Accessibility links

Бірінші Чат-Айтыс: Әуелхан пен Тұрсынбай


Тұрсынбай Жайымбетов. (Сурет жеке мұрағаттан алынған).

Тұрсынбай Жайымбетов. (Сурет жеке мұрағаттан алынған).

Азаттық сайтында өтіп жатқан Чат-Айтыстың жартылай финалының соңғы жұбы болып 25 қазан күні сағат 14.00-де Тұрсынбай Жайымбетов пен Әуелхан Шонжан сөз сайыстырады.

Тұрсынбай Жайымбетов Чат-Айтыстың алғашқы кезеңінде Қарабаламен айтысып, 20-10 есебімен жеңісе жетсе, екінші айналымда Сарыбаладан 151-66 есебімен қапы қалған. Алайда жеңілгендердің арасынан көп дауыс жинағаны үшін жартылай финалға қатысуға мүмкіндік алды. Себебі ақтөбелік Мұсағали Тасқалиев жеңгенімен, жолсапарға шығуына байланысты айтысқа қатыса алмайтынын айтып бас тартқан.

Тұрсынбайдың қарсыласы Әуелхан Шонжан қайым айтыстың алғашқы кезеңінде қарағандылық Амангелді Құрақбаймен сөз жарыстырып, 16-39 есебімен жеңіске жетсе, екінші айналымда алматылық Нағашыбай Есмырзаевты 31-13 есебімен қапы Әуелхан Шонжан. (Сурет жеке мұрағаттан алынған).

Әуелхан Шонжан. (Сурет жеке мұрағаттан алынған).

​ қалдырған. Азаттықты қалт жібермей қарап отыратынын айтқан Әуелхан «Менің басты ұстанымым – өтірік айтпау» дейді.

Құрметті оқырмандар, Чат-айтыстың қатысушылары қайым айтыс жасап жатқанда немесе айтыс біткен соң үш күннің ішінде Азаттық вебсайтына я тіке, я Facebook арқылы тіркеліп кіріп, коммент ретінде жарияланатын әрбір шумаққа жеке дауыс бере аласыздар. Дауыс беру үшін + (Ұнайды) деген белгіні басасыздар.

Чат-айтыстың ережесін мына жерден оқыңыздар.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG