияқты.

Қыркүйек айында НАТО күштері Тахар өлкесінде бір көлікті әуеден атқылап, «Өзбекстан ислам қозғалысының» жетекшісі және «жасырын» әкім орынбасарын өлтіргендерін хабарлаған болатын. Бірақ Ауған үкіметі НАТО хабарына күмән келтірген еді.

Парламенттік сайлауларға үміткер ретінде түскен Абдул Уахид Хорасани «менің көлігім нысанаға алынды» деп мәлімдеді. Хорасанидің айтуынша, әлгі шабуылда оның науқанын жүргізуге көмектескен адамдар мерт болған. Хорасани «Өзбекстан ислам қозғалысына» өзінің қатысы жоқтығын айтты. Алайда ауған билік орындарымен жүргізілген бірлескен тергеу ісінен кейін НАТО өз мәлімдемесін қайталады.

Парламентте Құндыз өлкесінің мүддесін қорғаған бұрынғы депутат Моин Мрастиалдың атап көрсетуінше, пәкістандық және ауғанстандық Талибанмен бірге «Өзбекстан ислам қозғалысы» Ауғанстанның солтүстігіндегі ірі исламшыл жихад қозғалысының бөлігі болып табылады.

«Құндызда түркімендер мен өзбектер және тәжіктер бар. Оларды нақты кім қолдап отырғандығын ешкім білмейді, бірақ жергілікті халық оларға пана мен азық-түлік береді. Егер адамдар оларды қабылдаудан бас тартса, олар ауғандық Талибанны» көмегімен ынтымақтасуға мәжбүр болады. Олар «ушр», яғни ислам бойынша фермерлік өнімдерге салынатын салықты жинайды», – дейді Мрастиал.


ТАЛИБАН БИЛІГІН ОРНАТУҒА ШАҚЫРУ

Бадахшан өлкесінен сайланған депутат Фаузия Куфи солтүстік аймақтарда уахаббиттер мен салафиттер және «Хизб-е Ислами» қолдаушылары орналасқанын айтады. Сонымен қатар ол «аймақтағы экстремистер есірткі саудасынан пайда көреді» деп атап көрсетті.

Куфидің айтуынша, Пәкістандағы экстремистерге қатысы бар исламшыл діни мектептер немесе медреселер ашық түрде Бадахшанда «Талибан» билігін орнатуға шақырып отыр.

«Әрине, Талибан мен «Әл-Қаида» солтүстік аймаққа ықпал еткісі келеді, себебі сол жерден Тәжікстан мен Өзбекстан сияқты Орталық Азия елдеріне бару оңай. Бұл мемлекеттер арқылы олар Ресейге де жете алады», – дейді Куфи.

Баглан өлкесінен шыққан саясаткер Мохаммад Асимнің мәлімдеуінше, бүлікшілік ауған үкіметінің әлсіздігімен тікелей байланысты.

«Солтүстіктегі халықтың қазіргі саяси жүйені қолдауы қиын болады. Бұл аймақтардың көбінде қабілеті мен түсінігі жоқ, жемқорлыққа батқан адамдар билікте отыр», – дейді Асим.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG