Accessibility links

Бірінші Чат-Айтыс: Сарыбала пен Тұрсынбай


Тұрсынбай Жайымбетов, чат айтысқа қатысушы. (Сурет жеке мұрағаттан алынған).
Тұрсынбай Жайымбетов, чат айтысқа қатысушы. (Сурет жеке мұрағаттан алынған).
Азаттық сайтында өтіп жатқан Чат-Айтыстың 1/4 финалының үшінші жұбы ретінде Сарыбала мен Тұрсынбай Жайымбетов сөз сайыстырды. Қазанның 21-і күнгі түскі сағат 14.00-дегі қорытынды бойынша 151-66 есебімен Сарыбала жеңіске жетті.

Қайым айтыстың алғашқы кезеңінде астаналық Әсел Назаралымен сөз сайыстырып, 24-12 ұпайымен жеңіске жеткен Сарыбала лақап есімді айтыскер оқырмандар тарапынан ерекше қолдауға ие болған еді. «Шын атымды жүлдегер болған сәтте бір-ақ айтамын» деген Сарыбала өмірде өзін айналасындағылар да осылай атайтынын ескертті.

Сарыбаланың қарсыласы Тұрсынбай Жайымбетов бұған дейін Қарабала лақап есімді айтыскермен сөз сайыстырған еді. Екінші кезеңде Сары балаға жолығатынын естіген ол «Біріншісі – қара, екіншісі – сары. «Цветной» болды ғой менің қарсыластарым» деп күлген еді. Қарабаланы 10-20 есебімен жеңген Тұрсынбай «бұл жолы да осы үддеден шығуды мақсат тұтып отыр».

Құрметті оқырмандар, Чат-айтыстың қатысушылары қайым айтыс жасап жатқанда немесе айтыс біткен соң үш күннің ішінде Азаттық вебсайтына я тіке, я Facebook арқылы тіркеліп кіріп, коммент ретінде жарияланатын әрбір шумаққа жеке дауыс бере аласыздар. Дауыс беру үшін + (Ұнайды) деген белгіні басасыздар.

Чат-айтыстың ережесін мына жерден оқыңыздар.

Бұл тақырыпты автордың Facebook-тегі жеке парағында да талқылай аласыздар.
XS
SM
MD
LG