Accessibility links

СССР-дің күйреуі салдарынан Орталық Азия жанар-жағармайға жарымай қалды


"Интергаз Орталық Азия" газ құбыры желісіндегі апаттан кейінгі көрініс. Маңғыстау облысы, 22 қыркүйек 2010 ж.

"Интергаз Орталық Азия" газ құбыры желісіндегі апаттан кейінгі көрініс. Маңғыстау облысы, 22 қыркүйек 2010 ж.

Орталық Азия елдерінің кейбірі мол мұнай қорына ие. Солай бола тұрып, осы елдер өзін-өзі жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге дәрменсіз. Өзгелері отынды шеттен тасуға мәжбүр. Бұл оғаш жайттың себептері қарапайым - бәрі де СССР заманындағы жалпыға ортақ бірыңғай мұнай құбырының тоқтап қалуынан басталды.


Әлемнің энергетикалық қауіпсіздігі жүйесінде Орталық Азия көмірсутек шикізатының қорлары тұрғысынан маңызды өңірге айналды. Бұл өңірдің байлықтары көптеген әлемдік компаниялар үшін жіліктің майлы басы болды. Осы өңірде шығарылатын мұнай көлемі жыл санап артып барады. Энергетикалық ресурстарды әлемдік нарықтарға тасымалдап, өткізу жолға қойылған.

Бірақ Орталық Азия елдерінің өздерінің энергетикалық қауіпсіздігі алаңдатады. Мұнай өнімдерін іштей тұтыну мәселелері тұтас алғанда бірыңғайланбаған. Бұл, әсіресе, Қырғызстан мен Тәжікстанда айрықша шиеленісіп тұр. Мұндай түйткіл Өзбекстан, тіпті Қазақстанда да оқтын-оқтын бой көрсетіп тұрады.

БАКУДАН БІШКЕККЕ БАРАТЫН БЕНЗИН

Сыртқа әкетілетін мұнай мен мұнай өнімдеріне деген баж салықтарды арттыру туралы Кеден одағы мүшелерінің (Қазақстан, Ресей және Беларусь) шешімінен соң, Қырғызстан мен Тәжікстанның басына ауыр күн Бішкектен гуманитарлық жәрдем ретінде жеткізілген жанармай құйылған көлікті күзетіп тұрған қарулы адам. Ош, Қырғызстан, 17 маусым 2010 ж.

Бішкектен гуманитарлық жәрдем ретінде жеткізілген жанармай құйылған көлікті күзетіп тұрған қарулы адам. Ош, Қырғызстан, 17 маусым 2010 ж.

туды. Оларға не Кеден одағына ену барысын жылдамдатып, бұрынғы өзара сауда қатынастарын жаңғырту керек не болмаса жанар-жағармай материалдарын жеткізуші жаңа серіктестер іздеу керек болды.

Қырғызстанға жанар-жағармай жеткізіп тұрудың қолайлы жағдайларын талқылауға Әзірбайжан үкіметі ортақтасып отыр. Ендігіде Қырғызстан үшін бағасы арзан қолайлы мұнай-көлік дәлізін іздестіру мәселесі туындап отыр.

Қырғызстан әлемдік мұнай экспортерлерінің бірі Қазақстанмен шектесіп жатыр. Осы екі басшылары туыстық жайлы жиі айтады. Алайда ендігіде оған үміт артудың реті жоқ тәрізді.

Тәжікстан мұнай өнімдерін тұтынуды бірқатар қысқартып, шығынның орнын Түркіменстаннан жеткізілетін мұнай өнімдері есебінен аздап толтырды.

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ ИМПОРТЫ

2010 жылы Орталық Азия елдері 83,1 миллион тонна мұнай шығарды. Бұл өңірде жалпы қуаты 43,7 миллион тонна мұнай болатын жеті мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейді. Бірақ бұлардың жартысы толыққанды жұмыс жасамайды.

Қазақстан – бұл өңірдегі басты мұнай экспортері. Сөйтіп отырып бұл ел жанар-жағармайды Ресейден тасиды. Биыл Орталық Азия мен Ресейді жалғайтын газ құбырындағы дәнекерлеу жұмыстары. Ресей-қазақ шекарасындағы Александров Гай елді мекені, 13 қыркүйек 2007 ж.

Орталық Азия мен Ресейді жалғайтын газ құбырындағы дәнекерлеу жұмыстары. Ресей-қазақ шекарасындағы Александров Гай елді мекені, 13 қыркүйек 2007 ж.

сегіз айдың ішінде елге 960,7 миллион доллардың 941,9 мың тонна мұнай өнімдері әкелінді. Бұл Астана мұнай өнімдерінің экспортына оқтын-оқтын, әсіресе ауыл шаруашылығы жұмыстары мезгілінде тыйым салып отырған кезінде өрістеп отыр.

Қырғызстан былтыр елге 423,8 мың тонна автокөлік бензинін, 247,9 мың тонна дизель жанармайын, 128,5 мың тонна отын мазутын әкелді. Бүгінгі күні бензин мен дизель жанармайын сыртқа шығаруға осы жерде де алты айға тыйым салынып отыр.

Былтыр Тәжікстан 435,2 миллион долларлық 629,7 мың тонна мұнай өнімдерін сырттан әкелді. Ал Өзбекстан былтырғы жылы төрт миллионнан астам тонна мұнайды шеттен әкелді.
Сонда тек Түркіменстан ғана сырттан әкелмей, өзін жанар-жағармай материалдарымен толық қамтамасыз етіп отыр. Өндірілген мұнай өнімдерінің бір бөлігін Ашғабад сыртқы нарыққа да шығарып отырады.

МҰНАЙ БАР, БЕНЗИН ЖОҚ

Осыншама таңқалдырарлық жағдайдың бірнеше себебі бар. Негізгі өнеркәсіптік обьектілер мен ауыл шаруашылық аудандары Орталық Азияның халық тығыз орналасқан оңтүстік-шығысында жайғасқан. Тиісінше бұл арада мұнай өнімдерін тұтыну көлемі жоғары. Осы өңірдің оңтүстігінде төрт мұнай өңдеу зауыты орналасқан: Қазақстанда – "Шымкентмұнайоргсинтез" (ШМОС), Түркіменстанда – Сеийдинск мұнай өңдеу зауыты, Өзбекстанда – Ферғана және Бұхарадағы мұнай өңдеу зауыттары бар.

Өңірдегі мұнай кен орындарының басты қорлары болса батыста Каспий жағалауы ауданында орналасқан. Мұнда бар болғаны екі-ақ Алматының шетіндегі жанармай бекетінде қаңтарылып тұрған полиция көліктері. Алматы, 11 наурыз 2011 ж. (Көрнекі сурет)

Алматының шетіндегі жанармай бекетінде қаңтарылып тұрған полиция көліктері. Алматы, 11 наурыз 2011 ж. (Көрнекі сурет)

мұнай өңдеу зауыты: "Қазақстандағы Атырау мұнай өңдеу зауыты" және Түркіменстандағы Мұнай өңдеу зауыттарының Түркіменбашы кешені (ТКНПЗ) жұмыс жасайды.

Қазақ мұнай өңдеу зауыттары ішкі мұнай құбырларымен байланыста, толық қарқынмен істеп тұрған тұста оның оңтүстік көршілерінің жағдайы өзгеше.

Түркімен мұнай өңдеу зауыттарындағы көмірсутек шикізатының тапшылығы оның толыққанды жұмыс істеуіне қолбайлау болып отыр. Екіншіден, Сейидинск мұнай өңдеу зауыты елдің шығысында, батыстағы меншікті мұнайлы кен орындарынан алшақ жатыр.

Түркіменстанда батыстағы кен орындарын шығыстағы өңдеуші күштермен байланыстыра алатын ішкі мұнай құбыры жоқ. Мұнайды цистерналармен темір жол арқылы әкеліп отырады. Ашғабад орталығын түбегейлі қалпына келтіруге және Түркіменстандағы жаңа қала құрылысына қаржы табылғанымен, мұнай құбырын тартуға ондай қаражат көзделмеді. Қазақстанда да тура осындай жағдай. Қазақстанда ел дамуына зарар тигізе отырып, жаңа астананың іргесін көтерді.

Өзбек мұнай өңдеу зауыттары да мұнай жетіспеушілігінен зиян көруде.

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ АВТОРИТАРИЗМ

Жанар-жағармайды Африкадан да әкелуге болады. Бірақ бұл - еңбек еш қылатын әрекет. Орталық Азия мемлекеттерін байланыстырып тұрған жалғыз мұнай құбыры совет заманында салынған болатын. Бұл мұнай құбыры Тюмень (Ресей), Шымкент (Қазақстан), Бұхара (Өзбекстан) мен Чарджоу (Түркіменстан) қалаларын жалғап тұрады. Осы құбыр желісі Орталық Азиядағы төрт мұнай өңдеу зауытын өзара жалғастырады.

Аталмыш мұнай құбырын тиімді пайдаланған жағдайда өңірдегі барша Қазақстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Қытай басшылары Түркіменстанды Қазақстан және Өзбекстан арқылы Қытаймен байланыстыратын табиғи газ құбыры желісінің ашылу рәсімінде. Түркіменстан, 15 желтоқсан 2009 ж.

Қазақстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Қытай басшылары Түркіменстанды Қазақстан және Өзбекстан арқылы Қытаймен байланыстыратын табиғи газ құбыры желісінің ашылу рәсімінде. Түркіменстан, 15 желтоқсан 2009 ж.

мемлекеттер ұтады. Мысалы, өзбектер мен түркімендер мұнайды ресейліктер мен қазақстандықтардан сатып алып, өз мұнай өңдеу зауыттарын толықтай жұмыс істете алады. Осылайша олар жанар-жағармай материалдарына деген өздерінің де, көршілерінің де қажеттіліктерін өтей алады. Бір жақсысы өңдеуші күштері бар. Немесе өзбектер мен түркімендер қырғыздар немесе тәжіктер сатып алған мұнайды өздерінің өңдеуші күштерінде өңдей алады.

Ықпалдасу жолдары жеткілікті, тек келіссөз жүргізу қажет. Сірә, өңірдің авторитарлы лидерлерінің өзара қарым-қатынастарындағы ерекшеліктер іске кедергі жасайтын сияқты.

Қазақстан мен Түркіменстан жаңа мұнай өңдеу зауыттарын салып, мұнай өңдейтін саланы жетілдіруді жоспарлап отыр. Тәжікстан Душанбе түбінде келесі жылы іске қосуы жоспарланған шағын мұнай өңдеу зауытын салып жатыр.

Сонда еш қиындықсыз өзін-өзі меншікті шикізатпен толық қамтамасыз ете алатын тек Қазақстан ғана. Қазақстанға көршілес елдер ресурстық және мұнай құбыры базасына қатысты қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр. Ал Қазақстанда бәрі де тиімсіз басқаруға келіп тіреледі: билік жаңа мұнай өңдеу зауытын салу жайлы шешім қабылдауға асықпай отыр.

Бұған қоса, Қазақстан ресурстық базасы жеткілікті болған жағдайда қосымша мұнай құбырларын да сала алады. Қазақстанның сондай-ақ бір емес, бірнеше мұнай өңдеу зауытын салып, Орталық Азия елдерін ғана емес, Ауғанстандағы, одан қалды Қытайдың біраз бөлігіндегі мұнай өнімдері нарығын қанағаттандыруға шамасы жетеді.

Шикізат әрдайым өнімнің өзінен әлдеқайда арзан. Бұған қарамастан Қазақстан әзірше шикі мұнайды өңдеуден гөрі, сыртқа шығаруды жөн көруде. Тек 2010 жылдың өзінде Қазақстан Атасу-Алашанькоу мұнай құбырымен Қытайға 10,1 миллион тонна мұнай жөнелтті. Бұл мұнайды Аспан асты ел аумағындағы үш мұнай өңдеу зауыты қажетке жаратады. Болашақта аталмыш мұнай құбыры арқылы 20,1 миллион тонна мұнайға дейін өнім тасымалдауды арттыру көзделіп отыр.

(Мақалада Орталық Азия елдерінің министрліктері мен мекемелерінің статистикалық деректері пайдаланылды).

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG