Accessibility links

Чемпиондардың болашақ жоспарлары белгілі бола бастады


Бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев. Лондон, 12 тамыз 2012 жыл. Сурет Facebook әлеуметтік желісінен алынды.

Бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев. Лондон, 12 тамыз 2012 жыл. Сурет Facebook әлеуметтік желісінен алынды.

Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев келесі олимпиадаға қатыспайтынын мәлімдеді, ал күміс жүлдегер Әділбек Ниязымбетов 1келесі ойындарда алтын алсам1 дейді.

Сәпиев - олимпиада ойындарының, әлем чемпионатының (екі рет алған), Азия ойындарының, Қазақстан біріншілігінің алтынын иеленген әлемнің үздік боксшыларының бірі.

СӘПИЕВ – КӘСІПҚОЙ БОКСҚА КЕТЕДІ

Серік Сәпиев (69 килограмм) қазақстандық ақпарат агенттіктеріне берген сұхбатында 2016 жылы Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтетін олимпиада ойындарына қатыспайтынын және кәсіпқой бокспен айналысатынын мәлімдеді.

Ол - қазақ спортшыларының ішінде Шәміл Серіков пен Жақсылық Үшкемпіровтен кейінгі алтыны көп спортшы.

Шәміл Серіков - грек-рим күресінен олимпиада чемпионы (1980), екі дүркін әлем чемпионы (1978, 1979) және Еуропа чемпионы (1979). Ал Жақсылық Үшкемпіров - 1980 жылғы олимпиада, 1981 жылғы әлем чемпионы.

НИЯЗЫМБЕТОВ РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРОҒА БАРАДЫ

Лондонда бокстан күміс жүлде алған Әділбек Ниязымбетов (81 килограмм) төрт Лондон олимпиадасының қола жүлдегері, қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов. Лондон, 8 тамыз 2012 жыл.

Лондон олимпиадасының қола жүлдегері, қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов. Лондон, 8 тамыз 2012 жыл.

жылдан кейін өтетін олимпиадаға қатысатынын мәлімдеді. Боксшы Бразилияда өтетін ойындарда алтын алсам дейді.

Бокстан қола жүлде алған Марина Вольнова (75 килограмм) да «біраз тынығып алған соң, келесі олимпиадаға дайындықты бастаймын» деп отыр.

Аса ауыр салмақта қола жүлде алған боксшы Иван Дычко әзірге жоспарларын жариялаған жоқ.

ИЛЬИН ЖОҒАРЫ САЛМАҚ ДӘРЕЖЕСІНЕ ӨТЕДІ

Илья Ильин келесі олимпиада туралы жоспарын әлі жариялаған жоқ. Бірақ 94 килограмм салмақ дәрежесінен 105 килограмға өтетінін мәлімдеді. Бір қызығы, Лондон олимпиадасының чемпионы, қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин. Лондон, 4 тамыз 2012 жыл.

Лондон олимпиадасының чемпионы, қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин. Лондон, 4 тамыз 2012 жыл.

Ильин Лондон олимпиадасына 105 килограмм салмақ дәрежесі бойынша қатысса да алтын алатын еді. Ауыр атлет 94 килограмм бойынша 418 килограмм көтерді. Ал 105 килограмм салмақ дәрежесі бойынша олимпиада чемпионы атанған украиналық Олексий Торохтий Ильиннен аз - 412 килограмм көтерді.

Зүлфия Чиншанло (53 килограмға дейін), Майя Манеза (63 килограмға дейін), Светлана Подобедова (75 килограмға дейін) үштігі ендігі олимпиадаға бару-бармау жоспарын жариялаған жоқ. Алайда Қазақстан ауыр атлетика құрамасының бапкері Алексей Ни үш айдан кейін бұл чемпиондар 2013 жылы Варшавада (Польша) өтетін әлем біріншілігіне дайындықты бастайтынын мәлімдеді.
Солдан оңға қарай: Лондон олимпиадасының чемпиондары, қазақстандық ауыр атлеттер Майя Манеза, Зүлфия Чиншанло, Светлана Подобедова. Алматы әуежайы, 8 тамыз 2012 жыл.

Солдан оңға қарай: Лондон олимпиадасының чемпиондары, қазақстандық ауыр атлеттер Майя Манеза, Зүлфия Чиншанло, Светлана Подобедова. Алматы әуежайы, 8 тамыз 2012 жыл.


Велоспортшы Александр Винокуров олимпиададан кейін спорттан кетіп, бапкерлікпен айналысатынын айтқан еді.

Винокуров енді «Астана» велокомандасының менеджері болып қызмет жасауы мүмкін.

РЫПАКОВА «ӘЛЕМ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТСАМ» ДЕЙДІ

Жеңіл атлетикадан олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова енді әлем рекордын жаңартуды мақсат тұтады. Спортшы бұл жайында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың қабылдауында мәлімдеді.

Ұзындыққа секіруден әлем рекорды – 15 метр 50 сантиметр. Әлемдегі ең үздік нәтиженің иесі – Инесса Кравец (Украина, рекордты 1995 жылы жасаған).
Лондон олимпиадасының чемпионы, қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова. Лондон, 5 тамыз 2012 жыл.

Лондон олимпиадасының чемпионы, қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова. Лондон, 5 тамыз 2012 жыл.


Күрестен Лондонда қола жүлде алған Гөзел Манюрова (72 килограмм) да 2016 жылғы олимпиадаға қатыссам дейді. Қазір балуанның жасы 34-те. Бұл жасына қарамастан спортшы алтын алу үшін күреспек.

Бүгінде Манюрованың қоржынында олимпиаданың күмісі мен қоласы бар. Ол Афина ойындарына Ресейдің атынан қатысып, екінші орын алған.

Ал еркін күрестен Лондон олимпиадасының қола жүлдегері атанған Ақжүрек Таңатаров (66 килограмм) пен грек-рим күресінен қола медаль тағынған Даниял Гаджиев (84 килограмм) әзірге келешек жоспарлары туралы мәлімдеме жасаған жоқ.

Олимпиададан Қазақстан командасы 13 медаль әкелді (жетеуі – алтын, біреуі – күміс, бесеуі – қола, жалпы командалық есепте 12-орын алды.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG