Accessibility links

Бірінші Чат-Айтыс: Шыңғыс пен Асылбек


Шыңғыс Маман. (Сурет жеке мұрағаттан алынған).

Шыңғыс Маман. (Сурет жеке мұрағаттан алынған).

Азаттық сайтында өтіп жатқан Чат-Айтыстың 1/4 финалына шыққан алғашқы жұп – Шыңғыс Маман мен Асылбек Есжан болатын. Қазанның 19-ы күні түскі сағат 14.00-дегі қорытынды бойынша 40-29 есебімен жеңген Шыңғыс жартылай финалға өтті.

Қайым айтыстың алғашқы кезеңінде Қызылордалық Олжас Құлымбаймен сөз сайыстырып, 40-19 есебімен жеңіске жеткен Шыңғыс Маман екінші айналымда тағы бір мәрте өзінің ақындық қабілетін сынауға мүмкіндік алды.

Шыңғыстың алғашқы қарсыласы Олжас Құлымбай «облыстық, аудандық сөз сайыстарында бағын сынап, жүлделі орындардан көрініп жүргенін» айтқан болатын.

Алайда соған қарамастан Шыңғыс Маман оқырмандар тарабынан көп дауыс жинау арқылы қарсыласын жеңіп кеткен.

Шыңғыстың бұл жолғы қарсыласы Асылбек Есжан облыстық, аудандық айтыстарда бағын сынап көрген. Қарсыласы Бақдаулет Байсалбаевты 9-8 есебімен жеңген Асылбек Есжан. (Суреттер жеке мұрағаттан алынған).

Асылбек Есжан. (Суреттер жеке мұрағаттан алынған).

Асылбек «бұйыртса бұл жолы да жеңісті қарсыласымның қолынан жұлып аламын» дейді.

Құрметті оқырмандар, Чат-Айтыстың қатысушылары қайым айтыс жасап жатқанда немесе айтыс біткен соң үш күннің ішінде Азаттық вебсайтына я тіке, я Facebook арқылы тіркеліп кіріп, коммент ретінде жарияланатын әрбір шумаққа жеке дауыс бере аласыздар. Дауыс беру үшін + (Ұнайды) деген белгіні басасыздар.

Чат-айтыстың ережесін мына жерден оқыңыздар.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG