Accessibility links

Сырқат сәбиге көмек сұрау азаматтық акцияға ұласты


Лиза Грачева, жілік майын ауыстыруға қаржы керек сырқат қыз бала. Фото Николай Ануфриевтен алынды.

Лиза Грачева, жілік майын ауыстыруға қаржы керек сырқат қыз бала. Фото Николай Ануфриевтен алынды.

Астанада қан рагына шалдыққан екі жасар Лиза Грачеваның жілік майын ауыстыру үшін жасалатын операцияға қаржы жинап жатыр. Көмек сұрау акциясы туралы Қазақстаннан да тыс жерлердегі жұрт құлағдар бола бастаған. Жас балаға көмектесу үшін ресейлік танымал рок әншілер Астанадағы концертке қатысты.


Лиза Грачеваға жасалатын операцияға қажетті қаржы жинау бойынша қайырымдылық шаралары ретінде жоспарланған үш концерттің алғашқысы наурыздың 31-і Астанада өтті.

РОК-МУЗЫКАНТТАРДЫҢ ҮНДЕУІ

"Лизаның күні" деп аталған қайырымдылық концертінде қазақстандық "ЗеРКало", "NovaKain", "Пятый угол", "Metafolk Inc." атты рок топтар және Евгений Кугай мен Андрей Супрунович есімді музыканттар өнер көрсетті. Ресейлік «Маша и медведи» тобы арнайы қонақ ретінде ән шырқады. Бұл топ кезінде "Любочка" әні арқылы танылған еді.

Ресейлік топтың әншісі Мария Макарова Азаттық радиосының тілшісіне болашақта Астанаға Лизаның тәуір болып кеткенін көру үшін тағы келгісі келетінін айтты.
"Маша и медведи" тобы ән айтып тұр. Әнші Мария Макарова сол жақта. Астана, 31 наурыз 2012 жыл.

"Маша и медведи" тобы ән айтып тұр. Әнші Мария Макарова сол жақта. Астана, 31 наурыз 2012 жыл.


- Бізді біріктіріп тұрған жүрегіміздегі махаббат осы кішкентай қызға дем болып, жанын жылытсын, - дейді әнші.

"Маша и медведи" тобынан бөлек концертте белгілі ресейлік рок әншілері Сергей Галанин, Борис Гребенщиков, Владимир Шахрин және «Кипелов» тобының видео-үндеулері көрсетілді. Олар Лизаның тезірек жазылып кетуін тілеп, ән айтып жатты.

ҮШ КОНЦЕРТ

Лиза Грачеваның отбасында музыканттар жоқ. Оларға концерт ұйымдастыру бойынша жәрдем етіп жүргендер - кішкентай қыздың денсаулығын уайымдаған қарапайым қала тұрғындары. Концерт жүргізушісі сахнадан арнайы оқып шыққан демеушілер тізіміндегі адамның көп екенін байқалды.

"Лиза күнінің" ұйымдастырушысы Николай Ануфриев концертті "Гвозди" шығармашылық бірлестігі Астана, Қарағанды және павлодар қалаларындағы рок топтарымен бірлесіп өткізгенін айтады. Астана қаласының әкімшілігі «Жастар» сарайының сахнасын берген.
Николай Ануфриев, "Лизаның күні" акциясын ұйымдастырушы. Астана, 31 наурыз 2012 жыл.

Николай Ануфриев, "Лизаның күні" акциясын ұйымдастырушы. Астана, 31 наурыз 2012 жыл.


Николай Ануфриев Лиза Грачеваның әкесімен концерт өткен күннен бір ай бұрын ғана танысқанын айтады.

- Аяқ-астынан қаржы жинау үшін концерт өткізу туралы ой сап ете қалды. Музыканттарға хабарласып едім, бәрі қуана-қуана қолдай кетті, - дейді Ануфриев.

Келесі екі концерт сәуірдің 6-сы Қарағандыда, сосын сәуірдің 7-і қайта Астанада өтпекші. Билет құны - 1 мың теңге. Ұйымдастырушылар 10 мың АҚШ долларына тең қаражат түсіреміз деп жоспарлап отыр.

КҮДІКТІ ЖЕҢУ

Лиза Грачеваның сырқаты туралы ақпарат Астана тұрғындарының біразына белгілі. Өйткені кішкентай қыз туралы ақпаратты қала автобустарындағы жарнамалардың арасынан көруге болады. Оның әкесі Олег Грачев жұртты Лизаның рас өмірде бар адам екеніне сендіру қиынға түсті дейді. Былтырғы қараша айында ол «Одноклассники» әлеуметтік желісінде "Лиза Грачеваға көмек" тобын құрған. Лиза туралы жеке вебсайт та бар.

- Маған баланың атын пайдаланып ақша тапқысы кеп жүрген алаяқсың деп жазғандар да болды. Бірақ кейін ақпаратты тексерген соң көпшілігі сенді, - дейді Олег Грачев.
Олег Грачев, қан рагына шалдыққан екі жасар Лизаның әкесі. Астана, 31 наурыз 2012 жыл.

Олег Грачев, қан рагына шалдыққан екі жасар Лизаның әкесі. Астана, 31 наурыз 2012 жыл.


Оның айтуынша, әйелі екеуі қызы жеті айға толғанда сырқат екенін білген.

- Бала көз алдымызда солып бара жатты. Талып қала берді. Дәрігерлер тісі шығып келеді деді. Сөйтсек, тістің мүлдем қатысы жоқ екен. Қан анализін тапсырып ек, барлық көрсеткіші нашар боп шықты. Бірден реанимацияға түсті... Алматыдағы Хирургия мен педиатрия ғылыми орталығында лейкоз деген диагноз қойды, дейді Олег Грачев.

Лиза қазір Астанадағы Ана мен бала орталығында химиотерапия алып жатыр. Әкесінің айтуынша, жілік майын ауыстырмаса болмайды, химиотерапиядан пайда жоқ. Ал мұндай операцияны тек Германияда жасауға болады. Құны - 300 мың евро.

- Қазір 60 мың евро жинадық. Оның 18 мыңын төлеп қойдық. Өйткені осынша ақша төлегесін барып донор іздей бастайды. Оны табуға төрт ай уақыт кетеді екен. Дәл қазір есеп-шотымызда 42 мың евро бар, - дейді Лизаның әкесі.

Олег Грачевтің айтуынша, қызына қаржы жинау үшін Астанадағы қоғамдық орындарға жеті жерден жәшкі қойған. Оның өз жалақысы 74 мың теңге (375 евро).

Лизаға көмектескісі келетін адамдар үшін төменде оның банк есеп-шот мәліметін келтірдік.

Сбербанктегі есеп-шот, алушы - ЧФ «Частный Благотворительный Фонд «Қасиетті Жол»

РНН: 620500001886
БИН: 090940011497
ИИК: KZ66914398416BC08178 KZT Филиал ДБ АО Сбербанк
БИК: SABRKZKA
кбе: код 18
Мекен-жайы: 010000, Қазақстан республикасы, Астана қаласы, Қорғалжын шоссесі, 8, 7 қабат, 717-кабинет

Тел: +7 (7172) 70 28 68, +7 701 777 8052

Лизаның үш банктегі жеке есеп-шоты:

«Цеснабанк» АҚ

РНН: 031412320398
БИК: TSESKZKA
ИИК: KZ89998BTB0000101110
Грачев Олег Владимирович – Лизаның әкесі.

«Қазақстанның халық банкі» АҚ

РНН: 031412320398
БИК: HSBKKZKX
ИИК: KZ516010002001294581
Грачев Олег Владимирович – Лизаның әкесі.
кбе: 19 КНП 710

«Казкоммерцбанк» АҚ

Карта нөмірі: 4177 7971 5853 0535 – Грачев Олег Владимирович
РНН: 031412320398

Лиза Грачеваның вебсайты: http://gracheva-liza.ucoz.net/
Олег Грачевтің телефоны: + 7 775 639 84 07
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG