Accessibility links

Бірінші Чат-Айтыс: Бақдәулет пен Асылбек


Чат-Айтыстың төртінші жұбы - Асылбек Есжан (сол жақта) және Бақдаулет Байсалбаев. (Суреттер жеке мұрағаттан алынған).

Чат-Айтыстың төртінші жұбы - Асылбек Есжан (сол жақта) және Бақдаулет Байсалбаев. (Суреттер жеке мұрағаттан алынған).

Азаттық сайтында өтіп жатқан Чат-Айтыстың бірінші кезеңінің төртінші жұбы ретінде Бақдәулет Байсалбаев пен Асылбек Есжан сөз сайыстырды. 9-8 есебімен жеңіске жеткен Асылбек ширек финалға шықты.

Бақдәулет Байсалбаев 1985 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қармақшы ауылында дүниеге келген. Өзінің сөзіне қарағанда, экономист және мұғалім мамандығын игерген, бірақ қазір Қызылорда қаласында жеке кәсіппен айналысады. «Айтыс десе арқасы қозатынын» айтқан Бақдаулет бағын Азаттықтың чат-айтысында сынап көрмек.

Бақдәулеттің қарсыласы Асылбек Есжан Атырау облысы Доссор кентінде туған. Атырау мұнай жане газ институтының экономика факультетінде оқып жүрген Асылбек «болашақ мамандығым экономика саласы болғанымен сөз өнерінен алшақ емес» дейді. Осы күнге дейін облыстық айтыстарда бағын сынаған үміткеріміз бірнеше мәрте жүлдегер болғанын айтты.

Құрметті оқырман, Чат-айтыстың қатысушылары қайым айтыс жасап жатқанда немесе айтыс біткен соң үш күннің ішінде Азаттық вебсайтына я тіке, я Facebook арқылы тіркеліп кіріп, коммент ретінде жарияланатын әрбір шумаққа жеке дауыс бере аласыздар. Дауыс беру үшін + (Ұнайды) деген белгіні басасыздар.

Чат-айтыстың ережесін мына жерден оқыңыздар.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG