Accessibility links

Бірінші Чат-Айтыс: Нағашыбай мен Салтанат


Нағашыбай Есмырзаев, чат айтысқа қатысушы. Сурет автордың рұқсатымен алынған.

Нағашыбай Есмырзаев, чат айтысқа қатысушы. Сурет автордың рұқсатымен алынған.

Азаттық сайтында өтіп жатқан Чат-Айтыстың бірінші кезеңінің соңғы жұбы - Нағашыбай Есмырзаев пен Салтанат Мәнжарұлы сөз сайыстырады.

Нағашыбай Есмырзаев 1960 жылы дүниеге келген.

Ақтөбе қаласындағы теміржол көлігі техникумын бітірген. Еңбек жолын Шалқар қаласындағы энергиямен қамтамасыз ету мекемесінде бастаған Нағашыбай Алматыдағы Халық шаруашылығы институтында тарих, әлеуметтану және саясаттану пәндерінен сабақ бергенін айтты.

2006 жылдан бері тіркелмеген «Алға» партиясының мүшесі.

Салтанат Мәнжарұлы - 1973 жылы туған. «Қостанай қаласында тіл-әдебиет мамандығы бойынша білім алғанын» айтқан Салтанат аудандық ішкі саясат бөлімінде қызмет істейді.

Өзі жайлы аса көп мәлімет беруді қаламаған ол «Өлең жазуға бала күннен құмар болғанын, тіпті оқушы күнінде айтыстарға қатысқанын» ғана айтты.

Құрметті оқырмандар, Чат-айтыстың қатысушылары қайым айтыс жасап жатқанда немесе айтыс біткен соң үш күннің ішінде Азаттық вебсайтына я тіке, я Facebook арқылы тіркеліп кіріп, коммент ретінде жарияланатын әрбір шумаққа жеке дауыс бере аласыздар. Дауыс беру үшін + (Ұнайды) деген белгіні басасыздар.

Чат-айтыстың ережесін мына жерден оқыңыздар.

Бұл тақырыпты автордың Facebook-тегі жеке парағында да талқылай аласыздар.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG