Accessibility links

Алматылықтар чемпион қыздарды қарсы алды


Лондон олимпиадасының чемпиондары, қазақстандық ауыр атлеттер Зулфия Чиншанло, Майя Манеза және Светлана Подобедоваларды жанкүйерлер мен қала басшылығы қарсы алды.

Лондон олимпиадасында чемпион атанған қазақстандық ауыр атлеттер Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза және Светлана Подобедова бүгін таңертең Қазақстанға оралды.

Азаттық тілшісінің байқауынша, оларды Алматы әуежайында журналистер мен жанкүйерлер, шенеуніктер қарсы алды. Мұнан соң арнайы көлікпен алып кетті. Ауыр атлеттермен бірге олардың жаттықтырушысы Александр Ни де келді.

Алексей Ни пресс-брифингте Қазақстан ауыр атлеттерінің ұлттық құрамасының бас бапкері болып қала беретінін мәлімдеді. Өткен аптада Александр Ни бапкерлік қызметтен кететінін айтқан еді. Бүгін ол:

- Бас бапкер қызметінен кететінім туралы алдыңғы мәлімдемем қазақстандық ауыр атлеттер олимпиаданың төртінші алтынын алған кезде, көңіл-күйдің әсерімен айтылған еді. Қатты шаршадық, ол да әсер етті. Содан кейін барып мен өмірімнің спортқа арналғанын түсіндім. Енді біраз демалу керек, содан кейін келесі олимпиадаға дайындыққа кірісеміз, - деді.

Тамыздың 8-і күні Алматыға келген ауыр атлеттер - Зүлфия Чиншанло 53 килограмм салмақта жұлқа және серпе көтеру бойынша жалпы есепте 226 килограмды көтерді, өзі 2011 жылы орнатқан әлем рекордын қайта жаңартты; 63 килограмм салмақтағы Майя Манезаның қоссайыста көтерген жалпы көрсеткіші - 245 килограмм; 75 килограмм салмақ бойынша олимпиада жарысына қатысқан Светлана Подобедова 291 килограмды бағындырды.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG